«Сегіз қырлы, бір сырлы сал-серілерім»



Дата03.12.2023
өлшемі15,58 Kb.
#132941

Шығарма
«Сегіз қырлы, бір сырлы сал-серілерім»
Сал-сері – әдебиет тарихында да, музыка жағынан да өзіндік орын алатын, халықтың ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген талант иегері десек қателеспейміз. Әдебиет тарихында музыка мен әдебиет туын қатар алып жүріп, әдебиет саласына, дәстүрлі музыка саласына өзіндік бір үлесін қосып кеткен, ән өнерінің саңлағы да, артына саф мұра, өлмейтін өнер қалдырып кеткен де, жыр жауһары, дүлдүл ақын атанған да осы сал-серілер еді. Сал-серілердің құйқылжытып шырқаған әсем үні мен қоңыр дауысын, саналы сөздерін құлақ салып тыңдаған әрбір жанның тұла бойы тебіренбеске болмас. Сал-серілердің жан досы да, серігі де ұлттық аспабымыз домбыра аспабы екені, домбырамен бірге шыққан күміс көмейлі үннің еліктіріп, баурап әкететіні де бәрімізге тайға таңба басқандай айқын екені рас. Қазақ тарихында ерекше өнерлік қасиетімен танылған, халықтың айрықша құрметіне ие болған сал-серілеріміз жетерлік. Сал-серілік өнерінің бастауы әдебиет тарихында есімдерін алтын әріппен жазып кеткен Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Балуан Шолақ аталарымыздан нәр алады. Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Балуан Шолақ аталарымызға тоқталып өтетін болсақ, Біржан сал сол заманның дүлдүлі, бұлбұлы атанған, дүйім жұрттың сүйікті ақыны, сазгері болған тұлға екенін бәріміз оқып, білгенбіз. Біржан салдың күміс көмейінен шыққан қоңыр үнді әндері сезімді, сұлулықты жырлаған құндылығымен құнды. Жаяу Мұса атамызға келетін болсақ, Жаяу Мұса – сол дәуірді өзінің өнерлік қасиетімен, талантымен паш еткен биік нар тұлғалы сал-сері. Жаяу Мұса әдебиеттің сал-серілік өнеріне тың шығармашылық жаңалықтар енгізген, үн, әуен сазын биік белестерге көтере білген дарынды, ұлағатты тұлға. Сал-серілердің ішінде аңшылық, атбегілік өнерімен де айналысқан Ақан сері атамыз болды. Ақан сері – әнші, ақын, композитор болған қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі. Ақан сері атамыз тек қана сал-серілік өнерімен ғана емес, айтып өткеніміздей аңшылық, атбегілік өнерімен де айналысқан.  Ақан серінің бар қуанышы мен жұбанышы, қазынасы жүйрік аты Құлагері мен қыран құсы Қараторғайы, құмай тазысы Базарала болған екен. Ақынның сүйікті досына, серігіне айналған жүйрік аты, яғни, сәйгүлігі мен қырағы көз қыран құстарына, жемтігін іліп әкетететін тазы иттеріне арналған «Құлагер», «Қараторғай», «Маңмаңгер», «Көкжендет» атты әндері бар. Осы жерде айта кетсек, Ақан сері атамыздың шығармашылығынан ерекше орын алатын тақырыбы – сәйгүлігі Құлагерге арналған ән-өлеңдері болатын. Үш жүз жиырма жүйріктің алдын орап, таза жолмен оқ бойы алда келе жатқан Құлагерді қалың көпшілік қызғанышпен өлтіретін болады. Бұл оқиғалар осы Ақан атамыздың «Құлагер» өлеңінен, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқып отырып аңғара аламыз. Ілияс Жансүгіровтың осы «Құлагер» поэмасының жарқын көрінуіне де осы Құлагердің өлімі, Ақан серінің серігінен айырылып қалғандағы ашу-ыза, өкпе-реніш көрінісі арқау болады. Осы бір оқиға поэмада Сағынайдың асы болатын уақытта ерекше көрініс табады. Ақан серінің «Құлагер» әні халық жадында ерекше үнмен сақталған әні болды. Осындай халық жадында сақталған өлеңдерінің бірі сол уақыттағы Жамал есімді қызға арнаған «Қалқа бала» өлеңі болатын. Қазақ халқының өнерпазы, күш өнерінің атасы, алысқанын алып ұратын Балуан Шолақ атамызға келетін болсақ, Балуан Шолақ атамыз адуынды ақын, ғаламат әнші-сазгер бола білген. Өнер, ән-үн, күш қабілетімен елге танылған атамыз әдебиетке өзіндік үлесін қосқан, асылдың сынығын қалпына келтірген ұлтқа ұлы ұлағатты тұлға болған. «Сұрша қыз» деп аталатын ән де Балуан Шолақтың әндерінің жиынтығынан табылатын әндерінің бірі еді. Бірақ, бұл ән нақты бір тұлғаның шығарған әні емес. Кейбір деректерде бұл ән Жаяу Мұсаның, Араптың әні деген ақпараттар бар. Ол әрине белгісіз. Менің ойымша бұл ән Балуан Шолақ атамыздың жиынтығынан көрініс табылатын ән деп ойлаймын. Себебі, Балуан Шолақ атамыздың шығармашылығында махаббат тақырыбы да қозғалған болатын. Балуан Шолақтың өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алып, небір сезімге, махаббатқа толы ән-өлең жинақтарын шығарған да Балуан Шолақ болатын. Атамызды өзіне баурап алған, өмірінде ерекше орын алған адамының бірі – Ғалия апамыз еді. Балуан Шолақ атамыз бен Ғалия апамыз бір-бірін бір көргеннен ұнатып, бір-біріне ғашық болған ғашықтар болған. Өз ғашығына арналған «Ғалия» әні де осы Балуан Шолақ атамыздың жиынтығынан еді. Бұл әні махаббат тақырыбына арқау болған сезімге, сұлулыққа толы әні болды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда сал-серілер халықтың өнер адамдары, халықтың сүйікті ұлдары болған. Өз заманының ән-үнін, өнерін жаңа белеске көтерген, халқына ерен еңбегін сіңдіріп, артына ән өнерінің бүкіл сыр-құпияларын қалдырып кеткен өнер адамдары, өкілдері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет