Семинар жұмысы Тақырыбы: «Қарым-қатынас психологиясы. Қызметтік қатынастар мен байланыс»


Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі87,25 Kb.
#117031
түріСеминар
1   2   3
Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі.

Бірін-бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті асығыс қорытынды жсауға бейімшіл келеді.
Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті деген жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да нәтижеде назарға алған адам жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі-заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.
Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан , адам нақты көріп тұрғанымен естігеніне сеніп қалады, ал көзбен құлқ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл күйінің жағдайны тәуелді.
Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет –қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін. Ал адамөзінің бақылау астында екенін сезсе , өзінің әдеттегі қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Мысалы дәрігердің сырқатты өзінің қызмет кабинетінде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшедене демалыс орнында кездестіріп, тануы үлкен өгешеліктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесіне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендіріп тұрған шеп болмайды.
Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай , үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен , болжамы нақты деректермен айқындалмайынша , бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет