“Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі”
Танымдық сағат Тақырыбы:«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
Дайындаған:Ерғали А.
Тексерген:Касимова Б.С
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық »
Мақсаты:сыбайлас жемқорлық және ол әрекет үшін жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, студенттердің Заң жүзіндегі сауаттылықтатрын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу
Өткізу күні: Жүру барысы:
. Ұйымдастыру. 1)Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен студенттер танымдық сағатымызға қош келдіңіздер!
2) Топқа бөлу. 1-топ: Нысана
2-топ: Жас қазақ
3-топ: Рухы
ІІ. Негізгі бөлім. 3) Кіріспе әңгіме: 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға қол қойды.
1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырушылық және өзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары.
1997 жылы 21 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды.
1997 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді.
1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы» Заңы қабылданды.
(2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді).
Қабылданған шаралар мен жарлықтар сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес сабақтастықта, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел.
Елбасымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және біздіңше, Үндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Аталған заңның негізіне БҰҰ және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау.
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.
Жемқорлық - латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған Дүниежүзілік конференция ашылды.БҰҰ 2003 жылы 9 желтоқсан күнін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар аударды.
Егеменді, тәуелсіз, зайырлы және құқықтық мемлекет Қазақстанда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспары (53 тармағын білім беру ұйымдарында іске асыру);
2016 жылғы 14 қаңтарда Министрліктің №24 бұйрығымен бекітілген«Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.
«Сыбайлас-жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғыдан қарасақ, бұл «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.