Сәлеметсіңдер ме,
студенттер!
Пәні: Дене тәрбиесі
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Баскетбол. Қорғаныстағы ойын техникасы
Әдебиеттерге сілтеме
Б.Төтенай . Дене тәрбиесі
ЕрежеповаШ, Ережепово Ф,Жұмабаев Қ Дене шынықтыру 110 сабақ
С.Тайжанов, А Құлназарова Дене тәрбиесі 6 сынып
С. Көптілеуова , Г Маковецкая , Т Васильченко, О Меркель Дене тәрбиесі әдістемелік құрал 7 сынып,6 сынып,5сынып
Д.Оңғарбаев , Г Мадиева,Е Алимханов Жеңіл атлетикадағы фунционалдық және физикалық дене дайындығы
E-college сайтында орналасқан ЦББР (http//manshuk.kz) электронды кітапхана қоры
Қорғаныс техникасы
Егер команда ойыншылары қорғану қимыл қозғалыстарында маңызды қателер жіберсе, олардың бар күштерін жұмсап жеңуге ұмытулары бекерге шығады.
Қорғаныс техникасын екі негізгі топқа бөледі:
- қимыл қозғалыс техникасы;
- допты меңгеру және қарсы әрекет техникасы
Қимыл қозғалыс техникасы
Алаңдағы қорғаушының қозғалыс жолдарының сипаты мен ерекшеліктерін нақты жағдайлар және ойыншының белсенді өз бетінше қорғану қимылы және серіктесімен өзара әрекеттері қамтамасыз етеді.
Тіке тұру: Қорғаушы орнықты жағдайда аяқтарын сәл бүгіп тұруы керек, ол әрқашан шабуылшының себетке шабуыл жасауына және допты алып қоюына кедергі жасауға дайын болуы керек.
Алға созылған аяқпен тіке тұру- добы бар ойыншыны жібермей қалуы үшін, оның допты себетке салуына және қалқға қарай өтуіне кедергі жасау үшін қолданылады.
Бір сызық бойымен аяқпен тіке тұру (параллель тік тұру)- орташа қашықтықтан секіріп доп лақтыруға дайындалған шабуылшыны аңдушы қорғаушы, қауіпті қарсыласқа параллель жақын келіп тұрады, сөйтіп қолын тіке допқа созады, шабуылшыға жоғары көтеріп дәлдеуіне кедергі жасайды.
Параллель тік тұру- алға созылған аяқпен тік тұруға қарағанда тек салмақтылығы мен тұрақтылы аздау, сонда да ол қорғаушының шапшаң жауап қайтаруына, лақтыруға қарсы әрекет бастауына және біршама дәрежеде қарсыластың оң жаққа да, сол жаққа да өтуіне бөгет жасауына мүмкіндік жасайды.
Қозғалыс
Ереже бойынша, қорғаушы қозғалысының бағыты мен сипаты шабуылдаушының әрекетіне бағынышты. Сондықтан қорғаушы әрқашан тепе-теңдік жайын сақтауы керек және кез-келген бағытта қозғалуға әзір болуы керек, барлық уақытты жүгіру бағытын жақ-жаққа, алға, артқа, теріс қарай алға өзгертуге дайын болуы керек. Қарсыластың қарама-қарсы әрекеті кезінде өз қозғалысының жылдамдығын меңгере білуі керек, қысқа қашықтықта жылдамдықты тез көтеріп және кенеттен тоқтай алуы керек.
Қорғаушының қолданатын жүгіру, ырғу, тоқтау, секіру тәсілдері шабуылдауда қолданатын осындай тәсілдерге ұқсас келеді. Алайда бірқатар жағдайларда шабуылдаушылардан қорғаушының айырмашылығы бар, қорғаушы сәл бүгіліп аяқтарын бір-біріне тақап қозғалады, мұның ерекшелігі бірінші қадамды қозғалыс бағытына жақын, ал екінші қадам ( тақалған) жылжымалы болуы керек. Бұл кезде жылдамдық пен ептілікті төмендетпеу үшін аяқтарды айқастыруға болмайды және тебілетін аяқты тіреу болатын аяққа ауыстырмау керек.
Қорғаушының қозғалыстағы ерекше сәттері:
Бастапқы жайының үздіксіз ауысуы;
Болатын қимыл әрекет бағытын қарсыластың шабуылға шыққанша толық білмеуі;
Рғудың алдағы өткен жылдамдықтардан соң орындалуы, бағыт, жол, басқа да кинематикалық және динамикалық сәттер, бұлардың сипаттары әр кезде елеулі түрде айырма береді;
Жіберу сигналдарының әр түрлілігі, әр бағыттылығы ( дыбыстық, қарсылас көзқарасының бағыты, қарсылас немесе серіктес қиылының басталуы, жаттықтырушының сыбырлауы т.б);
Алдын-ала атып тұрып өте күшті белсенді старт алу.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Ұсынылған сілтемелердегі ақпаратпен танысып ,төмендегі тапсырмаларды орындап , жауаптарыңызды жүктеңіз
1-тапсырма.
Баскетбол ойынында қорғаныс техникасының ойын үстіндегі міндетін түсіндір
Қимыл қозғалыс техникасының түрлерін атап ерекшелігін түсіндір
Допты қағып жіберу техникасын түсіндір
Допты тартып алу техникасын түсіндір
2-тапсырма.
1.https://www.youtube.com/watch?v=wYoiqbmqmS4 - осы сілтемеден ютуб каналынан қорғаныс техникасын көріп түсініңіз
2.http://basket26.ru/upload/iblock/985/985293f454f7d371fe08883e8c693291.pdf
Глава 3. Методика обучения технике защиты в баскетболе................... 118
С Ә Т Т І Л І К !
Достарыңызбен бөлісу: |