4.3 Жұмысты орындау тәртібі
4.3.1 Зертханалық жұмысқа дайындаларда орындалады
а) Зертханалық стенд суреттемесі мен схемалар жинағымен танысу керек.
б) ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ, НЕМЕСЕ-ТЕРІСТЕУ, М2 функцияларын екі айнымалы үшін ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисында өрнектеп, олардың схемалық реализациясын келтіру керек, сонымен қатар 2 ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ ЛЭ көмегімен ТЕРІСТЕУ функциясын реализациялау қажет.
в) Жеке берілген функция үшін ақиқат кестесін құрастыру керек. Осы функцияны ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисында өрнектеп, 2 ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ ЛЭ көмегімен реализациялайтын схеманы жасау қажет (3 ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ ЛЭ қолдану тек, функцияны реализациялау үшін 2 ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ элементі жетіден асса ғана, рұқсат).
г) Баяндама бекітпесін даярлап, оған ақиқат кестесін, б) және в) пункттеріндегі функциялар үшін аналитикалық өрнектерді енгізу керек.
4.3.2 Зертханалық сабақта орындалады
Сынақ панелінде 4.3.1в) пунктінде жасалған схемаларды кезекпен құрау керек және олардың тәжіибе жүзінде аналитикалық өрнектері бойынша толтырылған ақиқат кестемен сәйкестігіне көз жеткізу кажет.
Тапсырмалар варианттары
1) 2)
3) 4)
5) 6)
7) 8)
9) 10)
11) 12)
13) 14)
15) 16)
17) 18)
19) 20)
21) 22)
23) 24)
25) 26)
27) 28)
29) 30)
4.5 Әдістемелік нұсқаулар
Үш кірісті 3 ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ элементін бір кірісін іске қоспай, екі кірісті элемент есебінде пайдалануға болады.
Екі айнымалыдан көп функцияны және оны 2 ЖӘНЕ- ТЕРІСТЕУ ЛЭ көмегімен реализациялау үшін, қысқаша теориялық мәліметтерде келтірілінген композиция заңдарын және де- Морган ережелерін пайдаланған жөн.
Ақиқат кестесін, ең жақсысы, қатар (жол) номері осы жолға орналастырылған айнымалылар комбинацияры құрайтын екілік санға сәйкес болатындай етіп, толтырған дұрыс. Кіші разряд Х,, айнымалыға сейкес, ары қарай индекстің ұлғайуы бойынша. Екілік сан, ондық сан секілді, солдан оңға қарай оқылады. Қатар (жол) нумерациясы 0 -ден басталып және ол кестенің жоғарғы жағына орналасады.
Айнымалылардың әр түрлі ұштастырылуын алу үшін К155ИЕ санауышын (13 номер ) қолданған қолайлы. Санауыш жұмыс істеуі үшін оның бір R (&) кірісіне “0” беріп ( ұясын пайдаланған жақсы ), ал С кірісін ұясымен жалғайды .
Санауышты “0” түсіру үшін (барлық шығыстарда “0” қалыптасады), екі R((&) ) кіріске де “1” беру керек. Әр кез S түймесін босатқанда
(оны басқаннан кейін), санауышқа жазылған екілік сан 1-ге артып отырады. Айнымалылар Х1…..Х4 Х деп таңбаланған санауыш шығыстарынан, ал олардың кері (инверс) мәндері арқылы белгіленген шығыстардан алынады. Айнымалы “1” деп белгіленген, айнымалы 2 деп белгіленген, т.с.с., индекстің артуына қатысты, шығыстардан алынады. Осы жағдайда айнымалылардың ұштастырылуы, олардың ақиқат кестедегі орналасуына байланысты кезектесіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |