Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі140,86 Kb.
#5579

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.1 – Б. 151-155



ТҮБІР МЕН КӨПТІК ЖАЛҒАУ ТІРКЕСІМІНІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ

СИПАТЫ

Кукенова Г.А.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі,  жалғамалы тілдер болғандықтан сөз

құрамындағы  жалғаулардың орналасу  желісінің  өз  реті  мен  тәртібі  бар.

Сондықтан да түбір мен жалғаулардың арасы белгілі бір фонетикалық байланыста

болады.

Қолданбалы лингвистика  тұрғысынан  алғанда  жалғамалы  тілдердің ең



қарапайым тіркесім бөлшегі түбір сөз болып табылады. Одан әрі жалғау қосылған

сайын  тіркесім  бөлшек  күрделене  береді.  Тіркесім  бөлшектің алғашқы  күрделі

сатысы бір ғана жалғаудың қосындысы болып табылады.

Түбір  сөз  тіркесімінің фонетикалық сипаты  анықталғаннан  кейін,  оған

жалғанатын көптік жалғау тіркесімінің фонетикалық сипаты анықталады

Түбір сөз тіркесімінің соңғы дыбыс/әрпінің фонетикалық сипаты талданған

болса, енді оған қосылатын жалғаудың басқы дыбыс/әрпінің фонетикалық сипаты

қарастырылады. Өйткені тіркесім үшін түбір сөздің соңғы дыбыс/әрпі, ал жалғау

үшін оның, керісінше, басқы дыбыс/әрпі маңызды. Өйткені іргелес тұратын осы

екі фонетикалық бірлік болып табылады.

Көптік  жалғау  тіркесім  бірліктердің күрделілерінің бірі  болып табылады.

Өйткені көптік жалғау үш жазылым варианттан тұрады.



Көптік  жалғаудың жазылым  тіркесіміне  түбір  сөздің бес  тіркесім  тобы

қатысатын болып шықты. Олар өзара үш топқа бірігеді.

Бірінші  тіркесім  топ -дауыстылар  мен  жуысыңқы үнді  дауыссыздардың

фонетикалық бірлігі.  Дауыстылар  тіркесім  тобының фонетикалық белгісі  дауыс

шымылдығының толық тербелісі  болса,  жуысыңқы үнді  дауыссыздар  тіркесім

тобының фонетикалық белгісі  олардың жасалу  тәсілі,  яғни  сөйлеу  мүшелерінің

жуысыңқы қалпы  болып отыр.  Дауыс  шымылдығының толық тербелісі  мен

сөйлеу мүшелерінің жуысыңқы қалпы бірігіп тіл ұшы, жанама л тіркесімін талап

етіп тұр.

Екінші  тіркесім  топ – тоғысыңқы үнді  дауысссыздар  мен  жуысыңқы ұяң

дауыссыздардың фонетикалық бірілігі. Үнді дауыссыздар тобының фонетикалық

белгісі олардың жасалу тәсілі, яғни сөйлеу мүшелерінің тоғысыңқы қалпы болса,

ұяң дауыссыздар тобының фонетикалық белгісі дауыс шымылдығының жартылай

тербеліс қалпы  болып  отыр.  Сөйлеу  мүшелерінің тоғысыңқы қалпы  мен  дауыс

шымылдығының жартылай  тербеліс қалпы  бірігіп  тіл ұшы,  тоғысыңқы д

тіркесімін талап етіп отыр.

Үшінші тіркесім топ – біргелкі қатаң дауыссыздардың фонетикалық бірлігі.

Бұл  топта  жасалу  орны  мен  жасалу  тәсілі әртүрлі  дауыссыздар  жинақталған,  ал

дауыс  шымылдығының  қатысы  бәріне  бірдей  ортақ.

Ендеше  дауыс

шымылдығының қатысы тіл ұшы, тоғысыңқы т тіркесімін талап етіп отыр.

Сонда  көптік  жалғау  варианттарын  біріктіріп  тұрған  олардың бас

дыбыс-әріптерінің жасалу  орны,  яғни  тіл ұшы жасалымы  (артикуляциясы)

болады.


Түбір  мен  көптік  жалғау  тіркесімінің көрнекі  артикуляциялық моделін

құрастырамыз (1- сурет).

Түбір 

сөздердің



артикуляциялық

топтасуында 

күрделі 

заңдылық


байқалады.  Дауысты  дыбыстар  (дауыс  желбезегі  тербелісінің төртінші  деңгейі)

мен үнді  жинақы,  жайылыңқы  және  діріл  жуысыңқы  дауыссыздар  (оң жақ тік

қанаттағы  екінші,  төртінші,  бесінші  белгілер)  бір  топ құрап  отыр.  Бірақ    үнді

жуысыңқы  дауыссыздардың  құрамынан  жанама  жуысыңқы  дауыссыз  шығып

қалған.  Сондықтан  да үнді  дауыссызардың жуысыңқы  белгісі қалыс қалады.

Жуысыңқы белгінің тіркесім топ құрауға қатысы жоқ деген қорытындыға келеміз.

Бұл топтағы дауыссыздарға ортақ белгі үннің басымдығы болады.

Ұяң жуысыңқы дауыссыздар (дауыс желбезегі тербелісінің екінші деңгейі)

мен үнді  жанама  дауыссыз  (оң жақ тік қанаттағы үшінші  белгі)  бір  топ құрап

отыр.  Бұл  топтағы  дауыссыздар үшін  дауыс  желбезегінің  қатысы әртүрлі

болғандықтан,  дауыс қатысы  ол  дыбыстарды  топтастыра  алмайды,  сондықтан

дауыс қатысы қалыс  белгі  болып қалады.  Жасалу  тәсіліне қатысты  жуысыңқы

белгісі  де қалыс қалады, өйткені  жоғарыдағы  топтың да құрамында  жуысыңқы

дауыссыздар  бар  екенін  көрдік.  Бұл  топтағы  дауыссыздарға  ортақ белгі  ретінде

тіл ұшы жасалымын атауға болады.

Соңғы  топтағы  дауыссыздар  дауыс  желбезегінің бейтарап қалпымен

сипатталады (оң жақ тік қанаттағы бірінші белгі).


Артикуляциялық модельде көптік жалғау тіркесімінің басты белгісі ретінде

тіл ұшы белгісін көрнекі қөрсетіліп тұр (үстіңгі көлденең қанаттағы екінші белгі).




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет