Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет28/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ӨМІРІМНІҢ УƏДЕСІ
Оллаһи! Ант етемін Алла атымен,
Орыс тілін білемін һəм хатымен.
История, география пəнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бəрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мəз болмаймын ішер асқа.
Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген "ақын"
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер əлі-ақ ертең халқым.
Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде ай.
Бір мағнауи
20 
күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр маңдай.
Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бұл бəйгеде Махмұттың


Азбаны келер арқырап.
1914


ГҮЛƏЙІМ
Қай қыз бар бұл қазақта теңге жеткен,
Бəрі де жылай-жылай кемге кеткен.
Бар еді Жарқын атты бір бай кісі,
Мырза-еке деген атқа қолы жеткен.
Əрине, бай кісіні жұрт мақтамақ,
Кісіні, кедей сорлы кім жақтамақ?
Жеп кетер, ішіп кетер сұмдар жиылып,
Шуылдап, байды мақтап, ыржақтамақ.
Бай енді көтермес пе мұрнын көкке,
Етер ме, көтердің деп оларға өкпе?
Аурусыз "ақ-түпə" деп құр жөтеліп,
Паңдықты байқатпас па төңірекке..
Бар еді Жарқын байда үш-төрт бала,
Оларға, байлық тұрса, шіркеу қайда?
Гүлəйім ұлдан үлкен жалғыз қызы,
Ұқсайды көркемдігі туған айға.
Он беске Гүлəйімнің келген жасы,
Жібектей үлбірейді маңдай шашы.
Ақ торғын екі беті құлпырған нұр,
Алланың бір жаратқан тамашасы.


Алғандай екі көздің жауын бұрып,
Жымиып, езу тартып қойса күліп,
Аһ дүние, ойнар ма едім, жиылғанда,
Бас қосып, боз балалар дəурен сүріп.
1914
* * *
Лəнет бұлты шатырлап,
Жай түсіп неге қайтпаймын?
Жер жарылып сатырлап,
Түбіне неге батпаймын:
Ит, құсқа бас игізген,
Көкейімді күйгізген,
Дүниеден лəззат таппаймын.
Көрмегенді көріп бас,
Заһар болып ішкен ас.
Қапаланған көңілден,
Төгіле-төгіле қанды жас.
Дүние бəрі у екен,
Мені алдайтын қу екен.
Өткізген өмірім бұл күнгі,
Пайдасыз қызу ду екен.


Білімсіз талант тас екен,
Өмірің үшін қас екен.
Далақтап шапқан бай ұлы
Тоқтаса, кезі жас екен.
1914
* * *
Нешелер көз жасы төгілді.
Нешелер қабырғасы сөгілді,
Қанша аянбай талпынсаң да,
Ақырыңда, тағдырға тез шөгілді.
1914


ЖҮРЕК
Туламашы, жүрегім,
Барасың тулап кіміңе?
Тар тағдырдың тасқыны,
Су толтырған ініңе.
Дүниенің тұрмысынан етіл, жүрек,
Менен кетіп, азаптан құтыл, жүрек.
1914
* * *
Келді хатың, мен шаршап,
Отырғанда дамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Сүзіліп көзім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып.
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.


Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырып.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған, түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қаңырып,
"Кімсің?" - дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып:
Қуат бітті бір күшті,
Жеңілерлік тағдыр жалынып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күшті вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлеусіреп, əлсіреп,
Түтіні кейде шығады.
Булыққан сайын қуатты,
Бойына жиып нығады.
Ол қуатпен атылды,


Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау-тастар,
Быт-шыт болып сынады.
1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет