Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет35/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ШАЛ АЛҒАН ҚЫЗҒА
Қазірде құлағымда ащы зарың,
Жəне де көз алдымда саңырау шалың.
Саңырауға сасық сақал келемеж боп,
Қапада жүргеніңнің білем бəрін.
Көңілімде мұңыңды айтып ашынғаның,
Жоқ шығар тап сол жерде жасырғаның.
Өн бойың үзілгендей созылып кеп,
Ішінен пəуескенің асылғаның.
Ешкім жоқ мұңыңды айтар менен басқа,
Не əнді, құр жыладың жансыз тасқа.
Алдым деп төрт-бес қара мəз болып жүр,
Сөнбес өрт сала салып қыршын жасқа.
Бұл қайғы мені оңдырмас қоймағанда,
Оңдырар сені қалай ойлағанда.
Тұрмыстың сайлап салған саңырау шалы
Басыңды қайтер дейсің жоймағанда.
1917


ЖАС ЖҮРЕК
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мəнін.
Тəтті үміттің қиялы сəуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бəрін.
Қызған темір жатқандай көкіректе,
Сыймайтын мезгіл қайда тəнге жаным?
Нанғыштық, құлай сенгіш, тəтті үміттен,
Бұл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?
Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді өзің,
Қамығып неге осынша құрыды əлің?
Əлде сенің кең жайлау жазың жоқ па,
Шалқар кел, қиқу салған қазың жоқ па?
Жел жетпес, алтын дабыл, қолда қыран,
Қосқанды құтқармайтын тазың жоқ па?
Əлде жорғаң тайпалтар көшке мініп,
Күміс тұрман көбікке көмдіріп.
Əлде алдынан келмей ме жел жетпесін,
Ұлы топта ұрандап дүсір қылып?
Əлде жоқ па көк сауыт үске киер,
Əлде садақ тартқанда ақтан тиер?


Əлде найзаң желекті ту астында,
Алаш деп ұран шықса жауға кірер?
Шаңқайған ақ ауыл мен елің жоқ па,
Исі аңқып, бетің сүйер желің жоқ па?
Кек күмбездің астында көк масаты,
Сəулемен алтындаған белің жоқ па?
Ақ ордада, сары шара, қара сабаң,
Ақ бəйбіше сапырмай ма қымыз саған?
Жоқ па əлде басытқыға бағлан еті,
Қымызға қызғаннан соң соңыра таман?
Əлде алдыңда жүрмей ме сылаң қағып,
Даланың еркелері үкі тағып?
Табиғат өксімей ме əдемі үнмен,
Боз торғаймен қосылса əнге салып?
Сен сонда ұқпайсың ба оның сөзін,
Көмір деп ойлайсың ба қара көзін?
Мағыналы сол қара көз бір жалт етсе,
Жанданбауға етерсің қалай төзім?
Жас жүрек айтты сонда: "Сөзіме нан,
Сол себептен ішімде жылымас қан.
Шындық, достық таппадым сандал қағып,


Өмір бойы алдандым тапқанымнан.
Бұ күнде адасудан көз ашпадым,
Не нəрсені көздесем тап баспадым.
Дүниеден басқа рақат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын!"
1917




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет