«Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі» кмм қысқа мерзімді жоспар



Дата07.10.2024
өлшемі17,56 Kb.
#146972
түріСабақ
Байланысты:
07.10.10б сыныбы


«Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

I БӨЛІМ. Өлең – сөздің патшасы

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Баетова Ж.Р

Күні

07.10.2024

Сынып: 10 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абайдың қарасөздері. Отыз екінші қарасөзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақтың мақсаты

шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі / Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут




Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасы: Өткен тақырыптар бойынша ұрақтарға жауап беру.
Оқыту түрі: Жеке жұмыс
Әдісі: «Миға шабуыл»
Тапсырма. Өткен тақырып төңірегінде сұрақтарға жауап беріңіз
Абай өлеңдермен бірге қазақ әдебиетіндегі ерекше қалам сермеген шығармалары қандай?
- Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не болды?
-Абайдың қандай қарасөздерін төменгі сыныпта өттіңдер?
Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?

Мұғаліммен амандасады.
Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере отырып білімдерін тексереді.



Дескриптор
1.Сұрақтарға жауап береді. 1 б
2.Өз ойын дұрыс мағынада білдіреді. 1б






Сабақтың ортасы
33минут


Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Мақсатын, бағалау критерийін оқушыларға болжату.
Дағды: сабаққа мақсат қою дағдысы, бағалау критерийлерін шығару дағдысы қалыптасады.
Оқыту түрі: Жеке жұмыс
Әдісі: «Ой жүйрік»
1-тапсырма.
А.Құнанбаевтың Отыз екінші қарасөзіндегі ұлттық құндылықтарды тауып, әлемдік тақырыптармен байланысын көрсетіңіз, мысалдармен дәлелдеңіз.



Ұлттық құндылықтар

Әлемдік тақырыптармен үндестігі

Мысал










Талқылау сұрақтары:
Абай білім-ғылым үйренудің неше шартын көрсеткен?
Ғылымды,ақылды сақтайтын не ?
ЕББҚ бар оқушыға жұптық жұмыста сыныптасы қолдау көрсетіп, мұғалім кестені сәйкестендіруге нұсқаулық беріп, қолдау көрсетеді.
Мақсатқа оралу:
Оқыту түрі: Топтық жұмыс
Әдісі: «Ойлы болсаң,озып көр!» әдісі
2-тапсырма.Әр топқа төмендегі Абайдың нақыл сөзіне айналған негізгі аргументтер беріледі. Сол арқылы отыз екінші қарасөзбен байланыстыра отырып, негізгі идеяны талдайды.
1-топқа «Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.»
2-топқа «.осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек.»
3-топқа «ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!»
Талқылау сұрақтары:
Неліктен Абайдың пікірі таза ғылым жайлы болмаса да,бүгінге дейін өзекті болып қала береді?
ЕББҚ бар оқушыға жеке жұмыста сыныптасы қолдау көрсетіп, мұғалім кестені сәйкестендіруге нұсқаулық беріп, қолдау көрсетеді.
Мақсатқа оралу.

Сабақ мақсатын өздері болжап айтады, мұғалімнің көмегімен толықтырады, бағалау критерийімен танысады.

Сұрақтарға жауап береді.




Өз ойларын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.


Өз ойларын айтады.
Берілген негізгі аргументтер бойынша отыз екінші қарасөзбен байланыстыра отырып, негізгі идеяны талдайды.
.



Дескриптор:
1.Сұрақтар
ға жауап береді.1 б


2.Өз ойларын айтады.

3.Мәтінге сүйенеді.1б.


Дескриптор:
1.Берілген негізгі аргументтер бойынша отыз екінші қарасөзбен байланысты
ра отырып, негізгі идеяны талдайды

2.Өз пікірін,әсерін жазады.2 б
2.Тақырып
тан ауытқымайды1 б

Қазақ әдебиеті 10-сынып оқулығы






Сабақтың соңы
5 минут



Рефлексия
- Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдіңіздер?(оқушылар сабақтағы негізгі құндылықты айтады)
Не қиын болды?
Не қызық болды ?
Екі ұсыныс...
Үйге тапсырма: Отыз екінші қарасөзін жаттап келу.



Оқу бойынша қорытынды жүргізіп, орындалған тапсырмалар бойынша нәтиже шығарады



Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүзеге асырылады







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет