Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі46,89 Kb.
#8731

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.1 – Б. 172-175



ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ

МАҢЫЗЫ

Кыздарбекова Г.К.

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп-өркендеуіне орай, білім беру

саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын

қоғам  дамуының  қарышты қадамына  сәйкестендіріп,  оны  шырқау  биіктерге

көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Жаңа адамды, болашақ қоғам

адамын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың

күн тәртібінде айрықша қойылған мәселе.

«Қазақстан  Республикасы  азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық

мінез-құлық  қалыптастыру  тұжырымдамасы»    «Этникалық мәдени  білім  беру

тұжырымдамасы»    сияқты  тарихи құжаттарда  және  Елбасы  Н.Назарбаевтың

«Ғасырлар  тоғысында»  атты  еңбегінде  жаңа қоғамды құрушылар қандай  болуы

керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселелерге зор көңіл бөлініп, оған

дәйекті жауап іздестірілген.Ол - өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін

азаматты дайындау.

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді.  «Жас

бала – жаңа өркен  жайған  жасыл  ағаш  тәрізді»  дейді  халқымыз.  Жерге

отырғызылған жас көшет те қашан тамыры  тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы

ағаш болып өскенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.Адам да ағаш

тәрізді. Олай болса, ұстамды, көргенді, жып-жинақы, әсем бейнелі, адамгершілігі

мол  адам  тәрбиелеу  жұмысы  бүгінгі  күні – басты  мәселе.Жастарымыздың  үлгі

алатын,  ең таңдаулы  ішкі  және  сыртқы  адамгершілік-эстетикалық сапаларын

үйренетін адамы, міне, осындай адам болуы керек-ақ.

Қай ғасырда болсын тәрбие негізгі мәселе болып саналады. «Бала тәрбиесі –

мемлекеттің маңызды  міндеті»  деген  Платон  сөзі  бекер  айтылмаған, әлі  де

маңызын жоймаған пікір. Қазіргі уақытта әрбір ұлттың болашағы – оның білімді

де іскер, таланты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген

тәрбиелі ұрпақтардың қолында.

Бұдан  2,5  мың жыл  бұрын өмір  сүрген қытай  философы  Конфуций,  грек

философы  Платон  (б,э  д.  427-347жж.)  дарынды  балаларды  патша  сарайында

арнайы 


тәрбиелегенде. 

Ең

алдымен 



олардыкөркемөнер 

түрлеріне

үйреткен.Олардан  дарынды,  ақылды  ақын,  суретші  шықсын  дегенді  мақсат

тұтпаған. Өз ұлтын,  мемлекетін өркендететін білімді,  алғыр болашақ данышпан

шәкірттер  тәрбиелеу үшін,  бірінші  кезекке  балалардың сезімталдығын,  ойын,

тілін дамытуды қолға алған.



ХХІ ғасырдың басында  адамның  қоршаған  ортамен өзара қатынасы

күрделене түсті. Ол бір жағынан, мәдениеттердің ғаламдануы мен кірігуі, екінші

жағынан рухани жұтаңданудың, азғындаудың үдеуімен түсіндіріледі.Сондықтан

да қазіргі  білім  беру  жеке  тұлғаның адамгершілік-рухани

қалыптасуын

қамтамасыз ету арқылы жүзеге асуға тиіс.

Жастарды    жан-жақты  тәрбиелеуде  сөз өнерінің маңызы әлі  күнге  дейін

мәнін  жоя қойған  жоқ деп  ойлаймыз.Халықтық тәрбиенің жақсы  жақтарын

дамыта  отырып,  бүгінгі  дәуірдің талабына  сай  жаңа  мазмұнда  пайдалану

–тәрбиенің негізгі  мақсаты. Қазақ халқының

бай қазынасы  сөз өнерінде  де

жастардың ақыл-ойына, дене тәрбиесіне, оларды еңбек пен өнерге баулуға ерекше

көңіл бөлген.

Қазіргі  жастардың арасында  тіл  шұбарлау, өз  ойын  керекті  жерде  дұрыс

жеткізе  алмау,  тіл  мәдениетін  сақтамау  сияқты  мәселелер  көбірек  орын  алып

жүр.Сондай-ақ

жастар  арасында  «нені?»,

«нетіп»,  «жаңағы»,  «мысалы»,

«сонымен»,  «тағы»  тәрізді  сөздерді  жиі қолданатын  болып  кетті.  Мұның бәрі

отбасы, мектеп, қоғамның жіберіп жатқан қателіктері деп ойлаймыз.

Ақыл-ой  тәрбиесінің негізі – сөз өнері.      «Жігін  жатқызып,  ебін  тауып

сөйлей білуді, сөз өнерінде логикалық ойдың күшті болуын қалаған халқымыз :

«Сөз  тапқанға қолқа  жоқ»,  «Шешен  кісі  сөз  айтар  ойға  салмай,  шебер  кісі  тон

пішер  бойға  салмай»,  «Жүйелі  сөз – жүйесін  табар,  жүйесіз  сөз - иесін  табар»,

«Жүзден  біреу  шешен,  мыңнан  біреу  көсем»,-деп,  топ  алдында  сөз  бастап,  ел

билеген  шешенді

қол  бастаған  батырмен  бірдей  бағалап,

қастерлеген.

Шешендердің

толғау  сөздерін  сап  алтындай

қадірлеп,

ұрпақтан-ұрпаққа

үлгі-өнеге  етіп ұстаған.Мысалы,  Жиренше  шешеннің,  қаз  дауысты Қазыбектің,

Шаншардың, Сырымның, Шоқай  мен  Ерденнің, Ақтайлақ би  мен Қанай

шешенннің, т.б.  шешендік  сөздерінен  ақылдылықтың, тапқырлықтың тамаша

үлгілерін көреміз»,- дейді С.Қалиев

Шешендік  сөздің  құндылығы  тек  шындығында

ғана  емес,  ойдың

тапқырлығында. Қиядан  жол, қиыннан  сөз  табу – шешеннің бағалы қасиеті.

Мысалы,  Жәнібек  пен  Исатайға  байланысты  айтылған  ел  аузындағы  бір  сөзде

былай делінген: «Алда келе жатқан Исатайға Жәңгір хан бірде:

-Қара  тазыдай  сылаңдап  алға  шыға  бермей, қатарда  жүрсең  қайтеді?-

дейді.Сонда  жарамсақ билердің ханға  сыртынан  жамандап  шағыстырып  келе

жатқанын сезіп қалған Исатай:

Алдыңда  сылаңдап  мен  келе  жатқанда,  артыңда қарғалы  төбеттей

сәумеңдеп  төрт  биің келе  жатқанда  сені  көктен құдай, жерден құмай  алар  деп

қорқып келесің бе, хан?- деген екен.

«Тіл мен ойлау –еңбектің жемісі. Тіл - ойдың сыртқа шыққан көрінісі»,-деп

К.Маркс текке айтпаған.Адамның басында қандай ой туса да, егер оны жинақтап

қорытып, жүйелеп, лайықты сөзбен бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да

түсініксіз,  күңгірт  болар  еді.Сөйлеу  мәдениетіне  жетілмейінше  ақыл-ой

мәдениетіне жетілу қиын. Яғни, дұрыс сөйлей білу дегеніміз – дұрыс ойлай білу.

Дұрыс  сөйлеуге үйретуде  маңызды  орын  алатын  ауыз әдебиетінің

жанрларына мақал-мәтел, айтыс өнері, шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар және

батырлық жырлар үлгі  бола  алады.  Ол үшін,  біріншіден, ұстаздар қауымының


ауыз әдебиеті шығармаларын өзі жетік білуі, екіншіден, оқу-тәрбие кезінде  оны

әсерлі етіп жеткізіп бере білуі керек.

Әсіресе, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдердің сабақ үстінде халық ауыз

әдебиетінің тәрбиеге  байланысты  айтылатын  асыл  ой,  пікірдің астарлы

мағынасына  жастардың назарын  аудартып,  сол  арқылы  олардың көзқарасының

қалыптасуына  ықпал  етуі қажет.  Мысалы, қазақтың мақал-мәтелдері  арқылы

(«Сөйлей  білмеген  сөзді өзіне  тигізеді»,  «Таппасаң сөздің жүйесін,  отына өзің

күйесің»,  «Аңдамай  сөйлеген  ауырмай өледі»,  «Ойнап  сөйлесең де,  ойлап

сөйле»т.б.)  халқымыз  шешендік

өнерді


құрметтеп,  оған  жастарды  ерте

жаттықтыруға ерекше мән бергендігі байқалады.

Егер  де  «сырт  киіміне қарай қарсы  алып,  ақыл-ойына қарай  шығарып

салуға» сүйенсек, мұнда адами қарым-қатынасқа алғашқы кезекте мән берілген,

яғни  сөз – ойдың  «сырт  киімі»,  ендеше  оларды  таңдап,  іріктеп қолдануда

қателеспеу маңыздырақ.Әрине, адамды тек оның сөзіне қарап бағалау жөн болмас

еді  десек  те,  бір  жағынан  оның сөйлеген  сөзін  назарға  ілмей,  ескермей  адамға

баға  беру  дұрыс  та  емес.  Бұл  орайда  Сократ:  «Сөйлеп  көріңіз,  мен  сіздің кім

екеніңізді  айтайын»,-деген  екен.Жалпы,  сөз  сөйлеуді  шебер  меңгеруді қажет

етпейтін мамандық атаулы жоқ.Ал адам іс-әрекетінің кейбір салаларында ол аса

қажетті.Мәселен,  заңгер,  мұғалім,  агроном, әлеуметтік қызметкер,  психолог,

менеджер,  саясаткер,  діни  уағыздаушы өз  мамандықтарының шарықтау  шегіне

жеткісі  келсе,  сөйлеу өнерін  жете  меңгеруі қажет.Себебі,  оларға  адамдармен

қарым-қатынас  жасауға,  яғни әңгімелесуге,  кеңес  беруге, ұстаздық етуге,  ресми

жағдайда  шаршы  топ  алдында сөйлеуге  тура  келеді.Ал  шаршы  топ  алдында  сөз

сөйлеу үшін, не айтқаныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай айту  керектігін

білген жөн.

«Шаршы  топ  алдында  сөз  сөйлеуге  даярланушы әрбір  адамның алдында

міндетті  түрде  бір  шоғыр  мәселе  бас  көтереді.  Алғашқы  кезекте  сөз  сөйлеудің

мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не



үшін айтамын?» деген сияқты сауалдар туындайды.

Сондай-ақ сөйленер  сөздің сыртқы  «техникалық» жағын  айқындайтын

«Қалай  дұрыс  айту  керек?», «Қалай  түсінікті  айту  керек?»,  «Қалай қызықты

айту  керек?»,  «Қалай  сендіре  айту  керек?» сияқты  сұрақтарға  жауап  бере

алатындай болу керек»,- деп пікірін білдіреді А.С. Қыдыршаев.

Сөздерді қалай болса солай жұмсай бермей, саралап, талғап жұмсау, жаңа

сөздерді жастардың талғампаздық ой елегінен өткізіп орынды жұмсау - адамның

шеберлігімен  байланысты.Сонымен қатар,  сөз өнеріне  жетік  болу үшін қазақ

тілінің сөз  байлығын  жақсы  білу  керек.Сөзді  көп  білген  адамның айтқаны  да

тартымды болмақ.

Сөз өнерінің бір нысанасы – айқындылық. Адам айтпақ ойын дәл, анық бере

алмаса, не сөздерін адам ұғымына, тез түсінуіне лайық құрмай, өзінше сірестіріп

қоятын болса, ондай адамның сөзі түсініксіз болады.Айқындылықтың белгісі - әр

сөзді өз орнына қолдануда.

Сөз қолданудағы стильдік қателердің бір түрі – бір сөзді әлсін-әлсін жұмсай

беруде.Мұндай  стильдік қателерден  аулақ болу үшін  сөйлеуші қазақ тілінің

синонимдік сөздерін кең түрде пайдалануға болады.



Қорыта  айтқанда,  сөз өнері үлгілеріндегі  мақал-мәтел, өлең-жыр, ән  мен

күй, әңгіме, ертегі-аңыздар мен батырлар жырында ерлік пен еңбекті, батырлық

пен  мергендікті,  ақылдылық пен  сұлулықты қатар қоя  суреттеу  арқылы

жастардың бойына еңбек сүйгіштік, ақылдылық, адамгершілік қасиеттерді дарыта

тәрбиелеуді халқымыздың ежелден қиял еткенін, сол халықтық ой-пікірдің ауыз

әдебиеті үлгілерінен әдемі көрініс тапқанын байқаймыз.

Сөйтіп,  халық

ауыз


әдебиетінің

бай  мұрасы  отбасында,  балалар

бақшасында, мектепте, жоғары оқу орындарында, басқа да тәрбие мекемелерінде

барынша пайдаланып, тәлім-тәрбие ісінде өз орнына ие болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет