Селективті IgA жетіспеушілігінің стоматологиялық көріністері



Дата14.02.2023
өлшемі487,75 Kb.
#67755

Қатерлі ісікке қарсы иммунотерапия

Мамберди Сандуғаш

Қазіргі кезде иммундық емдеу, негізі обыр емінің бірінші тәсілдеріне жатпайды, бірақ ол обыр емінің негізгі қосымша тәсілі болып табылады.

  • Обыр иммунды емінің тәсілі арнайы және арнайы емес болады, ал олар өзінше активті және пассивті болады. Обырдың арнайы емес иммунды емдеу әдісіне БЦЖ, бактериялык коспалар, синтетикалык полинуклеотидтер енгізу жатады. Бұл әдістер біркатар лимфокиндердін, монокиндердін, әр түрлі биологиялык белсенді заттардың жоғарылауына және ісіктелімді клондардың бөлінуіне әкеледі. Клиникада көбінесе, БЦЖ-ны пайдаланады. Мысалы, куыктын ішкі кабатында пайда болған обырда БЦЖ егуі жаксы нәтиже көрсетеді. Бұл обыр түрі операциядан кейін жиі кайталанады, ал өзінін соңғы сатысында куыктың кабырғасы аркылы өтіп, айналадағы тіндерге жайылады. Катетер аркылы егілген БЦЖ созылмалы кабынуды тудырып, иммунды жасушалардың белсенділігін күшейтеді, сөйтіп ісік жасушаларымен күресетін жасушаларды козғайды. Айта кеткенде, операциядан кейін БЦЖ жасалған ауруларда ісіктің қайталану каупі төмендейді.

Активті арнайы иммунды емдеу — ол ауруға қурамында ісік антигендері бар вакциналарды егу. Оларға ісік жасушалары (өмір сүруге кабілетсіз), үзінділер (мысалы мембрана үзінділері), ісік тіндерінің ерігіш заттары жатады. Соңғы жылдары, кұрамында онконәруыздарды белгілейтін гендері бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиі колданылып жүр. Катерлі ісікке карсы вакциналар жасау —өте маңызды жүмыс. Біріншіден, адам бойындағы вирус қоздыратын ісіктерге қарсы егулер жақсы нәтиже беруде. Мысал ретінде, Эпштейн—Барр вирусы тудырған ісікте және Беркит лимфомасында егу шаралары өте шипалы келді. Өзіне карсы күшті иммунды жауап шакыру үшін Эпштейн-Барр вирусынын генін енгізеді. Бұл вакцина Эпштейн-Барр вирусына карсы күшті жасушалык және гуморалды иммунитет туғызып, Беркит лимфомасының даму мүмкіндігін төмендетеді. Бүл тәсіл ісікке карсы иммундаудын Беркит лимфомасы таралған жерде, яғни вирус ошағында, алдын алу шарасы ретінде колданылады және осы ісігі бар ауруларда арнайы иммунды жауапты күшейту үшін пайдаланады. Бірак, катерлі ісікке карсы активті вакциналау клиникада кен таралмағандығын айта кеткен жөн.

Енді казіргі уакытта колданылып отырған бағыт, ол белгілі ісікпен біріккен мутантты гендер өнімдерін және егуге арналған шипалы нәруыздарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбісі, ісікке карсы моноклонды антиденелер алуымен байланысты. Ісікті иммундау үшін, клиникада баскаша тәсіл кеңірек зерттеліп және колданып жатыр, ол — бейімділікті (адаптивті) иммунитет. Онын негізінде қолдан пробиркада (in vitro) Т-лимфоциттердің интерлейкинімен ісік антигендерінің косылуы жасалады. Т-лимфоциттердін саны көбейген соң, ол ауруга кайта енгізіледі.

Бұл тәсілдің екі варианты бар. Біріншісі, ол аурудың канынан лимфоциттер бөлініп алынады, рекомбинантты ИЛ-2 көмегімен ол іn vitro жағдайында белсендіріледі, көбейеді, содан сон ауруга кайта енгізіледі. Лимфоциттерді ауру канынан ем колдануға дейін бөліп алады. Сосын ауруға операция жасалғанша, сәулелену немесе химиялық ем жүргізгенше, оның өз лимфоциттерін іn vitro көбейтіп, лимфокин жандандырған (активтелген) жасуша (ЛАЖ) жасайды, сөйтіп оны емнен кейін, ауру ағзасына кайта енгізеді. ЛАЖ-бен бірге, ауруға ИЛ-2 енгізіледі, ол жасушалардың еріткіш белсенділігін сактау үшін кажет. Осы тәсіл көмегімен, өкпе ісігінің, лейкоз, катерлі меланома және баска ісіктердің метастаздарында емдік нәтижелер едәуір жаксы болған. Көпшілік жағдайда, мұндай емнен кейін ісіктің ұзак уакытка дейін кетуі және кайталану жиілігі төмендейді. Екінші вариант. ол осындай жолмен жүретін, ісік тінінен бөлініп алған лимфоциттермен организмге әсер ету. Мұнын негізінде — ісікерекшелі Т-киллерлер ісік жасушаларын жабдықтайды. Олар іn vitro көбейгеннен кейін емдік әсері көтеріледі. Бірак, клиникалык зерттеулер нәтижелері бойынша. шеткері ЛАЖ-жасушаларына карағанда, әсердің жоғарылауы үнемі кездесіп отырмайды. Оның бір себебі — ісік жасушалары ТGF-b сияқты затты түзіп, ісікті шабуылдаушы лимфоциттерге қарсы әсер етуінде. ЛАЖ-жасушаларының негізгі әсері буған карағанда анағұрлым күшті.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет