Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар 1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,92 Kb.
#16724
1   2   3   4   5   6   7
тәрбиенің мақсатын анықтау

  • тәрбиенің мазмұнын белгілеу

  • тәрбие тәсілдерін зерттеу

    Педагогиканың пәні – тәрбие процесі. Педагогика тәрбиенің теориясы мен әдістемесін қандай негізде дамытады? Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болған жоқ, ол адамды өмір сүруге дайындайтын, оған қажетті әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды қалыптастыратын құрал ретінде әрекет етеді. Яғни, тәрбиенің заңдылықтары, сипаттамасы, әдістері тұлғаны дамыту мен қалыптастыру заңдылықтарына, қоғамның талаптарына негізделеді. Педагогика пәні – адамның жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуының мәнін зерттеу және соның негізінде тәрбиенің теориясы мен әдістемесін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде қарастырады.

    Әрбір ғылымның өзіне тән негізгі ұғымдары (категориялары) болады. Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қатынастарды, қасиеттерді бейнелейді. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын байқаймыз. Педагогикада мақсат, әдіс, құрал, даму, қалыптасу, тәрбие сияқты т.б. көптеген ұғымдар кездеседі. Осылардың ішінде ең негізгілері – тәрбие, білім бepy, оқыту. Қалған ұғымдар басқа ғылымдарға да ортақ, мысалы философия, психология, т.б. Сондықтан оқыту мен тәрбиеге ортақ осы үш ұғымды анықтайық.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет