Семинар 15 ожсөЖ 15 СӨЖ 15 Барлығы 60



жүктеу 10.69 Kb.

бет7/14
Дата22.12.2016
өлшемі10.69 Kb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Тексеру сұрақтары: 
 Орта ғасырлар. «Орта ғасырлар» терминінің бастауы.  
Тарихи жағдай. Мəдениет пен əдебиет дамуы.  
Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
№12 Дəріс. Қайта Өрлеу дəуіріндегі əдебиет пен мəдениет 
Қарастырылатын  сұрақтар:  Ренессанс.  Қайта  жаңғыру  құбылысы  жəнеі 
мəдени салалар. Қайта жаңғыру құбылысының басты мақсаты.  
Дəріс мақсаты: Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі əдебиет жəне 
мəдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.  
Дəріс мазмұны: 
 Батыс жəне орталық Европа тарихындағы ортағасырлық мəдениеттен жаңа заман 
мəдениетіне өту дəуірі екі үлкен мəдени қозғалысты қамтиды.  

«Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дəуірі ақсүйектік сипатта болса, 
ал  Реформация  қозғалысы  –  діни  бағытта  жүзеге  асырылды.  Қайта  өрлеу  идеялары 
қоғамның  үстемдік  етуші  таптарының  арасында  кеңінен  тараса,  ал  Реформация 
идеялары  бүкіл  халық  тарапынан  кең  қолдау  тапты.  Қайта  өрлеу  деп  аталатын  бұл 
алғашқы  буржуазиялық  құбылыс  –  ХІҮ  ғ.  Аяғында  ХҮ  ғ.  басында  Еуропада,  оның 
ішінде  Италияда  қалыптасты.  Бұл  мəдени  төңкеріс  Венециядан  басталып  бүкіл 
Италияны қамтыды. Бұл кезеңде итальян қоғамы Греция мен Римнің көне мəдениетіне 
ерекше мəн беріп, көне мəдени жəне əдеби мұраларды жаңғыртумен қызу айналысып 
кетті.  Тұңғыш рет  Еуропа  діни  идеялар  негізінде  емес  жалпы  адамзаттық  гуманистік 
идеялар  негізінде  бірігуге  мүмкіндік  алды.  Ғылымда  бұл  құбылыс  қайта  өрлеу  жіне 
гуманизм дəуірі деп сипатталады.  
  Қайта жаңғыру құбылысын сол кездегі мəдениеттің барлық салалары да басынан 
кешірді. Сол кезең əдебиетінде көптеген тамаша туындылар дүниеге келді. Екі ғасырға 
созылған бұл тарихи кезеңнің əр ғасыры тамаша дарынды  адамдарды өнер сахнасына 
əкелді.  Солардың  бірі  –  қайта  жаңғыру  мəдениетінің  бастауында  болған  ұлы  Данте 
Алигьери  (1265-1321ж.ж.).  Оның  қылқаламынан  шыққан  атақты  комедияның 
кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті 
комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка жəне Джованни Боккачо Қайта өрлеу 
дəуірінің дарынды өнер қайраткерлері жəне итальян тілінің негізін қалаушылар болды. 
Олардың  шығармалары  дүниежүзілік  əдебиетке  қосылған  тамаша  туындылар 
қатарынан орын алды. Мысалы Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне» 
арналған  сонеттері  өзінің  тірі  кезінде-ақ  əлемге  əйгілі  болды.  Оның  жолын 
қуушылардың  бірі  –  «Декамеронның»  авторы  атақты  Боккачоның  гуманистік 
идеяларға  толы  реалистік  новеллалары  –  дүниежүзілік  əдебиет  саласындағы  соны 
құбылыс боп саналады. 
  Қайта  жаңғыру  құбылысының  басты  назары  адам  тұлғасына  аударылды.  Адам 
бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дəрежеге көтеру жəне 
оның  ар-намысын,  абыройын  қорғау  басты  орынға  қойылды.  Бірақ  осындай  ұлы 
бастамалардың  жаршысы  болған  Италия  елінде  алғаш  рет  католиктік  реакция 
басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ 
ғ.  40-ж.  инквизиция  басталды.  Еркін  ой  иелерін  қудалап,  айыптау  мақсатында  ІҮ-ші 
Павлдың  бастамасымен  тыйым  салынған  кітаптардың  тізімі  жасалды.  Бұл  тізімге 
христиан  дінінің  қағидаларына  қайшы  келетін,  адамдардың  сана  сезіміне  əсер  ететін 
шығармалар  енді.  Оның  қатарына  Джованни  Боккачо  сияқты  Италияның  ұлы 
гуманистерінің  шығармалары  да  жатқызылды.  Тыйым  салынған  кітаптар  отқа 
жағылды. 
  Германияда  гуманизм  идеялары  ХҮ  ғ.  ортасына  қарай  тарай  бастады  жəне 
оларды  негізінен  прогрессивтік  интеллигенция  мен  жоғары  оқу  орындарының 
ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы 
Қайта  жаңғыру  дəуірінің  бастамасы  болды.  Библияның  неміс  тіліне  аударылуы  – 
немістің  ортақ  əдеби  тілінің  қалыптасуына  да  əсерін  тигізді.  Германиядағы  Қайта 
жаңғыру  Реформациямен  тығыз  байланысты  болды  (католиктік  шіркеуді  реформалау 
қозғалысы). 
  Немістің  гуманистік  əдебиетінің  белгілі  өкілдерінің  бірі  –  Иоганн  Рейхлин 
(1455-1522  ж.ж.)  –  «Письма  темных  людей»  деп  аталатын  атақты  сатиралық 
шығарманың  авторы.  Ол  бұл  еңбегінде  ғылыми  атақтары  бар  магистр  мен 
бакалаврлардың  қара  ниетін  айыптап,  қоғамдық  өмірді  сынға  алды,  Сондай-ақ 
Себастьян  Бранттың  «Ақымақтар  кемесі»,  Ульрих  фон  Гуттеннің,  Ганс  Санстың 

шығармалары  да  осы  кезең  туындылары.  «Халық  кітаптары»  деп  аталатын  жалпы 
əдебиет  саласындағы  соны  құбылыс  та  Германияда  Қайта  өрлеу  дəуірінде  пайда 
болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль 
Эйленшпигель»,  «Доктор  Фауст»,  «Шильдбюргерлер»  жəне  т.б..  Олардың  авторлары 
белгісіз. 
  Нидерландыдағы  Қайта  жаңғыру  қозғалысының  алыбы  Эразм  Роттердамский 
болды.  Оның  «Есерсоқтықты  мақтаған  сөз»,  «Үйдегі  əңгіме»  сияқты  өмірдің  сан-
саласын  қамтитын  сатиралық  шығармалары  Германияға,  Францияға,  Италияға, 
Англияға  кеңінен  тарады.  Ол  өз  шығармаларында  корольдер  мен  княздердің, 
феодалдардың  саяси  озбырлықтарын  əшкерелеп,  халыққа  қайғы-қасірет  əкелетін 
соғыстарды  сынға  алды.  Бұл  тұста  Нидерландының  ұлттық  гимнінің  авторы  Филип 
Альхонде  жəне  т.б.  баға  жетпес  туындылар  берді.  Нидерландының  мəдени  өмірінің 
басты  ерекшелігі  –  қалаларда  ғана  емес,  шағын  деревняларда  да  риторикалық 
қоғамдардың  құрылуы  болды.  Бұл  қоғамдардың  мүшелері  өлең,  əн,  пьесса,  əңгіме 
шығарудан өнер сайысына түсетін болды.  
  Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мəдени дəрежесінің көтерілуіне үлкен 
үлес қосты. 
   Англияда  гуманистік  идеялардың  орталығы  –  Оксфорд  университетінде  өз 
заманының  алдыңғы  қатарлы  ғалымдары  –  Гросин,  Линанр,  Конет  жəне  т.б.  жемісті 
еңбек  етті.  Əлеуметтік  философия  саласындағы  гуманистік  қағидалардың  дамуы 
«Утопияның»  авторы.  Томас  Мордың  есімімен  тығыз  байланысты.  ХҮІ  ғ.  бірінші 
жартысында  көркем  əлебиет  саласында  драматургия  алдыңғы  орынға  шықты. 
«Қаңғыбастар»  ретінде  қатаң  жазалану  қаупіне  қарамастан  елде  актерлердің 
«Қыдырма»  топтары  көбейе  түсті.  Ағылшын  Ренессансының  алыбы,  ағылшын 
халқының  ұлы  драматургы  –  Вильям  Шекспир  болды.  Оның  қаламынан  шыққан 
«Гамлет»,  «Король  Лир»,  «Отелло»,  «Юлий  Цезарь»,  «Асауға  тұсау»,  «Генрих  ҮІ», 
«Ричард  ІІІ»  сияқты  трагедиялары  мен  тарихи  пьесалары  дүниежүзілік  даңқ  пен 
құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дəуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің 
есімімен тығыз байланысты. 
  Еуропаның  басқа  бір  елі  –  Испанияда  Қайта  жаңғыру  дəуірі  басқа  елдерге 
қарағанда  қарама-қайшылықтарға  толы  болды.  Сегіз  ғасыр  бойы  арабтардың  қол 
астында  болған  испандықтардың  ұлттық  тəуелсіздігі  үшін  күресі  жеңіспен  аяқталды. 
Осы  бір  азаттық  күрес  заманында  «рыцарьлық»  романдар  кеңінен  тарады.  Бұл 
жанрдың  негізін  қалаушы  атақты  трагедиялық  комедияның  «Селестинаның»  авторы 
Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша əдеби дəстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон 
Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының 
авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан əрі жалғастырды. 
  Испанияның  ұлттық  драматургиясының  негізін  қалаушы,  Шекспирмен  қатар 
«Дəуір  алыбы»  деген  құрметті  атаққа  ие  болған,  екі  мыңдай  əдеби  шығармалардың 
авторы  ұлы  Лопе  де  Вега  дүниежүзілік  драматургия  саласында  алдыңғы  қатарда 
болды.  Оның  атақты  туындылары  «Би  мұғалімі»,  «Вакенсия  жесірі»,  «Құмыра 
көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты. 
   Францияда  гуманистік  қозғалыс  тек  ХҮІ  ғ.  басында  ғана  етек  алды.  Француз 
гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа 
мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды. 
Тексеру сұрақтары: 
Ренессанс. Қайта жаңғыру құбылысы жəнеі мəдени салалар.  
Қайта жаңғыру құбылысының басты мақсаты. 

Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
       13-апта 
1  кредит сағат 
    №13 дəріс сабақ. Тақырыбы: Тақырып: Веда əдебиеті, санскрит əдебиеті. 
Дəріс  мазмұны:  Веда  əдебиеті  "веда"  —  сөзі  —  "білім",  "нақты,  жоғары  қасиетті 
білім"  ұғымдарын  береді.  "Ригведа"  —  веда  əдебиеті  /əнұрандары  ведасы/  негізін 
құрайды /"риг" сөзі "əнұран" ұғымын береді/.  
Б. з. д. IV—VIII ғ. Санскрит əдебиеті. Үнділік орта ғасырдағы Гуптар əулеті  билеген 
империя.  Əдебиет  пен  өнердің  дамуы.  Буддизм  мен  джайнизмді  брахмандық  діни 
бағыттың түпкілікті жеңуі. 
Ежелгі үнді əдебиеті тұтастай алғанда əдеби дəстүрмен эстетикалық байланысы, ал 
құрылымы жағынан ерекшеленуі мүмкін. Дəл осы тарихи бірлік  қазіргі Үндістанның, 
Пəкістанның, Бангладеш мəдениетімен қоса ежелгі үнді əдебиеті жəне жалпы 
халықтық сипат беріп əдебиет арқылы тұтастай бір халықты көрсетеді. Əлем 
əдебиетінде ежелгі үнді əдебиетінің алар орны ерекше, əлі күнге дейін өз 
маңыздылығын жойған жоқ.Алдымен ең ұлыəдебет қатарына жатқызсақ керемет 
үлгідегі кең ауқымды жанрлар эпос, лирика,драматургиясы мен прозасы жағынан сан 
алуан.Көптеген туындылар сол кездің өзінде ақ танымал болып, Үндістанға көршілес 
жатқан  Орта Азиядан бастап Қиыр Шығыс пен Индонизияға 12-13 ғ. Бастап Еуропа 
əдебиетінде кең таралған. Басында көрсеткеніміздей Үнді əдебиеті өте ежелден келе 
жатыр.  Тек Египет пен Шумер- аккад əдебиетінің соңында (Хет жазба əдебиетін 
санамағанда) тұр. «Үнді европа тілі» үнді сөзінің өзі ежелгі үнді əдебиетінің европаға 
келуінен бастау алады. 18-ғасырдың соңы мен 19-ғасырдың басында 
У.Джонспен,Ф.Болн санскриттердің өлі жəне тірі европа тілдерімен (грек, латын, 
герман, славян) ұқсатқан.Үнді европа тілдерінің шығуы туралы гипотезі идеологиямен 
мəдени көне əдеби естеліктерін, халықтың тіл ерекшелігін түсіндіреді.Осы бағытта ең 
көнеден келе жатқан мұра- ведалар. Үнділердің тарихи мұраларының аз сақталуы 
«Ұлы ұрпақтың» яғни үндістердің хронологияға деген селқостығынан деп 
түсіндіріледі. Діни философиялық көзқарастары уақыт ұғымына қайшы келген. Бұның 
бəрі көне үнді əдебиетінің зерттеуде үлкен қиындықтар алып келді. Сол кездегі 
жəдігерлердің уақыты белгісіз гипотеза жəне болжам түрінде даталарды тарихқа 
орналастырды. Көптеген əдебиет мазмұнында фантастикалық аңыздар ескі салт-
санадан айқын көрініс табады.Еж.үнді əд-ті басқа əдебиет түрлері сияқты əлем 
əдебиетінде нақты бөліктер діни, светтік, ғылыми, көркем, дидактикалық 
бөлінбеді.Ведада, буддалардың канонында-«Типитакта» тамашва мəтін қызықты 
əсіресе дін өкілдеріне тəн əр түрлі үзінділер классикалық эпостан «Махабхарата»мен 
«Рамаянада» моральдық жəне философиялық тенденциялар, үнді əңгемелерімен 
мысалдарының атақты жинақтары орта ғасырда бүкіл əлемге тіпті саяси бағытта да, 
санскрит поэзиясымен де ұштасты. Мысалға, өнер эпосында ұлттық нақыштағы 
көркем əдістер иллюстрациялық ғылыми бағытта.Ежелгі үнді əдебиетінде поэзия мен 
проза арасында принциптік айырмашылық көрінбеді. Кез-келген 
діни,ғылыми,ертегі,эпикалық, тарихи тақырыпта өлең үлгісінде де прозалық формадан 
да көрініс тапты.Бұдан- сан алуан жанрды, м:ежелгі үнді романдары енді өрнектелген 
поэзияға көшті.Бұдан енді философиялық шығармалар, медицина грамматика, 
астрономия,архитектура саласынагн өлең түрінде хабардар етті.Ал бұдан келіп кең 
ауқымды гибридтелген əдеби форма-өлең туындылары жəне прозалар-көне уақыттан 
бергі заманды қамтиды. Мұның бəріде көне үнді мұрағаттарын талдауда белгілі 

қиындықтар туғызады. Біз ерікті еріксіз түрде кейде кей туындыларға соның ішінде 
көркем əдебиет шеңбері немесе қатысы жоқ шығармаларға сыни көзбен қараймыз. 
Əсіресе бұлар көне идеологиялық синкретизмнің эпохасына қатысты. Əдебиет 
мифологиялық, діни, немесе культті мəтін болса, бұл мұралар ежелгі үнді əдебиетінің 
мазмұнын кеңірек ашып толықтай спецификасын көрсетеді. Біздің осы уақытқы 
жеткен үнділердің жəдігері, бірден-бір құнды мұрасы «Ригведа» үнді мəдениетінің 
көрінісі осы шығарма арқылы айқын көрініс береді. Алайда ірі археологиялық ашулар 
соңғы алпыс жылда үндістанның солтүстік батысында табылып тарихқа тереңірек 
үңілуге мүмкіндік береді. 1421ж Хараппка (Пенджаб), кейіннен қазіргі синданың, 
Пенджаб, Белужистан обл-да жүрг-н қазба жұмыстары б.э.д.3-2 мыңж. Үнді 
бассейнінде жəне үндістанның солт.батыс өңірлерінде 800000км квадрат территория 
шамасында жоғары қарқынды қалалық өркениет дамыған. Бұл өркениет «Кеңістік 
өркениеті»немесе Мохинджо-Даро жəне Харапп (табылған қалалар атымен) деп 
а.археологтардың айтуынша үнді жазықтығының турғындары ежелгі мəдениеттің 
қалаушылары болған.4мың жылдан астам бурын(қазба жұмыстары кезінде 200-ге 
тарта қала табылған(екі қабатты тас үйлер нақты жобаларменқатты жақтау 
қабырғалармен,кірпіштен құйылған монша,бассейн,құдықтар,тіпті базарда 
болған,Қала тұрғындар мал шаруашылығымен,егіншілікпен,көптеген кəсіппен соның 
ішінде зергерлік,қолөнер жұмыстарымен айналысқан.Сол кездегі өркениетті елдер 
Элам,Шумер,Египет,Крит мүмкін тіпті Кавказ,Троя елдерімен сауда қарым-
қатынасында болған.Табылған қунды дүниелер арасынан үнділердің өнерін 
асқақтататын б.э.д. 3ғ.Шиннен тамаша геометриялық өрнектерімен безендірілген 
сансызмөр-амулеттер адам бейнесінде,жануар,өсімдік суреттерімен 
көмкерілген.Тастан соғылған статуэткалар,терракот,бронзалар.үнді жазықтығынан 
табылған мөр-амулеттер зерттеушілерге көптеген ой туғызды.бұлар еж.Месопотамия 
соның ішінде Ура мен КИШАқалаларынан қазба жұмыстары кезінде табылған.    
 
№ 14 дəріс сабақ. Тақырыбы: Түрік əдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар: 
Түрік əдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы 
жəне оныі əлем əдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ əдебиеттерінің 
байланысы.   
Дəріс мазмұны:  
Түрік əдебиетінің тууына түріктердің ата- тегі , яғни оғыз тобына жататын түркі 
тайпаларының    Кіші  Азияға  басып  кіруі  əсер  етті  жəне  сол  кезден  бастап  түрік 
халқының  ,  мемлекетінің  құрылуы  басталды.  (  ХІ  –  ХІІІ  ғғ)  .  Түрік  əдебиетінің 
қалыптасуы жəне дамуы басқа түркі халықтарымен тығыз байланыста жүрді. Азия мен 
Заквказьяде түріктердің түркі халықтарымен мəдени араласуы орта ғасырға тəн қасиет. 
Осы кезде түрік тілінің  дамуының  бір факторы – үлкен мəдени орталықты құрудағы 
канондық  тілдер:  Парсы  жəне  араб  тілдерін  жедел  үйрену  болып  табылады.  Осы 
орталықтың  ішінде  қалыптасқан  байланыстар  бір  жазу  жүйесі    (  араб  графикасы)  , 
оның құрамына кіретін түркі тілдеріне əдеби тілдің жақындығы жеңілдетті.  ХІ  –  ХІІІ 
ғғ  Кіші  Азия    жəне  Византия  империясын  жаулаған  жəне  сол  жерлерде  түркі 
мемлекеттерін  қалыптастырған  (Сельджук  сұлтандығы)  түркі  тайпаларында 
феодалдық құрылыс дамудың ерте кезеңіне жатты. Оларда көшпелі өмір басым болды. 
Бірақ  Кіші  Азияға  келгннің  өзінде-  ақ    түркі  –оғыздар  ислам  дінін  қабылдағанмен  , 
оларда көптеген сақталып қалды. Оғыз тайпалары түрік əдебиетінің тууына əсер еткен 
өздерінің  бай  ауызша  поэтикалық  салт-  дəстүрлерін  жаңа  отандарына  алып  келді. 

Оғыздар арасында мифологиялық – тарихи аңыздар жəне ауыз əдебиеті « Оғыз- наме » 
деген атпен тарады. Бұл да ата- бабалардың барлық рухани мұрасы, Оғыз қаған туралы 
жазылған.  Сельджүк  сұлтандығы  кезінде  заң  күшінде  сақталған,  əртүрлі  тілдерде 
жазылған  жəне  бірнеше  ескерткіштер  мен  тарихи  хроникалардан  əр  түрлі  кезеңде 
құралған  ( ХІҮ – ХҮІІ ғғ)  оғыз наменің бөлек өсиеттері  Араб елдерінде, Түркияда, 
Иранда; Орта Азияда табылды. Космологиялық мифтердің жəне тотемдік аңыздардың 
белгілері оғыздың  (өгіз) шығуы туралы аңызда жазылған. Оның балалары ғарыштық 
атқа  ие:  үлкендері,  аспан  –  Анадан  туылғандар  –  Күн,  Ай  ,  Жұлдыз  ;  кішілері  жер  – 
Анадан  туылғандар  –  Аспан,  Тау,  Теңіз  .  Осы  оғыздың  балаларынан  генеологиялық 
аңыз  бойынша  ,  24  оғыз  тайпалары  тарайды.  Эпикалық  аңыздардың  кейіпкерлері 
болып  оғыз  батырлары  шықты.  Олардың  көшпелі  өмірлерінің  ескі  образдары  жаңаға 
ауысты.  Оғыз  эпостарын  орындаушысы  деп  –  қобызда  ойнайтын  тайпа  жыршысын 
атаған.  ХҮ  –  ХҮІ  ғғ  батырлық  жырлар  ең  алғаш  болып  «  Китаб  –  и  дəдем  қорқуд» 
деген кітапқа біріктіріліп жазылды. Бұл шығарма –  барлық түркі халықтарына ортақ 
ескерткіш.  Кітапқа  мақал-  мəтелдер,  жоқтау  т.б  кіші  дидактикалық  жанр  түрлері 
кірістірілген.  Түрік  əдебиетінің  жазу  дəстүрінің  маңыздылығы  –  миссионерлік 
сопылық  уағыз.  Оппозициялық  ортодоксальды  діндер  (  сунна  түріндегі  ислам), 
ағымдар  əсіресе  Кіші  Азияда  көп  тарады.  Бізге  дейін  жеткен  сопылық  уағыздаушы 
Ахмед  Факихтың  «  Чарх-  наме»  (  ХІІІ  ғ)  шығармасы  жатады.  Поэма  монғол 
басқыншылығы  кезінде  жазылды.  Ол    «  Өлім    -  барлқық  тірілердің  өтетін  қақпасы  , 
онда  бəрі  тең»  дейді.  Атақты  ақын  Джалалад-  Дин  Румидің  өлеңдері  миссионерлік 
мақсатта  жазылды.  (  1207  –  1279  жж  ).  Ол  Сельджук  сұлтандығының  астанасы  – 
Кошия қаласында 
өмір  сүрді,  бұл  қала  Кіші  Азияда  сопылық  идеологиялық 
таралуына  үлкен  ықпал  етті.  Д.  Руми  өлеңдерін  парсы  жəне  түрік  тілдерінде  жазған. 
Оның ақындық дəтүрін оның баласы Сұлтан Уелет ( 1226 – 1312 жж ) жалғастырды. 
Оның уағыздары көбінесе парсы тілінде жазылып , көп кешікпей 1301 ж поэтикалық 
трилоиясы – « », « Ребаб- наме », « Имтиха- наме» жарыққа келді. ХІІІ ғасырға Шейад 
Хамзаның  «  Иосиф  прекрасныйдың  »  библио-  құрандық  тарихы  туралы  бірінші 
романтикалық  түрік  поэмасы  жатады.  Бұл  парсы  тілдік  жəне  бірінші  түркі  тілдік  « 
Қисса- и юсуф» поэмасында халық шығармашылығының бас нұсқасы көрсетілген.  
Осы  ғасырдың  мықты  ақындарының  бірі  Юнус  Эмре  (  1250  –  1320  )  .  Аңыз 
бойынша  ,  ақын  сарыкей  ауылында  өмірге  келіп,  көп  жылдар  бойы  сопы  шейх 
Тантуктың  оқушысы  болған.  Содан  кейін  ол  көп  жерлерді  аралап,  уағыз  айтады.  Ю. 
Эмре сопылық поэзиясында махаббат пен қайғы арқылы рахат алуды жазады жəне ол 
өзін құдайға теңеп «от болып жанып, су болып тасиды». Бір өлеңінде « Мен құдайды 
адамнан таптып» дейді. 
Тексеру сұрақтары: 
Түрік əдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы 
жəне оныі əлем əдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ əдебиеттерінің 
байланысы.   
Əдебиет :  3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген. 
 
№15 дəріс сабақ. Тақырыбы: Татар əдебиеті. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Жазба əдебиеті бастаулары.Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған 
«Жүсіп жəне Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық 
«Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма 
т.б.  

Дəріс мазмұны:  
Жазба  əдебиеті  көне  дəуірден  басталады.  Ең  көне  үлгілері  –  Ғалидың  ізгі 
махаббаты  жырлаған  «Жүсіп  жəне  Зылиха»  (13  ғ-дың  басы)  поэмасы  мен  авторы 
белгісіз  діни-эпикалық  «Кесікбас»  («Кисекбаш»)  жыры,  «Сопыларға  өсиет»  атты 
дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дəуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) 
«Хұсрау 
жəне 
Шырын» 
(1342) 
поэмасы 
мен 
Хорезмидің 
«Махаббат 
кітабы»(1354),беріректегі  Махмұт  Бұлғаридің  «Жұмаққа  жолы»  (1370)  мен 
Мұхамедиярдың  əр  алуан  поэмаларын  (16ғ.)  атауға  болады.  Феодализм  дəуіріндегі 
татар жазба əдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның 
өкілдері:  Мавля  Кули  (17ғ.2-жартысы),  Утыз  Имяни(1754-1834),  Шамсетдин  Заки 
(1825-65)  жəне  т.б.  болды.  18  ғ-дағы  əдебиетте  саяхатнамалар  (Ғали  Чокри,  1826-89) 
басым  болса,  19ғ-да  діни  мадақ  өлеңдер,  хат,  əңгімелердің  авторларымен  қатар, 
Əбділманих  Ғабдессалямолв  –Қарғалы  (1782-1828),  Ғабделжаббар  Қандали(1797-
1860),  Мифтахетдин  Ақмолла  (1831-95),  Яков  Емельянов  (1848-99)  тəрізді  татардың 
реалистік  поэзиясының  қалыптасыуна  елеулі  үлес  қосқан  бір  топ  ағартушы  ақын-
жазушылар əдебиет майданына келді.  
19ғ.  əдебиетінде  мұсылмандық  схоластикаға  қарсы  ағартушы-демократиялық  бағыт 
кең  өріс  алды.бұл  тұста  Əбунасыр  Курсави  (1776-1818)  бастаған  антифеод.  күресті 
Шигабутдин  Маржани  (1813-89)  одан  əрі  жалғастырадлы.  Каюм  Насыри  (1825-1902) 
өзінің  əдеби,  ғылыми  пед.еңбектерімен  ттардың  қазіргі  əдеби  тілінің  негізін  қалады. 
Ақмолла,  Загир  Бигеев  (1870-1902),  Ғадірахман  Ильяси  (1856-95),  Фатих  Халиди 
(1851-1923)  шығармаларында  адамгершілік,  ізгілік  пен  зұлымдық,  надандықтың 
бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) 
бастаған  бұл  күрес  20ғ-дың  басындағы  əдебиетте  революциялық-демократиялық 
бағытқа  келіп  ұласты.  1905-07  жылдардағы  революция  тұсында  татар  тілінде 
газет,журналдар  шыға  бастады,  əдеби-сын,  революциялық  публистицтика  дамыды. 
Дəл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), 
Ғалымжан  Ибрагимов  (1887-1938),  Мажит  Ғафури  (1880-1934),Ғ.Камал  (1879-1933), 
Ф.Амирхан  (1886-1926),  Ш.Камал  (1884-1942)  тəрізді  ақын,  жазушылар  жігерлі  үн 
қосты.  Рев.-демокр.  идеология  мен  либералдық-буржуазия  күшейе  түсуі 
пролет.əдебиеттің  тууына  жол  салды.  Бұл  жағдай  революционер  –  жазушы  Ғ.  
Құлахметов  (1881-1918)  творчествосынан  айқын  көрініс  тапты.  əдебиетке  С.Рамиев 
(1880-1926),  З.Ярмаки  (1890-1965),Ш.Бабич  (1895-1919),  Мұхаммед  Ғали  (1893-
1952),Ф.Валиев  (1892-1914),  М.Файзи  (1891-1928),  К.Тинчурин  (1887-1947)  тəрізді 
ақын,  жазушылар  қосылып,  Ұлы  Октябрь  революциясын  құшақ  жая  қарсы  алды. 
Азамат  соғысы  жылдары  əдебиет  майданына  Ш.Усманов  (1898-1937),  М.Мақсұт 
(1900-62),  Қ.Нажми  (1901-57),  Мұса  Жалил  (1906-44),  Х.Такташ  (1901-31),  А.Шамов 
(1901ж.т.),  Б.Рахмат(1897-1957)  тəрізді  жауынгер  жазушылар  келіп  қосылды.  Татар 
совет  əдебиетінің  20  жылдардағы  туындылары  Ғ.Ибрагимовтың  «Қызыл  гүлдар» 
(1922)  повесі  мен  «Терең  тамырлар»  (1928)  романында,  Ш.Камалдың  «Таң  сəріде» 
(1927)  романы  мен  Қ.Нажмидың  «Шұғылалы  соқпақ»,  «Күн  астындағы  жаңбыр» 
(1930)  повестреніде,  сондай-ақ  Ф.Бурнаш  (1898-1946),  Х.Туфан  (1900  ж.т.) 
шығармаларында  жаңа  өмірдің  жалынды  күрескерлерінің  бейнелері  жасалып,  дəір 
көріністері  эпикалық  сипат  алды.  30  жылдары  татар  əдебиетінде  соц.реализм 
қалыптаса  бастады.  Еңбек,  коллективтендіру,  өндіріс  тақырыбы  өз  шешімін  тапты. 
Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) 
«Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) 
«Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең əдебиетінен адамның рузани 

өмірін  филос.мəнмен  жырлайтын  А.Файдидің  (1903  –  58)  «Флейталар»  поэмасы  мен 
«Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Əдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде 
болды.  Комедия  жанрларында  К.Тинчурин  (1887-1947),  Хұсни,  Н.Исанбет  (1900ж.т.) 
тəріздес  жазушылар  көзге  түсті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  көптеген  ақын, 
жазушылар  майданға  аттанып,  жауға  қарсы  күресте  қаламымен  де,  қаруымен  де 
қажырлы  еңбек  етті.  Мұса  Жалил,  Ф.Карим,  С.Хаким  (19911  ж.т.),  М.Садри  (1903 
ж.т.),  З.  Нұри  (1921ж.т.),  С.Баттал  (1925ж.т.)  жырлары  мен  Нəжми,  Ғази,  Х.Усманов 
(1908ж.т.),  Т.Гиззат  (1895-1955).  Н.Исанбет  (1900ж.т.)  шығармалары  соғыс 
жылдарының  əдеби  жылнамасына  айналды.  Мұса  Жалилдің  «Моабит  дəптері»  кейін 
тарихи өшпес даңққа бөленді. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал