Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет36/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

САРЫАРҚАНЫҢ ЖАҢБЫРЫ
Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,
Жоқ еді Сарыарқада көрер сиық.
Сол қатарда шөлдеген жан-жануар
Аузына тұра алмаған тілі сыйып.
Айналған Сарыарқамен қоштасуға,
Бір жаңбыр жібермесе құдай иіп.
Садақа неше беріп, жаңбыр сұрап,
Намазды неше оқыған жұрт жиылып,
Көп уақыт зарықтырып, ақырында,
Күнбатыстан қара бұлт жауды кұйып.
Сіркіремей, шүмектен күн жалтылдаған
Көк жерге құлағандай шартылдаған.
Кей уақыт жердің беті аппақ болды,
Жұмыртқадай бұршақпен сартылдаған.
Ыстық жерде өршитін жылан, шаян
Жан сақтауға ін таппай қалтылдаған.
Таулардан бейіл кеңіп, ағып бұлақ,
Кей үйлер жағасында желмен құлап.
Сонда кемпір от үріп, тұтата алмай,
Шалына төрде отырған айтты жылап:


"Тезек су, кешегіден сүт пісусіз,
Тілек қылған ел ақымақ жаңбыр сұрап;
Арба астында қалшылдап иіріліп тұр
Кеше қырыққан жүнсіз қой, арық - тұрақ.
Бір жағынан жалтылдап зəрені алып,
Күркіреуден міне тұр тұнып құлақ.
Бір үргенде жанатын тезек майдай,
Жаңбырдан маған артық ыстық шумақ!"
Бұл мысалдың мəнісін ұға алсаң сен
Келген заман — бостандық, жаңбырмен тең.
Уақытша тезек құрғақ болмады деп,
Кемпірдей қашпа құдай рахметінен.
Жаңбырдан соң көгерген Сарыарқадай,
Бостандықтың күшімен көгерсін ел!
Дейсіңдер: "Тыныш кетті, күнде сайлау",
Кемпірден жоғарғы айтқан қай жерің кем?
Жаңбырсыз ескі қалпым жарар десең,
Жылан-шаян өршиді, болғаның жем.
1917


А, ДҮНИЕ
А, дүние, берсе қанат тəңірі маған!
Ерік алып, ұшып кетсем көкке таман
Жер, күннің аймағынан үстін шығып
Əлемге көз жіберсем сол арадан.
Бойымнан ірілік оты сонда сөніп,
Планшет һəм жасаған елді көріп.
Тозаңдай басқа əлем қатарында,
Айтар едім елеусіз жерді көріп.
Қандай мəн бұл адамның өмірінде,
Дəм татқызар үміт не көңілінде?
Туысында еріксіз жердің құрты,
Жəне еріксіз аһ ұрып сөнуінде.
Əлемге өмір шашқан күні мынау,
Жердегі көрінбеген сыры мынау.
Бар-жоғының тозаңдай елеуі жоқ,
Адам тұрсын, жерінің түрі мынау.
Неменеге мақтандық көкірек керіп,
Өзімізге сонша артық мағына беріп.
"Барша өлем жаралған адам үшін",
Деп қалайша адасып жүрдік сеніп?


1917




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет