11-тақырып Қазіргі бастауыш мектептегі мұғалім.
11.1 Бастауыш мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.
11.2.Педагогтың кәсіби потенциалы.
11.3.Мұғалімнің шеберлігі.
Пәннің мазмұны
Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда бұл пәннің рөлі мен маңызы өте зор. Ол студенттердің пән бойынша теориялық білімді, практикалық білігі мен дағдысын меңгеруін, оның кәсіби іс-әрекетінде пайдалануды қарастырады.
Пәннің обьектісі – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай болашақ бастауыш мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі еңбекке баулуды оқытудан әдістемелік білім, білік, дағды.
Пәнді оқытуда теориялық, практикалық әдіс, түрлі материалдармен жұмыс, бақылау, салыстыру, көрнекілік әдіс, үлгі көрсету, түсіндіру т.б. әдіс-тәсілдер пайдаланылады.
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі – еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым. Әдістемеден терең білім беру – бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары кәсіптік деңгейде дайындаудың қажетті шарты.
Пәннің мақсаты:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Еңбекке баулуды» оқытудың теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ беруге кәсіби даярлау.
Пәннің міндеті:
еңбекке баулудың бала тұлғасын жан-жақты дамытудың құрамды бөлігі ретінде мәнін ашу;
«Еңбекке баулуды» оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдарын таныстыру;
оқытудың мақсатына сәйкес оқу курсының мазмұнын ғылыми талдауда оның
әдістемелік жүйесін жаңа технологиялар мен құралдары негізінде құру;
студенттердің өзіндік білім алу жолдарын жетілдіру;
кәсіби және тұлғалық құнды қасиеттерін меңгеруін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |