Семинар (практикалық) сабақтарын өткізуге байланысты әдістемелік нұСҚаулар



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі18,35 Kb.
#46512
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘТэс семинар 23 (1)


СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


1-апта. Теориялық әдебиеттанудың мақсаттары мен міндеттері
Әдебиет туралы ғылымның кең ауқымдылығы. Қосымша пәндер мен негізгі пәндердің сабақтастығы. Әдебиеттану салалары және әдебиет теориясы. Әдебиет теориясының іргелі ғылым болу себептері. Жалпы поэтика (теориялық поэтика) қарастыратын мәселелер. Әдеби үдеріс теориясының зерттеу нысандары. Әдебиеттану мектептеріндегі әралуан ұстанымдар. А.Веселовский, В.Жирмунский, М.Бахтин, Д.Лихачев мектептерінің өміршеңдігі. Әдедбиеттану және тіл білімдері. Әдебиет теориясы және басқа гуманитарлық ғылымдар. Салыстырмалы-типологиялық, жүйелі-функционалдық зерттеулердің өзектілігі. – 1 сағат.


2-апта. Ерте дәуірдегі, орта ғасыр және ояну дәуіріндегі эстетика
“Гильгамеш”, “Махабхарата”, “Рамаяна“, “Ригведа” жырларындағы эстетикалық сезім көріністері. Демокрит пен Гареклит идеялары. Платонның өнер салаларына берген бағасы. Сократтың эстетикалық көзқарасы. Аристотельдың “Поэтикасында” көтерілетін мәселелер. Ғылым мен поэзияның ерекшелігі, типтендіру, өнердегі шынайылық, трагедиядағы тартыс түрлері, катарсис туралы ойлар. Горация Флакктың нормативтік эстетикасы. Аврелий Августин мен Фома Аквинскийдің құдайшылдыққа негізделген ой-тұжырымдары. Сәйкестік, үйлесім, толымдылық туралы пікірлер. Әл-Фарабидің өнер түрлеріне берген жіктемесі. Қайта өрлеу дәуірінде туған “Поэтика” нұсқаулықтары. Көркемдік шеберлік пен шынайылыққа қойылатын талаптардың жаңалығы. – 1 сағат.


3-апта. Классикалық эстетика ұстанымдары
Шығарма кейіпкерлері мен өмір суреттері, оларды бейнелеуге байланысты өзгеше қағидалар. Н.Буалоның “Поэзия өнері туралы” трактаты. Д.дидро мен Лессингтың ағартушылық дәуірдің эстетикасына қосқан үлесі. Әдеби сынның жанр түрі ретінде қалыптасуы. Орта топ мүддесінің үстемдігі. И.Гердердің халықтық поэзия мен мінездер даралығы туралы ойлары. И.Кант эстетикасындағы форма әсемдігіне мән беру. Әсемдікті қабылдаудағы бейтараптылық жайлы ойлар. Өнер адамдарын биік бағалау.. Г.-В.Гегльдің өнердің даму сатыларын абсолютті рух тұрғысынан анықтауы. Мазмұн мен пішіннің арақатынасы және өнер салалары. С.Къеркегор және экзистенциализм теориясы. Адам табиғаты мен қорқыныш философиясы. – 1 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет