7-семинар Желілік әдебиеттегі жанрлық трансформация (Өтеміс Айгүл) Замана көшінен ілгері дамыған сайын, оның қарым-қатынас атмосферасы дами түсетіндігі рас. Қоғамдағы қарым-қатынастың шынайы түрінен желілік деңгеге ыңғайлануы сол ортадағы әдебиеттің желіде таралуына да ықпал етті. Желілік әдебиеттің таралуы көзі – интернет. Интернет арқылы көпшілікке таралып, интернеттің көмегімен әдеби шығармалардың өз шама-шарқынша цифрлануын айтсақ болады. Әдеби үдерістің коммуникациядан қалыс қалмауы сияқты, коммнуикацияның интернеттен қалыс қалуы да мүмкін емес. Интернеттің дамуы ілгерілеген сайын, әдеби процесстің де алға жылжуы, трансформацияға ұшырауы бек мүмкін. Трансформормацияның қоғамдағы шағын мысалы газет орнын әлеуметтік желі, қағаз кітаптарды электонды оқулықтар, әдеби порталдар, дәстүрлі дүкен орындарын онлайн дүкендер, жол жүруде онлан сілтемемен «ibdriver», «яндекс такси», ақша аударымдарының онлайн түрдегі жедел аударымдары деген секілді жүйеге ауысты. Қоғамдық құбылыстардың осылайша трансформациялануы әдеби жүйенің трансформациялануына әсер еткендей.
Әдеби жанрлардың трансформациялану процесін әдебиеттің тектері проза, поэзия, драма секілді түрлеріндегі өзіне тән жанрардың өзгеріске ұшырауы деп бағамдайтын болсақ, мысалы, проза тегіне жататын әңгіме жанрын алайық. Әңгіме жанры желелік әдебиетте өзіндік өзгеріске ұшырай бастады, желіде танымал болған авторлардың шығармаларына зер салсақ, олардың өз шығармасына түрлі гиперсілтемелердің көмегін пайдаланғанын байқауға болады. Мерей Қосынның «Буве нүктесі» әңгімесінде трансформация прцесін байқай аламыз. Себебі, бұл әңгіме кейіпкердің жеті түрлі түс көру арқылы, виртуалды бейнелер жасай отырып, «Humans of New York» парақшасы туралы автор өзінің тарапынан сілтеме тастады.
Желілік әдебиеттегі поэзия тегінде жанрларда белгілі бір деңгейде трансформацияға ұшыраған. Мысалы, лирикалық өлеңдерден Мақпал Жұмабайдың өзіндік мақамымен айтып жүрген өлең жолдарын жатқызсақ болады. Қазіргі заманның өзіндік пікірімен өзгешеленетін «Ninety One» тобының да өзіндік мақамымен айтып жүрген өлеңдері де саралап қарайтын болсақ поэзиялық туындылар болған. Бірақ бұл оқырман мен тыдарман, автор арасындағы норрация желілік әдебиеттің трансформациясына ұшырады.
Әдебиеттің медиалық жүйеге құлаш ұруы оқырман мен тыңдарманның да талғамын кеңіте түсті деп ойлаймын. Өзім жақсы көретін «Побег из Шоушенка» романының кітап нұсқасын оқып бір бөлек әсер аламын да, ал оның медиалық бағытта таралуын тамашалап бір бөлек әсерде болдым. Яғни, бұл әдеби кітаптың оқырманға жеткізілу жолындағы трансформациялануы, яғни кино болып жарық көруінің жағымды әсері бар секілді көрінеді. Әдеби романнан кинороманға қарай бағыт алуы да әдеби трансформация екенін аңғардым.
Драмалық жанрдағы шығармалардың театр сахнасында сомдалуы мен кітап беттерінде оқылуының арасында үлкен айырмашылық бар, сол секілді бұл драмалардың интернетте таралуы мен оған қатысты пікірлердің көп болуы, оқырманды сол драманы көруге шақыратындай. Интернеттік желіде таралу арқылы, сол драмалық шығарманың оқырманға таралуы да көбірек болады.
Лина Сариннің «Сетература как художественное явление: между постмодернизмом и массовой культурой» атты мақаласын оқып төмендегі мәліметтерді байқауға болады:
Әдеби порталдарда визиуалды мүмкіндіктерді пайдалану арқылы шығарма жариялау желілік әдебиетке жатады.
Желілік әдебиеттегі әр мәтіннің астарында түрлі ақпараттар жатуына байланысты, автор өз шығармасын нөлден бастамайды. Яғни, мәтінге дейінгі айтылып кеткен архтиптерді пайдаланады.
Автордың ойына, желілік әдебиет бір қарағанда постмодернизмнің «баласы» секілді деп баға береді және постмоденизмнің аяқталыпоның трансформациясына ұшырауын жатқызады. Оры ақыны Александр Кабановтың желілік әдебиетке жататын өлеңінен мысал келтіреді. Яғни, бұл ақынның өзінің эмоциясын беру жолы смайликтерді қосу. Төмендегі өлеңде өзінің эмоциясын береді:
Пахнет рыбой интернет-кафе,
сохнут сети по второй строфе,
В третьей – начинается регата:
ухты, ахты, яхты, морячье!
Море – шепелявое, ничьё,
как дитя под листьями шпинат, - осы өлеңде
ухты, ахты, яхты» сөздерінде эмоциялық әсерінің анық байқауға болады.
Сонымен қатар осы мақалада әдеби күнделіктерде талданады. Қазіргі таңдағы әдеби күнделіктер жазу әлеуметтік желілердегі пост, блогтарды жатқызады. Әлеуметтік желілердегі посттарда смайликтер, видеолар, фотолар қосуға болатындығын ескерсек, күнделік, очерк жанрының желілік әдебиеттегі трансформацияға ұшырағандығын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, желілік әдебиеттегі жанрлық трасформацияға ұшырауын қоғамдағы әдеби үдерістің дамып жатқандығын көрсетеді деп ойлаймын. Желілік әдебиет оқырманға қолжетімділік, еркіндік, оқуда шексіздік сыйлайды деп ойлаймын.