Балалар фольклорының өткені, бүгінгісі, болашағы. Балалар фольклорының ерекшеліктері. Идеялық-көркемдік табиғаты,
атқаратын
қызметі.
Халық
педагогикасымен
байланысы.
Балалар
фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сəбилік салт жырлары
/"Бесікке бөлеу", "Бесікті аластау", "Тұсау кесу", "Өс-өс!" т.б./, уату өлеңдері.
Айтылатын мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік өрнегі.
Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар: арнау-тілек өлеңдер, сұрамақ,
өтірік
өлеңдер,
тақпақтар,
жұмбақтар.
Жыл
мезгілдеріне,
табиғат
құбылыстарына /"Күн шыққанда", "Тұманға", "Айға", "Жаңбыр жауғанда",
"Күзде", "Қыста", "Жазда", "Желге" т.б./ бағытталып айтылатын арнау-тілек
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі. Сұрамақ өлеңдерінің
танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік өлеңдердің көркемдік
шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау өлеңдерінің тəрбиелік мəні.
Ойын өлеңдері: санамақ, қаламақ /жеребьевки/. Олардың атқаратын
қызметі мен құрылысы. Түрлі ойындардың арасында айтылатын өлең-
жырлар /"Соқыр теке", "Ақ сүйек", "Қуыр-қуыр, қуырмаш", "Қалай айтуды
білмеймін" т.б./.
Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік, өтірік өлеңдер мен ертегі, аңыз
əңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер фольклорына ортақтығы.
Балалар
фольклорының
поэтикасы.
Жинақылық
/лаконичность/,
қарапайымдылық, ойнақылык. Көркемдік бейнелеу құралдары мен тəсілдері.
Əдебиеттер: 1.4. бөлімдегі «Балалар фольклоры» атты 12-дəріс
жоспарында көрсетілген.