Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


-тақырып: Халық поэзиясы. (Тұрмыс-салт өлеңдеріндегі ұлттық тірлік



Pdf көрінісі
бет148/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159
4-тақырып: Халық поэзиясы. (Тұрмыс-салт өлеңдеріндегі ұлттық тірлік 
пен кəсіптің бейнесі) 
Мазмұны: Халық өлеңдерін классификациялау мен зерттеу мəселесінде 
алғашқы жол салған: Ш.Уəлиханов пен В.В.Радловтың еңбектерін пайдалана 
отырып,  тұрмыс-салтқа  байланысты  жинақталған  ұлттық  құндылықтарға 
типологиялық-салыстырмалы талдау жасау арқылы түсіндіру.  
  Тұрмыс-салт 
жырларының 
отбасы, 
шаруашылық, 
еңбек 
процестеріндегі түрлі салт, ырым, əдет-ғұрып, наным –сенімдермен астасқан 
ерекшеліктерін ажырата білу. Салт өлеңдерінің ең көне үлгілерінің сақталуы 
мен  дамуы  хақында  зерттеушілік  қабілет  таныту.  Қазақтағы  көшпелілік 
ұғымына  тарихи,  саяси  мəн  беру,  басты  ұғымдарды  бүгінгі  жаңа 
көзқарастармен  салыстыра  ұғындыру.  Қазақта  мал  шаруашылығынан  басқа 
да  тіршілік  көздерінің  болғандығын  нақты  материалдар  арқылы  дəлелдеу. 
 
Əдеби  мəтіндерді  мұқият  талдап,  тереңнен  ойлауға  немесе  логикалық, 
аналитикалық  талдауларға  жол  беру.  Қазақ  өміріне  енген  ІХ  ғасырлардағы 
ислам  дінінің  əсері  мен  сол  орайда  фольклорға  енген  мұсылмандық  діннің 
көріністерін  белгілі  бір  əдеби  туындылардан  талдап  көрсету.  Халық 
өлеңдерінің  тал  бесіктен  жер  бесікке  дейінгі  түрлерінің  əрқайсысына  арнай 
тоқталып, машықтық түрде меңгеруге жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет