«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі273,08 Kb.
#107772
1   2   3
Байланысты:
sf13 mat 101

Математиканы
оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық 
материалдарды оқып үйренгенімен, қабылдауымен қатар терең де берік 
білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы 
оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.Сынып оқушылары 
бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зорлар да 
бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан 
белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда ондай жеке оқушыларға 
күрделірек жаттығулар ұсынылуы, міндетті емес, логикалық ойлау қабілетін 
дамытатын тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында 
әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың 
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен кітапқа, оқуға, білім алуға, деген 
құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш 
сыныптан бастап логикалық есептерді шығарып отыру қажет. Осындай іс-әрекет 
барысында баланың математикаға деген ынтасын, қызығушылығын қолдау 
мақсатында әдістемелік шешімдер, тәсілдер және жолдармен қатар, кейбір 
психологиялық тұрғыдағы шешімдерге де барып отыру қажет болады. 
Оқу еңбегінің негізгі қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау 
біртұтас процес. Бұл талаптар ой мен іс-әрекетінің негізгі өзегі болып келеді. Ол 
үшін әр адам өз орнында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның 
сапасын қалай өсіру керектігін ойластырып отырғаны жөн. Қоғамның ой-
санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, 
өркениетті елдердің қатарына қосылуы - жаңа заманның жастарынан өзіндік 
таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, 
ізденістерін ұштап отыруын талап етеді. Бұл орайда қазіргі кезде математика, 
логика және информатика пәндері басты мәнге ие.
Есептер шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі логикалық 
түсініктемелерге, әртүрлі ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. 
Әрбір таным қанағаттанарлық сезімге бөленуі үшін адамның ғылыммен ішкі 
үндестігі және логикалық үндестігі біртұтас болғаны жақсы. Тек осындай жағдайда 
ғана білімнің қыры-сыры ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау 
әрекеті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге 
құлшынысы артады. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, 
қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді 
шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше 
шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, 
логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. 
Қазіргі оқулықтардағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана 
математикалық білім емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға 
байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың 
байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса 
жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс.
Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына 
қажымай-талмай шығуына алғашқы жол сілтейтін нұсқаушысы – математика пәні 


мұғалімі. Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей 
мұғалімге, яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен 
жүргізілетін жұмыс түрлеріне байланысты. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта түрліше 
қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже 
беретініне үлкен үміт артуымызға болады. 
Мектеп курсында стандарт есептер бойынша да қиындықтар тууы ықтимал. Бұл 
жоғарғы сынып алгебра, геометрия және анализ бастамалары пәндерінде 
байқалады. Осы қиындықты жеңу баланың ақыл – ой ынтасын дамытады, пәнге 
қызығушылығын көтеріп, оң эмоциялық күй сыйлайды. Осы бағытта оқушылардың 
жас ерекшеліктеріне, бүгінгі білім деңгейіне сай стандартты емес тапсырмалар 
ұсынудың маңызы зор. Мұндай жағдайларда пән мұғалімі баланың 
қанағаттанарлық сезіммен жұмыс істеуіне 
оң психологиялық жағдайлар тудыра отырып, дұрыс әдістемелік шешім 
қабылдауға оқушыны бағыттап отырғаны жөн болады. 
Мына бір мысалдар геометриядан теоремаларды дәлелдеу барысында 
логикалық ойлауды қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. 
1-есеп. Тең бүйірлі трапецияның 
диагоналдары 
тең 
болатындығын 
дәлелдеу керек болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет