Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет34/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

АЛАШ ҰРАНЫ
Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!
Заң жасайтын орынға,


Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Куə болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аяламасын жанымыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Өлсек бірге өлдік біз.
Не жақсылық, не қайғы,
Көрсек бірге көрдік біз!
Ішкі жанжал таласты,
Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз!


Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңыңда,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!
1917


ГҮЛ
Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады.
Кім біледі, сол түрде,
Ер жетеді, толады;
Кім біледі, дəн сорып,
Қандай мақұлық қонады;
Кім біледі, тола алмай,
Суық соғып тоңады;
Кім біледі, құрт түсіп,
Мезгілісіз солады.
Мұның бəрін білмесең,
Өмірің қайдан оңады?
1917




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет