Семинар өз деңгейінде өтті аудандық МӘслихатта м. МашайықҰЛЫ. 22 шілде, 2014 жыл. Аудандық



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата21.01.2017
өлшемі8,67 Mb.
#2387
түріСеминар
1   2   3   4   5

Серік РАХМЕТОВ.

(bag.kz порталы). 

РедАкциядАн: 

Ұлтымыздың 

ұланғасыр 

тарихында  асыл  аналарымыздың  да  қалдырған 

айшықты  іздері  сайрап  жатыр.  Солардың  бірі  - 

Айғаным  Сарғалдаққызы.  (1783  -1853).  Әрине,  Айға-

ным  ханымның  атақты  ғалым  Шоқан  Уәлиханов-

тың  әжесі  болғаны  баршаға  мәлім.  Әжесі,  Уәлидің 

кіші  әйелі.    Ол  өз  кезеңінің  алдыңғы  қатарлы 

адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. 

Петербургтегі,  Ресей  сыртқы  істер  министрінің 

Азия  департаментімен  хат  жазысып,  Омбыдағы, 

Тобыл  мен  Петропавлдағы  шенеуніктермен 

тығыз  байланыс  орнатқан.  Уәли  ханның  өлімінен 

кейін  (1821)  барлық  мұра  оның  ұлдары  арасында 

бөлінді. Хан ордасы, яғни,  «Ханның қызыл ағашы» 

ордасы — үлкен ұлы Ғұбайдолланың ұрпақтарына, 

Сырымбет Уәлидің кіші әйелі — Айғанымнан туған 

балалардың иелігіне қалды. Уәли қайтыс болғанда 

Шоқанның  әкесі  —  Шыңғыс    небәрі  10  жаста 

болатын.  Әкенің  барлық  мұрасы  ғұрып  бойынша 

үлкен  ұлы  Ғұбайдоллаға  өтуге  тиіс  еді.  Бірақ 

Ғұбайдолла  саяси  жағдайларға  байланысты  әке 

мұрасына  ие  бола  алмады.  Ол  ұзақ  уақыт  айдауда 

жүріп, қаза тапты. Сондықтан Уәли әулетіндегі ел 

басқару  ісі  оның  жесірі  Айғанымның  қолына  тиді. 

Айғаным  өз  заманының  алдыңғы  қатарлы  адамы 

болды. Айғанымның өз халқы алдындағы айрықша 

беделін  түсінген  патша  өкіметі  қазақтарға 

қатысты  көптеген  істерді  шешуде  ол  кісімен 

ақылдасып отырған. Біз  өз заманының аса беделді 

тұлғаларының  бірі  болған  Айғаным  ана  туралы 

оқырмандарымызға  барынша  мол  мағлұмат  беру 

мақсатында    жерлесіміз  С.Рахметовтің  bag.kz 

порталында жарияланған «Әлемнің бес тілін білген 

Айғаным» атты мақаласын жариялап отырмыз. 

26 шілде, 2014 жыл

       №30 (5950)

8

ҰЛЫТАУ  ӨҢІРІ



ҰЛЫТАУ  ӨҢІРІ

Сыбайлас жемқорлық ел

экономикасының  көтерілуіне

үлкен кедергі келтіріп

отырған қоғамымыздың ең

басты  қауіп-қатерлерінің  бірі

болып табылады. Сондықтан

оны болдырмай, алдын-алу

мақсатында елімізде

көптеген  іс-шаралар

жоспарлы түрде жүзеге

асырылуда.

Қазақстан

Республиксының

заңнамаларын орынды және

дұрыс қолдану мақсатында

бекітілген кестеге сәйкес,

«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау

аудандық  аумақтық

инспекциясы» ММ-де ай

сайын сабақтар өткізіп

отырады. Мұның негізгі

мазмұны мемлекеттік мекеме

қызметкерлері  арасында

үнемі Қазақстан

Республикасының

«Мемлекеттік қызмет

туралы», «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес

туралы» Заңдарын және

«Мемлекеттік

қызметшілердің  Ар-намыс»

Кодексінен  туындайтын

мүлтіксіз орындалуы.

Сыбайлас  жемқорлыққа

әкелетін қандайда болмасын

қылықтарды  болдырмау

және алдын-алу мақсатын

үнемі басты назарда

ұстауды санаға сіңіру болып

табылады.

Аудандық  аумақтық

инспекция  бойынша  жыл

басынан бері іс-шаралар

жоспарына сәйкес 7 рет

оқулар өткізілді.

Инспекцияның  өзінің

құзыреті  шеңберінде

жүргізілетін  агроөнеркәсіптік

кешендегі  өсімдіктерді  қорғау

және өсімдіктер карантині,

тұқым шаруашылығы, асыл

тұқымды мал

шаруашылығын  дамыту

бойынша бақылауды жүзеге

асыру, өсімдік

шаруашылығындағы  міндетті

сақтандыруды  қадағалау

жалпы  фитосанитарлық

қауіпсіздікті  сақтау

заңдылықтарын  орындаумен

негізгі міндеттер бойынша

селолық округтер бойынша

кестеге сәйкес семинар-

кеңес өткізілді. Осы

семинарға аудандық ауыл

шаруашылығы  және

ветеринария бөлімі мен

республикалық

фитосанитариялық

диагностика және болжамдар

әдістемелік  орталығының

мамандары қатысты.

Семинар  барысында

сыбайлас  жемқорлыққа

қарсы әрекет жасау

мақсатында  кәсіпкерлердің

құқықтары мен міндеттері

туралы және

құқықбұзушылықтың  алдын-

алу жағдайларына да

мағлұматтар берілді.

Айтылған пікірлер  есепке

алынып,  қойылған

сұрақтарға  жауаптар

қайтарылды.

Инспекция  жұмысы

барысында жеке және заңды

тұлға ретінде жұмыс

жасайтын ауыл

шаруашылығы  тауарларын

өндірушілер,  кәсіпкерлер

құқықтарын  қорғауға,

олардың қызметіне заңсыз

араласпауға, сонымен қатар,

мемлекеттік  қызметшілердің

кәсіпкерлердің

коммерциялық  мүддесіне

сүйемелдеу жасау

фактілеріне жол бермеуге

бағытталған  ішкі-бақылау,

тексеру күнделікті жүргізіледі.

Азаматтарды жеке қабылдау

әр аптаның жұма күндері

сағат 16.00-ден 18.00-ге

дейін  жүргізіледі.

Инспекцияның  сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күреске

мақсатты бағытталған

жұмыстарды, сыбайлас

жемқорлықпен  күресті

күшейту және сыбайлас

жемқорлықпен  құқық

бұзушылықтың алдын-алу

және оған жол бермеу

бойынша барлық шаралар

мекеме басшысының жеке

бақылауында. Мекеме

қызметкерлері  сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күресті

күнделікті нығайтуға, алдын-

алуға, іске асуына жол

бермеуге үлес қосуды,

өздерінің болашаққа қосқан

зор үлесіміз деп бағалайды.

М.ҚОҢЫРҚҰЛЖИНОВА,

ҚР АШМ АӨК МИК

Ұлытау  аудандық

аумақтық

инспекциясының  бас

маман-өсімдіктерді  қорғау

жөніндегі мемлекеттік

инспекторы.

Елбасы  тапсырмасын  жүзеге  асыру  мақсатында

елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең ауқымды

науқанға айналды. Оны жүзеге асыруға барша халық

пен  құқық  қорғау  органдарының  атсалысуының

нәтижесінде жоспарлы сипатқа ие болып отыр.

Балаларда көбінесе,

домалақ құрттар: бөсірлер

(аскаридалар), острица

жәнетүктібастар (власоглавы)

кездеседі. Бөсірлер өскен кезде

15-40 см-ге дейін жетеді және

жіңішке ішекте өмір сүреді.

Острицалар кішірек келеді, 3-12

мм болады. Олар жіңішке және

жуан ішектерде болады.

Түктібастар да жіңішке және

жуан ішектерде болады,

ұзындығы 35 мм-ге дейін

жетеді.

Гельинтоз–тамақ және



байланыс арқылы жұғатын

адам мен жануарлардың

паразитті инвазиясы. Мектепке

дейінгі жастағы балалардың

ішекқұртты жұқтыру

ықтималдылығы 100 пайызға

тең. Себебі, бұл жаста

олардың гигиеналық

машықтары әлі толық

дамымайды. Олардың көбі

қоршаған ортаны тануды ауыз

арқылы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, нәресте мен

сәбилердің инвазияға қарсы

қорғаныш механизмдері әлсіз

болады (асқазандағы ортаның

қышқылдылығы аз,

иммунитеттері әлсіз). 7 жастан

асқан балалардың ішекқұрт

жұқтыру ықтималдылығы

мектепке дейінгі

жастағылардан соншалықты аз

емес.

Паразитолог мамандардың



бағалаулары бойынша

мектепке дейінгі жастағы 10

баланың 8-і ішекқұрт

жұқтырады. Оның ішінде әр

үшінші балада ғана аурудың

анық белгілері болады. Бұл

қалған балаларда ауру

жасырын түрде болатынын

көрсетеді. Әрине, осындай

себеппен олар ішекқұртқа

қарсы терапияны уақытылы

қабылдамайды. Жұқтыру

нәжістік жолмен және ауыз

арқылы және жер, құм

(саяжайда, құмды жерде), лас

заттар (ойыншық, киім, аяқ киім,

төсек жабдықтары, еден), азық-

түлік арқылы (жеміс-жидектер),

жәндіктер (шыбын, тарақан,

құмырсқа), жануарлармен

байланыс арқылы (ит, мысық,

олар ішекқұрттарды даладан

үйге табандары, жүндері

арқылы әкеледі) жүзеге асады.



КЛИНИКАСЫ

Гельминтоздың клиникалық

белгілері ересектерге

қарағанда, балаларда

анығырақ көрінеді. Гельминттер

өздерінің дамулары үшін

қоректік заттарды

пайдаланады. Олар адам

ағзасына келіп түскен қоректік

заттардың ішекте

қорытылуына, бала

ағзасындағы зат тек

алмасуына (метоболизм)

кедергі жасап, зиян келтіреді.

Осылайша баланың денсаулық

жағдайына әсер етеді. Көңіл

күйі көтеріңкі әрі белсенді бала

бірден енжар тартып,

қыңырлық көрсетіп, жаңғалақ

күйге түседі. Тез шаршайтын

болады, тәбеті төмендеп, не

керісінше артып кетеді, бас

ауруы пайда болады. Сондай-

ақ, балалардың ақыл-ой және

физикалық тұрғыда дамуы да

тежеледі.



АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ШАРАЛАРЫ

Ішекқұрттарды жұқтырудың

алдын алып, азайту үшін

қарапайым және жеке бастың

тазалық ережелерін сақтау

керек:


*дәретханаға барып

келгеннен кейін, жануарлармен

немесе жер, топырақ-

құмдармен байланыстан кейін

қолды сабындап жуу керек;

*ойыншықтарды сабынды

сумен жуу және еденді 10-14

күн аралығында бір рет жуу

құралдарымен өңдеп отыру

керек;


*балаларға тек қана жуылған

жеміс-жидек беру маңызды

(негізінен жуылған жеміс-

жидектің үстінен қайнаған

ыстық су құйған дұрыс);

бүлдірген, құлпынай,

таңқурайлардың үстінен алдын

ала таза су құйып қойып, кейін

төгіп тастау керек те ағынды

суға шаю керек. Ешқашан

қайнатылмаған кептірілген

тәттілерді бермеңіз. Кептірілген

банан, құрма, өріктерді де

жуылмаған күйінде беруге

болмайды.

Жануарлармен қарым-

қатынас жасағанда сақтық

шараларын қатаң сақтау,

жануарларға малдәрігерлік

бақылауды жүргізу жоспарлы

түрде иттерді, мысықтарды

гельминттерден тазарту. Ең

бастысы–баланың дене қызуы

көтеріліп, мазасызданып ауыра

бастасымен жедел түрде

дәрігерге көріну қажет.



А.ӘБІЛДИНА,

МАМАН  КЕҢЕСТЕРІ



Паразитті  аурулар–адамның  неғұрлым  көп  дамыған

дертінің  бірі.  Әлемдік  Денсаулық  сақтау  Ұйымының

деректері  бойынша  паразитті  ауруларымен  әлем

халықтарының  тең  жартысы  зақымдалған.  Біздің

республикамыздың  өзінде  энтеробиоз,  гименолепидоз,

аскаридоз,  трихоцефалез,  эхинококкоз,  описторхоз,

тенииодоз,  трихинеллез  және  т.б.  үнемі  тіркеліп

отырады.

«ҚР  АШМ  Ветеринариялық  бақылау

және  қадағалау  комитетінің  Ұлытау

аудандық  аумақтық  инспекциясы»

мемлекеттік  мекемесі  тарапынан

диагностикалық зерттеудің 2014 жылғы

жартыжылдық орындалысы бойынша ірі

қара  және  ұсақ  малдың  бруцеллезінің

эпизоотиялық  жағдайына  саралау

жүргізілді. Осының барысында аудандағы

барлық  село,  кенттік  округтерінің

аумағында  мүйізді  ірі  қара  малдары

арасында  жұқпалы  бруцеллез  ауруының

жылдан жылға көбейіп, өршуі байқалады.

Бруцеллез ауруы мал арасында ешқандай

белгілерсіз білінбей өтетіндіктен, міндетті түрде

қан алынып, серологиялық зерттеу арқылы

анықталады. Сондықтан да ауруға оң нәтиже

бергендігі туралы сараптама актісі шығысымен

ауру малды сойып, жою қажет. Ауруға оң нәтиже

берген малдарды уақытында (15 күн ішінде)

оқшаулап етке өткізбеу, ауру малдардан

туылған төлдерді аналықпен бірге жоймай алып

қалу, малдар іш тастаған жағдайда

ветеринариялық мамандарға уақытында хабар

бермеу, басқа елді мекендерден немесе басқа

облыстардан мал әкеліп қосу, осының бәрі

аурудың уақытында жойылмай, қайта өршіп

санының артуына әкеп соқтыруда. Аманкелді

селолық округінде 2013 жылғы диагностикалық

зерттеу барысында 38 бас мүйізді ірі қараның

бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталса,

биылғы 5 айда 88 бас мүйізді ірі қараның ауруға

оң нәтиже бергені анықталды. Осы бруцеллез

ауруына оң нәтиже берген мүйізді ірі қара

малдарының барлығы да жыл сайын бір жеке

тұлғалардың малдары арасынан байқалып

отыр.

Ұлытау селолық округінде 2013 жылы 1 бас



мүйізді ірі қара ауруға оң нәтиже берсе, биылғы

ауруға шалдыққан 12 бас мүйізді ірі қара 1

ошақтан, яғни бір үйден тіркелген. Аманкелді

селолық округінен 1 шаруа қожалығынан 24 бас

мүйізді ірі қара, 1 шаруа қожалығынан 22 бас

мүйізді ірі қара, бір шаруа қожалығынан 16 бас

мүйізді ірі қараның бруцеллез ауруына

шалдыққаны анықталды. Бұл дегеніміз, шаруа

қожалықтарының ветеринария мамандарымен

хабарласпай, сырттан мал сатып алуы, сатып

алған малдарды 30 күн карантинге қойып,

серологиялық зерттеу жүргізбей, табынға қосып

жіберуі аурудың күрт өршуіне әкеледі. Бұндай

жағдай Егінді селолық округінен де байқалды.

Аурудың бұлай бір жерден жыл сайын

қайталануы жеке тұлғалардың, шаруа қожалығы

иелерінің бруцеллезге шалдыққан ауру

малдарды қоңдылығына, сүттілігіне, жаңа

төлдеген т.б. жағдайларға байланысты дер

кезінде етке өткізбеуі, ауру малды немесе одан

туған төлдерді ветеринария мамандарынан

жасырып қалу салдарынан болып отырған

жағдай.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-



бабы, 2 және 5 тармақтарына сәйкес, елді

мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды

ұйымдастыру, ветеринария мәселелері бойынша

халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу

село, кент әкімдерінің құзыретіне жатады. Осы

жұмыстар өз деңгейінде атқарылмағандықтан

жұқпалы аурудың жылдан жылға көбеюі және

аурудың малдан адамға жұғу қауіпі күшейіп

отыр. Сондықтан тиісті әкімшілік

аумақтарындағы ветеринарияға байланысты

жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілуіне мал

иелерімен бірге лауазымды тұлғалардың да

атсалысуы қажет.

«ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау

және қадағалау комитетінің

Ұлытау аудандық аумақтық

инспекциясы» ММ-сі.

БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫНЫҢ

ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛЫН

ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Биыл Ұлытау ауданының құрылғанына 75 жыл толып отыр.

Осыған орай, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық ішкі

саясат  бөлімі  ауданның  және  селолық  округтердің  құрылып,

қалыптасуы,  онда  еңбек  еткен  аталарымыз  бен  аналарымыз

жалпы  Ұлытаудың  табиғи  және  тарихи  байлығы  жөнінде

жазылған шығармаларға (мақала, очерк, суреттеме т.б.) конкурс

жариялайлы.

Конкурсқа  қатысушылардың  жасына  шектеу  қойылмайды.

Жазылған  материалдар  арнайы  құрылған  комиссияның

талқысына салынып, үздік деген шығармалар іріктеліп алынып

баспасөз  бетіне  жарияланады.  Конкурсқа  жіберілген

шығармаларды қабылдау тамыз айының 30-на дейін ұзартылды.

Ұлытау  аудандық  ішкі  саясат  бөліміне  қабылданады.  Үздік

деген шығармаға жүлде бар. Жүлде үшеу І-ІІ-ІІІ-орындарға және

ынталандыру  сыйлығы.  Туған  жері  туралы  сыр  шертемін

дегендерге СӘТТІЛІК!



Аудандық ішкі саясат бөлімі

мемлекеттік мекемесі.

9

26 шілде, 2014 жыл 

№30 (5950)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

Қарағанды облысы бойынша 

жоғары сұранысты талап ететін 

мамандар тәрбиелеуде өзіндік 

қолтаңбасы бар оқу орындары 

санатынан Жезқазған индустри-

альдық-гуманитарлық колледжін 

даралап-ақ айтуға болады. 

Республикаға аты мәлім білім 

шаңырағы өзінің білім айды-

нындағы орнын кезекті рет 

нықтап биылғы жылы Қарағанды 

облысы бойынша колледждері 

арасындағы жүргізілген рейтинг 

нәтижесінде жоғары категори-

ялы оқу орны ретінде танылды.

Құрылғанына 10 жылдан 

астам уақыт болған тағылым ұя-

сынан түлеп ұшқан сан мың жас 

бүгінде еліміздің түкпір-түкпірін-

де еңбек көрігін қыздырып жүр. 

Оның ішінде өнердің кеніші, 

ғылымның бесігіне айналған 

Ұлытау  ауданында да өздері 

өсіп-өнген өңірдің өркендеуінде 

ізін қалдырып жүрген жастары-

мыз қаншама!

Иә, талай дүлдүлдер мен 

бұлбұлдардың құтты мекеніне 

айналған Ұлытау аймағының 

қарқынды дамуы кім-кімді бол-

масын бей-жай қалдырмасы сөз-

сіз. Қоғамның қай секторы бол-

масын үздіксіз ілгері басқан өңір 

облысымыздағы қай ауданға 

болмасын үлгі боларлықтай жөні 

бар. Ширек ға- 

сырдан артық тарихы бар құтты 

мекенде білім мен ғылымның 

өзіндік дәстүрі қалыптасқаны 

мәлім. Бұған, осы ауданның 

білім ұяларынан қанат қағып, 

біздің колледжімізде арманын 

болашақпен жалғаған жастар-

дың терең біліммен жасақталып 

келуі куә. Және сол жастардың 

еңбек майданындағы ілгері 

басқан ілкі қадамдарындағы 

жемісті жетістіктері бізді қуан-

тып-ақ келеді.

Осындай  жаңарған қоғамға 

интеллектуальдық танымы жоға-

ры, өресі кең, жаңаша техноло-

гиялармен қаруланған бәсекеге 

қабілетті маман тәрбиелеуді 

діттеген Жезқазған индустриал-

дық-гуманитарлық колледжін-

дегі оқытушылар құрамының 

өлшеусіз еңбегі, талай таңдарды 

тынымсыз тер төгумен атырған 

қажырлы қайраты, терең пайым, 

биік парасаты өскелең ұрпақтың 

бойына тағылым болып құйылу-

да. 

Бүгінгі күні қоғам үлкен сұра-



нысқа ие түрлі мамандықтар 

бойынша шәкірт тәрбиелеп оты-

рған колледж қарыштап даму 

үлгісін танытып келе жатқан 

ордалы оқу орындарының бірі 

және бірегейі. «Экономика», 

«Есеп және аудит», «Қаржы», 

«Электрмен қамтамасызданды-

ру», «Стандарттау, метрология 

және сертификаттау», «Баста-

уыш білім беру», «Аударма 

ісі», «Есептеу техникасы және 

бағдарламалық қамтамасыздан-

дыру», «Радиоэлектроника және 

байланыс», «Автокөліктерге тех-

никалық қызмет көрсету, жөндеу 

және пайдалану», «Тасымалды 

ұйымдастыру және теміржол 

көлігінде қозғалысты басқару», 

«Дене тәрбиесі және спорт» ма-

мандықтары бойынша қоғамы-

мызды мамандармен қамтама-

сыз етуде өлшеусіз еңбек сіңіріп 

отырған колледждің беделі биік, 

абыройы асқақ.

Жезқазған – Бейнеу теміржо-

лының дүйім әлемнің таңдайын 

қақтырып отырғаны ақиқат. Ер-

теңгі күні тоғыз жолдың торабын-

да айналатын Ұлытау  қатынас 

жолдарының маңыздылығы 

орасан болмақ. «Автокөліктер-

ге техникалық қызмет көрсету, 

жөндеу және пайдалану» ма-

мандығы бойынша тәмамдаған 

түлектеріміз осы өлкенің жолдар 

желісін дамытуға үлес қоса ала-

тынына сенім мол. Шойын жол-

дардың шоқтығы биік нүктелері 

бой көтерді қазір. Осы бекеттер 

үшін «Тасымалды ұйым- 

дастыру және теміржол көлігінде 

қозғалысты басқару» маман-

дығынан бітірген мамандар 

бүгінгі күннің өзінде осы өңірдің 

жандануына тер төгіп жүргені 

біздің көңілімізге қуаныш ұяла-

тады. Экономикасы орныққан, 

белсенді бизнесімен атағы 

әйгіленген ордалы мекенде 

орта және шағын бизнестің 

қарқын ала алға қадам басып 

келе жатқаны көз алдымызда. 

Ендеше, осы бір әлеуетті сала-

ның дамуында «Экономика», 

«Есеп және аудит», «Қаржылар» 

мамандықтарының майталман-

дарының мақсат үдесінен шығып 

жүргені көңіл қуантады. 

Қойнауы мыңғырған малға 

толы өңірдегі ауыл шаруа- 

шылығы өнімдерін экспорттап 

жатқанын мақтана айта аламыз. 

Осы бір аграрлық секторды алға 

апарар «Стандарттау, метро-

логия және сертификаттау» 

мамандығының түлектері сүбелі 

үлестерімен серпін берері сөзсіз.

Ұлық мекеннен жетелі 

істерімен жеткіншектерді жарқын 

болашаққа бастаған ұлағатты 

ұстаздардың тағылымды жолда-

рын жалғастырып келе жатқан 

жалынды жастар «Бастауыш 

білім беру» мамандығы бойын-

ша білім нәрімен сусындап жүр.

Талай апайтөс алыптардың 

мекені болған Ұлытау өңірінің 

спорт майталмандарымен 

мақтана алатынына дүйім 

жұртшылық куә. Әйгілі спорт 

сайыпқырандары салып кеткен 

сара жолды жалғастырып келе 

жатқан осы алқаптың сайыпқы-

ран саңлақтары қазіргі күннің 

өзінде біздің білім шаңырағының 

мерейін өсіріп жүр. Осындай ай-

барлы ағаларының ізін жалғап, 

сергектікті серік еткен ұл-қыздар 

«Дене тәрбиесі және спорт» 

мамандығында шыңдалып жүр. 

Бұл – осы аймақтағы мамандар 

тапшылығын шешуде зор ықпа-

лын тигізері ақиқат.

Энергетиканың дәстүрлі түр-

лерін үздіксіз дамытып, жаппай 

электр қуатын барлық салада 

үнемдеуге қолдау көрсетіліп 

тұрған бүгінгі күні осы саладағы 

мамандарға деген сұранысты 

арттырып отырғаны белгілі. 

Осы сұранысты қанағаттандыру 

мақсатында «Электрмен қамта-

масыздандыру» мамандығының 

кәнігі мамандары қазірдің өзінде 

аймақтың өнеркәсібін өрге дома-

латып-ақ жүр.

Жаһандық ақпараттану мен 

тың технологиялардың тылсы-

мын ұғып, желілік жұмбақтың 

жауабын шешуде «Есептеу 

техникасы мен бағдарламалық 

қамтамасыздандыру» маман-

дығының майталман оқушы-

ларының мәртебесі биік. Ал, 

коммуникация мен байланыс 

желілеріне деген халықтың 

қажеттілігін қанағаттандыру-

дан туындаған бастамаларды 

шешуде «Радиоэлекроника 

және байланыс» мамандығының 

бағландары Жаңаарқа аймағын-

дағы телекоммуникация жүйесін 

дамытар деген үміт басым.

Заманауи білім беруді 

діттеген Жезқазған индустриал-

дық-гуманитарлық колледжін-

де 87087 кітап қоры бар бай 

кітапхана, 44 оқу дәрісханасы 

және 7 интернет-дәрісхана, төрт 

интерактивті тақта орнатылған  

мультимедиялық кабинеті бар. 

Аталмыш оқу дәрісханалары Wi-

Fi желілік интернетіне қосылған. 

Сондай-ақ, «Дене тәрбиесі және 

спорт» мамандығы студенттері-

не арналған кең ауқымдағы тре-

нажерлық зал жабдықтарымен, 

дәрігерлік бекеттермен, спорт-

тық кешендермен, зертханалар 

және жатақханамен қамтамасыз 

етілген. Білім ордасы соңғы 

үлгідегі техникалық қондырғы-

лар қойылып, локальді желі 

орнатылған 108 компьютермен 

жабдықталған арнайы кабинет-

термен жабдықталған жаңаша 

үлгідегі шаңырақ. 2009-2010 оқу 

жылында «Электрмен қамта-

масыздандыру» мамандығы 

бойынша Беларусь Республи-

касынан әкелінген зертхана-

лық қондырғылар арқылы тек 

аталмыш мамандық бойынша 

білім алушылар ғана емес, «Ра-

диоэлекроника және байланыс» 

мамандығының оқушылары 

оқу-зертханалық жұмыстарды 

өздігімен орындау мүмкіндігіне 

ие болды. Сондай-ақ, 2011-2012 

оқу жылында Ресей Федерация-

сынан жеткізілген «Автокөліктер-

ге техникалық қызмет көрсету, 

жөндеу және пайдалану» 

мамандығының оқушыларына 

арналған арнайы зертханалық 

жабдықтармен жасақталған 

зертханалық дәрісхананың 

ашылу салтанатына әкімшілік 

өкілдерімен қатар, қоғамдық 

ұйымдар мен іс-тәжірибе база 

жетекшілері қатысып, таңдай 

қақты. Зертханалық-тәжірибелік 

сабақтардың ұдайы жаңаша тех-

нологиялармен жабдықталған 

зертханаларда өткізілуі – білім 

алушылардың өз мамандығына 

деген сүйіспеншілігін арттырып 

қана қоймай, өндірістік тәжірибе-

ден өтудегі қиындықтарға мой-

ынсынбай келуіне зор ықпалын 

тигізді. 

Дамыған елдерде оқушылар-

дың уақытының басым бөлігін 

өндірісте өткізу тәжірибесі жолға 

қойылғандығына әлем куә. 

Осы бай тәжірибені ұстанған 

колледжімізде білім алушы-

лардың өндірісте шыңдалуына 

баса назар аударылып отыр. 

Қаламыздағы белді өндіріс 

ошақтарымен жасалған тиімді 

келісімшарттар нәтижесінде 

оқушыларға жұмыс берушілер 

тарапынан жұмыс ұсыну жағдай-

лары көптеп кездесіп жатады. 

«Қазақмыс Корпорациясы» 

ЖШС-і, Жезқазған қалалық Ішкі 

саясат бөлімі, Жезқазған және 

Сәтбаев қалаларындағы Білім, 

дене шынықтыру және спорт 

бөлімдері, Жезқазған қалалық 

Экономика және бюджеттік 

жоспарлау бөлімі, Жезқазған, 

Сәтбаев қалаларындағы Салық 

басқармалары, «Қазақстан-



Ұлылықтың бесігіне айналған қарт Ұлытау исі қазақ үшін қасиетті мекен, 

қастерлі ұя. Сан мың ақынның жыр арқауына айналған қастерлі Ұлытау кім-

дерге пана болмаған. К. Салықов ағамыздың: «Сұлулықты  ұғам, Ұлытауды 

көргенде, Арғанаты жақтан ақмарал жөңкіп өргенде...», - деп жырлауы да те-

гіннен тегін болмаса керек.

Ендігі  жерде  үш  жүздің  басын  қосқан  ұлы  мекеніміздің  кешегі  билердің 

жалғасы  болар  ұлықты  ұлдары  мен  қылықты  қыздарын  сол  Ұлытаудың 

ұлылығын паш ететіндей тұлға ретінде тәрбиелеу қажеттілігі тұр. Осы 

орайда  жезқазған  индустриальдық-гуманитарлық  колледжі  ел  иігілігі  үшін 

еңбек ететін мамандар даярлауды қолға алып отырған білім шаңырағының 

бірі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың мәңгілік ғұмыры, ұрпақтың мәң-

гілік болашағы баянды етуге баса назар аударып отыр. Ұрпағының ертеңіне 

сеніммен қарайтын бақытты елде жасампаз өрендер білім мен ғылымның 

тереңінен сусындап, әлем елдерімен тең қатынас құрып, әлем елдері сахна-

сында ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекеттің керегесін кеңейтіп, 

шаңырағын биіктетуде.

Осындай қуатты жастардың тағылым ошағы атанған іргелі оқу орын-

дарының бірі де бірегейі – жезқазған индустриальдық-гуманитарлық кол-

леджі. 

теміржолы» Қарағанды, Жаңа-

арқа жол бөлімдері,  «Қалалық 

электр желісі» ЖШС, Жәйрем 

кен-байыту комбинаты, «Ұлттық 

сараптау және сертификаттау» 

орталығы,  «Жезқазған және 

сүт»  ЖШС, Санитарлық-эпиде-

миоло- 

гиялық сараптама жүргізу ор-



талығында, «Сары-Арқа Нан» 

Акционерлік қоғамы сынды ірі 

ұйымдармен қатар, жекеменшік 

мекемелерде іс-тәжірибеден өте 

жүріп колледж оқушыларының 

теориялық білімдерін тәжіри-

бе жүзінде шыңдауына үлкен 

мүмкіндіктер туып келеді. Бұл 

орайда, Ұлытау ауданындағы 

мекемелер мен кәсіпорындарда 

біздің шәкірттеріміз өздерінің 

тәжірибелерін шыңдау үстінде. 

Сонымен қатар, осы аудандағы 

орта мектептерде де біздің 

«Бастауыш білім беру» маман-

дығы бойынша студенттеріміз 

мұғалімдіктің қыр-сырынан сыр 

тартып жүр. 

Жезқазған индустриаль-

дық-гуманитарлық колледжі 

әрдайым ізденіс пен жаңашыл-

дықты жандарына серік еткен 

іргесі берік білім шаңырағы 

бүгінде. Құрылғанына көп бола 

қоймаған білім шаңырағы облыс 

бойынша сапа менеджмент жүй-

есін енгізген (ИСО 9001-2009) 

алғашқы оқу орындарының бірі 

ретінде атағы алыстарға жетті. 

Еліміздің Білім және ғылым 

министрлігінің Білім беру және 

ғылым саласындағы бақы-

лау бойынша Департаменттің 

өткізген Мемлекеттік аттестаци-

ясынан 2012-2013 оқу жылында 

сәтті өткен оқу орнының жұмысы 

тың серпін алды.

2014-2015 оқу жылында жоға-

рыда аталған мамандықтармен 

қатар «Теміржол жылжымалы 

құрамдарын пайдалану, жөн-

деу және техникалық қызмет 

көрсету (түрлері бойынша)» 

мамандығы бойынша талапкер-

лер қабылдау көзделуде. Осы 

мамандық бойынша тепловоз 

машинисі, тепловоз машинисінің 

көмекшісі, электровоз маши-

нисі,  электровоз машинисінің 

көмекшісі,  вагондарды қараушы,  

жылжымалы жөндеудің темір 

ұстасы,  жолаушылар вагоны-

ның жолсерігі, дизель пойызы 

машинисінің көмекшісі жұмысшы 

біліктілігін игерген мамандар 

болашақта Ұлытау ауданының 

аумағын басып өтетін бекет-

терде жемісті еңбек етеді деген 

сенімдеміз.

Ұлылықтың бесігіне айналған 

Ұлытау аймағының мамандар 

сұранысын қанағаттандыруда 

біздер де өз күшімізді жұмыл-

дыру үстіндеміз. Бұл – осы бір 

қастерлі мекеннің ұл-қыздары-

ның егемен еліміздің тұтқасын 

ұстар бәсекеге қабілетті маман 

болып шығуына жасаған игілікті 

қадамдарымыздың бірі. 

Ендеше, аз ғана уақытта ай-

тарлықтай табыстарға қол жет-

кізіп, ел мүддесіне енжар қарай 

алмайтын тұлға тәрбиелеуде 

өзіндік із қалдырған Жезқазған 

индустриальдық-гуманитарлық 

колледжінің алдағы уақытта да 

сапалы білім мен саналы тәрбие 

беретін тәлім шаңырағы ретінде  

уақыт көшіне ілесіп жарқын 

болашаққа бет түзегенін аңғару 

қиын емес. Осы орайда, беделі 

биік, абыройы асқақ Ұлытау аты-

рабының гүлденуі үшін күш-жі-

герін сарп ететін майталман 

тәрбиелеу білсек – алға қойған 

мақсаттарымыздың ақталғаны.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет