Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат



Pdf көрінісі
бет154/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

 
Мазмұны:  Қазақ  эпосы-  жанрлық  құрамы  жағынан  көлемді  əрі  сюжеттік-
композиялық  құрылымы  күрделі  халықтық  туынды  болып  есептеледі.  Түрі 
жағынан: көне эпостардан басталып, батырлық немесе қаһармандық жəне 
лиро-эпостық  яки  романдық,  сонымен  бірге  тарихи  жырлар  мен  діни 
дастандарға бөлінеді. Эпостық жырлардың батырлық пен ерлікті, елдік пен 
елжандылықты  айшықтайтын  түрінде  халықтың  тыныс-тіршілігі  екінші 
сапында  қалып,  ел  қорғау  мен  батырлық  іс-əрекетті  бейнелеушілік 
ерекшеленеді, ал лиро-эпостық немесе соңғы онжылдықтарда романдық эпос 
деп  аталып  жүрген  жанрда  ерлік  пен  батырлықтың  үлгісі  халықтың  тыныс-
тіршілігінің көрінісін алға салып, ел жағдайы мен кейіпкерлердің арман мен 
адами тірлікке бет алған ұмтылыстары жөнінде кеңірек сипаттайды. 
 
Қаһармандық  жырлардың  көбінесе  тарихилық  көріністеріне  аса  назар 
аударылып,  академиялық  тарихтағы  тарихи  оқиғалар  мен  тұлғалардың 
басынан  өткерген  шынайы  жағдайларымен  байланыстыру  негізделсе,  лиро-
эпостық  жырлардағы  ұлттық  салт-дəстүрлердің,  əдет-ғұрыптар  мен  ырыми 
көріністерін санамалауға жол беріледі. 
 
 Лиро-эпостық  жырлардағы  əр  қилы  мотивтік-сюжеттер  арқылы 
жыраралық  өзгешеліктер  мен  ұқсастықтарды  салыстырмалы-типологиялық 
тұрғыда  талдау  жолымен  меңгерту  ұсынылады.  Қаһармандық  жырлардағы 
тарихи  уақыт  пен  кеңістік  мəселесі  бүгінгі  фольклордың  өзекті  нысандары 
болғандықтан,  фольклор  мен  тарихтың  етенелестірілген  дəрістеріне  көбірек 
көңіл аударылады. 
Əдебиеттер: 
1. 
Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. А., 1995. 
2. 
Ыбыраев Ш. Эпос əлемі. А., 1987. 
3. 
Қоңыратбаев Ə. Қазақ эпосы жəне тюркология. А., 1987. 
4. 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының батырлық жыры. А., 1967. 
5. 
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихы мəселелері. А., 1958. 
6. 
Қоңыратбаев Ə. Қазақтың «Қозы Көрпеш»жыры туралы. АП., 1959. 
7. 
Қазақ тарихи жырларының мəселесі. А., 1979. 
8. 
Тілепов Ж.Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. А.,1995. 
9. 
Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988.Вяткин М.П. Батыр Сырым. 
М.-Л., 1974. 
10. 
 Ибраев Ш. Поэтика огузского героического эпоса. А., 1997. 
11. 
 Тілепов Ж.Ж. Əдебиет жəне тарих. А., 2001. 
12. 
 Тілепов Ж.Ж. Таным мен тағылым. А., 2010. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет