Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

СОҒЫСТЫҢ КECIPI
Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынып көкшіл көздері,
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі қатын-баланың,
Əке, шеше, ағаның,
Көрмей, жылап қалғаны.
Міне сондай заманда,
Жау əскері қалаңда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тəуір қатын-қыз
Зорлауы мен талануда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,
Мұнан да əрі жаманға?!


Сондайларды ұялмай,
Қосарсың адамға?..
Больницаға барғанда,
Сай-сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Дəрігер пышақ салғанда:
Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы - жан жерден,
Жан тұратын өр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...
1918


МҰҢДЫЛАРДЫҢ ЖОЛЫҚҚАНЫ
Жаралған қалай ғажап мынау аспан,
Қаз бауыр ақ торғындай бұлт басқан.
Жалтырап гауһар тастай көкте жұлдыз,
Қараған мұңдылардың көңілін ашқан.
Толқиды шөп бастары соққан желден,
Айдағы нұрын шашты шығып белден.
Желменен еміс-еміс естіледі,
Дауысы төбеттердің үрген елден.
Теп-тегіс бұл уақытта ұйықтаған ел,
Бұл сорлы жапа-жалғыз астында бел.
Көңілге əрбір түрлі қиял салып,
Сүйеді бетінен кеп ойнаған жел.
Қапалы, мөлдіреген көзде жасы,
Көз салып елді байқар сорлы басы.
Көзіне болар-болмас көрінеді,
Бүгжеңдеп қыз аңдыған ауыл жасы.
Өңі жоқ, тұрғандай - ақ жаңа дерттен,
Айрылған мұнша неғып сорлы еттен?
Зығырмен қайнап шыққан көзден жасы,
Бейне бір меруерт еді аққан беттен.


Осылай жалғыздықты дəрмен етіп,
Отыр еді əр түрлі ойға кетіп.
Ығынан бір төбенің көрініс берді,
Айтысқан уəдесінен о да жетіп.
Балбырап қызыл гүлдей отырған жас,
Көңілінде ой, тілеп аққан көзінде жас.
Бұл риза қылыш ұстап қарсы алуға,
Жолында түзуліктің кетсе да бас.
Түрегеп қадам басты қоңыр қаздай,
Ұмытып көрген бейнет ала жаздай.
Жолығып бұл минутте не істеді:
Оқушы өзі түсінер, мен де жазбай.
1918




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет