Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистрдің өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 30 сағат


Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық тіршіліктің көрінісі



Pdf көрінісі
бет118/159
Дата31.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#21755
түріСеминар
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Байланысты:
Фольклор типологиясы

Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық тіршіліктің көрінісі 
Халық 
өлеңдерінің 
зерттелу 
тарихы 
мен 
классификациясы. 
Ш.Ш.Уəлиханов,  В.В.Радловтың  халық  өлеңдерін  жіктеуі.  Тұрмыс-салт 
жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. 
Жанрдың  жалпы  сипаттамасы  мен  анықтамасы.  Тұрмыс-салт  жырларының 
отбасы,  шаруашылық,  еңбек  процестеріндегі  түрлі  салт,  ырым,  əдеп-ғұрып, 
наным-сенімдермен  байланысы.  Олардың  салтқа  тікелей  жəне  жанамалы 
түрде  қатысты  болуы. 
Тұрмыс-салт 
жырларының 
ұжымдық 
жəне 
синкреттілік сипатының басымдығы. Фольклордың ең көне үлгілері екендігі. 
Еңбек-кəсіппен  байланысты  туған  өлең-жырлардың  жанрлық  түрлері. 
Төрт  түлік  жырлары.  Көшпелі  шаруашылықтың  бейнеленуі,  төрт  түлік  мал 
жайындағы ескі наным-сенімдер. 
Аңшылық  жырлары.  Ежелгі  дəуірдегі  аңшылық  кəсіп  пен  бергі 
замандардағы  қазақтың  аңшылық,  саятшылық  дəстүрі.  Осы  процестердің 
поэзиядағы  көршісі.  Маусымдық  салт  жырлары.  Наурыз  туралы  өлеңдер. 
Ұлыс  күні  айтылатын  тілектер.  Егіншілік  кəсіппен  байланысты  өлең-
жырлардың ерекшеліктері. Тасаттық беріп, бұлт шақыру салты. 


Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/ байланысты өлеңдер. Сөздің магиялық 
қасиеті  туралы  ұғым.  Құдайға  табыну  жəне  оларға  қатысты  салт-ырымдар. 
Бақсы  сарыны.  Арбау,  жалбарыну  өлеңдері.  Бəдік.  Қазақ  халқының  алғыс, 
қарғыс,  бата  беру  салтына  байланысты  өлең-жырлары.  Жарапазан.  Наным-
сенімдерге байланысты туған өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі. 
Отбасы  салтына  байланысты  өлең  түрлері.  Үйленуге  байланысты  салт 
жырларының қыз ұзату, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы. 
Сыңсу,  жұбату,  той  бастар,  жар-жар,  беташар,  той  тарқар.  Оларды 
орындаушылар  мен  айтылу  мезгілі.  Мазмүны  мен  құрылысы.  Өлген  кісіге 
байланысты  айтылатын  естірту,  көңіл  айту,  жоқтау  өлеңдерінің  салтпен 
байланысы. 
Əдебиеттер:  1.4. бөлімдегі  «Тұрмыс-салт  жырлары»  атты 1-2-дəрістердің 
жоспарында көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет