7.Аллергиядан тері бүлініп, қотырланғанда аскөк шырыны мен шөбін суға қайнатып алып, екеуін қосады да қотыр үстінен компресс жасайды.
8.Көздің көру қабілеті нашарлап, үстіңгі қабатына жұқа қабат өсіп шыққан кезде аскөк шырынына таза дәкіні батырып, көзге компресс жасайды.
9.Дене күйіп қалған кезде аскөк шырыны мен шөбінің қайнатындысын жылыдай көзге компресс жасайды.
ІІІ.3. Аскөкті қолдануы. Аскөкті тұздау Аскөкті тұздау үшін гүлдеп үлгермеген жас аскөкті іріктеп алып, оның тамырын кесіп тастайды. Сосын аскөкті жақсылап жуу керек. Пышақпен шапқымен жақсылап ұсақтап турап, банкаға салады. Банкаға салынған аскөкті тұз сеуіп, тұздап, шырыны шыққанша нығыздау керек. 1 кг аскөкке 200 г тұз себіледі. 2 күннен соң тұздалған аскөкті салқын температурада тоңазытқышта немесе жертөледе сақтау тиімді болып табылады.
Аскөкті кептіру Бақшадан жинап алынған аскөкті кептіріп, ұсақтап турап, құрғақ ыдыста, құрғақ жерде, қағаз қораптада сақтауға болады. Ол сақтау кезінде құрамындағы дәрумендер жоғалмай, сақталады.
Аскөкті басқа көкөністермен қосып тұздап, маринаттауға болады. Кез – келген тағамдарға дәмдеуіш ретінде қолданып, дәмін келтіру.
Оқушыларға арналған аскөк туралы сауалнама: 1.Аскөктің қандай пайдасы бар?
2. Аскөктің қандай ауыруларға пайдаланамыз?
4. Аскөктің емдік қасиеті бар ма?
5. Аскөктің қандай жерлерде өседі?
ІҮ.Қорытынды: Емдік ретінде аскөктің тұқымын, шөбін пайдаланады. Аскөкті көп жылдардан бері емдік, тағамды дәмдеуіш ретінде пайдаланып келеді. Ол жер талғамайтын, отырғызған жеріне күй талғамай өсе беретін, маусым, шілде айларында гүлдеп, тамыз айында толық пісіп жетіліп, қыркүйек айларында жинап алынады. Аскөк асқазанды тазалу, бауырға, өт айдауға зәр шығаруға, ем. Жас аналарға сәбиді емізген кезінде жиі қолданса, сүт көбірек шығаруына көмегі тиеді. Жер ананың бізге сыйлаған сан мың түрлі емдік қасиеті бар шөптерін өсіріп, кұтіп, баптап, дәрілік ретінде тиімді қолдана білсек, денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектесеміз;
Мен бұл зерттеу жұмысымды ары қарай толығырақ зерттеймін. Мектептегі сыныптастарыма аскөктің адам денсаулығына пайдасын, өсімдіктердің маңызын, анық түсіндергеннен кейін, олардың салауатты өмір сүруіне үлкен көмек көрсете білдім. Болашақта аскөктен жасалатын дәрі-дәрмектерді емдік ретінде өз қолымнан жасап, сатылымға шығармақпын. Ауылымдағы адамдардың өздері күнделікті ас мәзірінде қолданып, денсаулықтарын нығайтып, отбасылық қаражаттарын үнемдеуіне септігім тиді ойлаймын.
Ү.Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Қазақ энциклопедиясы І том
2.Шаңырақ: Үй тұрмыстық энциклопедиясы.
3.Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясы 1990 жыл 5 – 89800 – 008 – 9
4.Менің алғашқы энциклопедиям Құрастырушылар: Сужикова А.Ү., Лекерова М.Қ., Солтанғазина М.Қ. «Алматыкітап баспасы « ЖШС, 2013жыл 127 бет, ISBN 978-601-01-1148-6
5.Ол кім, бұл не? Балалар энциклопедиясы 235-236 бет. Авторы: Қозыбаев М.Қ. , Арғынов.Х.Қ , Әбдіров .С , Әлімбаев. М , Балахметов .Қ.
6.Айгөлек журналы 5 басылым 2015-2016 жыл 8 бет
7.Ғаламтордан алынған мәлімет ЯНДЕКС сайтынан
8. 81 –жастағы әжем мен атамнан сұрап білдім.