Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Бір түрлі мұңайып сізбен сырласқысы келетіндей. Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады. Ол саз жерге бітеді. Көп жуандамайды



Дата21.09.2023
өлшемі13,1 Kb.
#109647
Байланысты:
Сәмбі тал


Сәмбі тал
Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Бір түрлі мұңайып сізбен сырласқысы келетіндей. Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады. Ол саз жерге бітеді. Көп жуандамайды. Әрі кетсе білектің жуандығындай болады. Бір тамырдан топтанып, шоқтанып алтау-жетеу, одан да көп шыбық тарайды. Жан-жағына көп бұтақ жаймайды. Сыптай болып түзу өседі. Өзі солқылдақ та иілгіш келеді. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады.
Апыр-ай, табиғат ана шебер-ақ қой! Төрт түлік малдың қамымен көшіп-қонып жүрген қазаққа киіз үйдің сүйегіне арнап дап-дайын сәмбі талды өсіруін қарашы! Кереге, уық, шаңырақ дегендерге таптырмайды. (88 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет