Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Қазақ фольклорының зерттелу тарихы



Pdf көрінісі
бет127/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

Қазақ фольклорының зерттелу тарихы 
Көне  дəуірдегі  түркі  жазба  ескерткіштеріңде  кездесетін  ауыз  əдебиеті 
нұсқалары,  пайдаланылу  сипаты.  Мақал-мəтелдердің,  шешендік  сөздердің, 
мысал əңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта ғасырлық сөздіктер мен 
антологияларға,  дастандарға,  шежірелерге  /"Лүғат  ат-түрк",  "Кодекс 
куманикус"/ ену себептері. 
Қазақ  фольклоры  туралы  ғылымның  ХҮІІІ  ғасырда  қалыптаса  бастауы. 
Саяхатшылар  мен  зсрттеушілер:  П.Паллас,  Н.Рычков,  И.Гиоргидің  қазақ 
фольклоры туралы түжырымдары. 
XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ  фольклорының  этнографиялық 
бағытта  зерттелуі.  Жинау,  жариялау  жұмыстары.  Халықтың  əдет-ғұрып, 
тұрмыс-тіршілігін  жете  білу  үшін  фольклорлық  материалдарға  арқа  сүйеу. 
Зерттеулердің жолжазба жəне сипаттама, таныстыру түрінде болуы. 
Ш.Уəлихановтың  қазақ  фольклорын  жинау  жəне  зерттеу  еңбектері. 
Жырау,  жыршы,  ақын,  бақсы  жайында,  халық  поэзиясының  жанрлары  мен 
түрлері туралы XIX ғасырдағы ғалымдардың пікірлері. 
В.В.Радловтың,  Г.Потаниннің,  А.Васильевтің  т.б.  зерттеушілердің  қазақ 
фольклортану  ғылымының  дамуына  қосқан  үлестері.  Батыс  Европа  мен 
Ресейдегі  мифологиялық  мектеп,  оның  қазақ  фолъклорын  зерттеулерге 
қатысы. 


Г.Потанин  -  қазақ  фольклорын  жинаушы  əрі  зерттеуші.  Оның 
еңбектеріндегі сюжет ауысу теориясының көрінісі. "Тарихи мектептің" қазақ 
фольклористикасындағы көрінісі. 
А.Құнанбаев  пен  Ы.Алтынсаринның  ауыз  əдебиетінің  тəрбиелік  мəн-
маңызын  жоғары  бағалауы,  фольклор  үлгілерінің  оқулыққа  енуі,  жазба 
əдебиет жанрларын /өлең, көркем қарасөз, көсемсөз/ нəрлендіруі. 
XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  фольклористикасы.  Ə.Диваев  пен 
М.Көпеевтің, 
А.Байтұрсыновтың, 
Ə.Бөкейхановтың 
ауыз 
əдебиеті 
нұсқаларын  жинау,  жариялау  жұмыстары.  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырдың 
басындағы  қазақ  фолъклоры  туралы  ғылымның  Ресейдегі  алдыңғы  қатарлы 
ой-пікірлермен,  түрлі  əдеби-фольклорлық  зерттеу  мектептерімен  сабақтас 
болуы. 
Кеңес дəуіріндегі қазақ фолъклористикасының қалыптасу, даму жолдары. 
Халықтың  мəдени,  рухани  мұраларын  игеру  туралы  20-30  жылдардағы 
көзқарастар. 
Жинау, 
жариялау, 
зерттеу, 
оқулықтар 
жазу 
мəселесі 
/Х.Досмұхамедов 
т.б./. 
Зерттеу 
методологиясының 
қазақ 
фольклористикасында  игерілуі.  Осы  жылдардағы  ұйымдастыру  жұмыстары, 
кеңестер, 
қаулы-қарарлар. 
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, 
М.Əуезов, 
С.Мұқанов, 
Қ.Жұмалиев, 
Е.Ысмаилов, 
Ə.Марғүлан, 
М.Ғабдуллин, 
Н.С.Смирнова, 
Б.Кенжебаевтардың 
кеңес 
дəуіріндегі 
қазақ 
фольклористикасын  қалыптастыру,  өркендету  жолындағы  ізденістері. 
Олардың еңбектеріндегі əдебиеттану мен фольклортанудың методологиялық 
жағынан 
сабақтастығы. 
Фольклордан 
үйренудің, 
оны 
əдебиетте 
пайдаланудың  ғылыми  шығармашылық  проблемаға  айналуы.  Фольклордың 
халықтығы  мен  тарихилығы  туралы  пікірталастар.  Ауыз  əдебиетінің 
спецификалық  ерекшеліктерін  танымаудың,  оларды  догматикалық  тұрғыдан 
қараудың  зардаптары.  40-50  жылдарда  қазақ  эпосының  асыл  ескерткіштерін 
/"Алпамыс  батыр",  "Қобыланды  батыр",  "Қыз  Жібек"  т.б./  байшыл-
феодалшыл идеология туындысы деп мансұқтаудың орын алғаны. 
Қазақ фольклорының пайда болуы, даму жолдары, жанрлары мен түрлері, 
идеялық-көркемдік ерекшеліктері, шығарушылар мен орындаушылар туралы 
60-80-ші жылдарда жазылған еңбектер. 
Əдебиеттер:  1.4.  бөлімдегі  «Қазақ  фольклорының  зерттелу  жайы»  атты 
15- дəріс сабақтың жоспарында көрсетілді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет