№38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің
9 «Ғ» сынып оқушысы Ғизатолла Фатиманың
«Дарын» орталығына ұсынған «Ызғарлы Желтоқсан - жайдарлы тәуелсіздік»
атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
Оқушы Ғизатоллла Фатима «Ызғарлы Желтоқсан – жайдарлы тәуелсіздік» тақырыбымен ұсынылып отырған ғылыми жобасында зерттеуші алдына қойған мақсатына жеткен деуге болады. Жұмысты қарастырмас бұрын ғылыми әдеби шолуға материалды толық ашу мақсатында материалдар жинақтап, толық танысып, жан-жақты қарастырған.
Жұмысты орындау барысында Ғизатолла Фатима өзекті мәселелерге назар аудара отырып, тақырыпты ашатындай жоспар құрған.
Жоспар негізінде материалдың құрылымына теориялық, зерттеушілік нысандарға бөліп қарастырған.
Жоспарды іске асыру барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтау;
Ғылыми негізде тақырыпты қарастыру мақсатында әдебиеттерге шолу жүргізу;
Ғылыми жетекшімен бірге отырып жұмыс тапсырмасын орындау жоспары құрылды;
Зерттеудің құрылымдық жүйесін құру және зерттеу бөлімін жүргізу.
Жұмыстың жоғарыда аталып кеткен барлық бөлімдері тақырыпты толық ашты деп санауға болады.
Ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның білім алу жолдарымен бірге патриоттық сезімді жандандыратын тәрбиелік мақсаты да ашылған. Жас ерекшелігіне қарамастан ауқымды ғылыми жобаның өзектілігін нақты айқындай білген. Ғылыми жұмысқа алынған өзекті тақырып тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мақсат қылып алып қана қоймай, рухани бағыттағы ғылыми зерттеуге бастама алып отыр деп ойлаймын.
Мектеп директоры: Кенжебаева А. С.
Ғылыми жетекшілер тарих пәнінің мұғалімдері: Асылканова Г. К.
Садвакасова Г.Ж.