57
Курс бойынша жоғары балл алу үшін əрдайым жұмыстану қажет. Себебі
пəн бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді
қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған
жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент əрбір кредит сағат
бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет /жоғарыда көрсетілген пəн
бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте бойынша/.
Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-əдістемелік
кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
Аудиториядағы тəртіп:
Сабақ уақытында төмендегі іс-əрекеттерге рұқсат етілмейді:
1.
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
2.
Сабақтан сұрануға;
3.
Бос əңгіме құруға;
4.
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-əрекеті есепке алынады:
Өз пікірін дəлелдесе;
Сабаққа белсенді қатысса;
Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса;
Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуы міндетті жəне оқытушы белгілеген уақытта
тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды.
Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға
əсер ететін баға шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: