7-тақырып: Жұмбақ жанрындағы ұлттық таным. Мазмұны: Жұмбақ жанрының табиғаты, оның кіші жанр болып аталуы,
бірақ ішкі идеясының кеңдігіне байланысты оның өзге жанрларға
қарағандағы ғылыми-танымдық əлеуетін аңғарту. Жұмбақтардың жасалуы
жəне тəсілдері, бейнелеу құралдары немесе онық басқа жанрлардың өзегінен
табылуы, яғни жанрлық синкретизмі жөніндегі мол мəліметтер жанр
мəтіндері арқылы талданылып көрсетіледі. Жұмбақтардағы кең тынысты
ашылатын ұлттық тұрмыс-тіршіліктің бейнесі мен қоршаған ортаны, əлемдік
құбылыстарды,
табиғаттағы
алуан
өзгерістерді
бейнелей
білудегі
халқымыздың танымдық қабілетін де баса көрсету.
Осы
жанр
арқылы
халқымыздың
ерекше
қабілеттілігі
мен
тапқырлығының, дүниені
салыстырмалы
түрде жіті
бақылағыштық
зейінділігі жөнінде, эстетикалық талғамының жоғарылылығы мен бірге ақыл
мен даналық қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару. Жұмбақтардың өзі
тақілеттес сөз өнерінің көптеген түрлерінің ішіндегі ролі мен орнын көрсету.
Жұмбақтың сөзбен, іспен, əрекетпен де берілетін ұғымдарына қатысты
материалдарды магис трлердің қаперіне ұсыну.
Əдебиеттер: 1.Əуезов М.О. Жұмбақтар туралы. А.,1940.
2. Марғұлан Ə. Жұмбақтар.// Қазақ халық ауыз əдебиетінің тарихы. І том. А.,
1960.
3. Герд К.П. К изучению удмурдского загадка. М., 1927.
4. Померанцева Э.В. Русская народная загадка. М., 1968.
5. Адамбаев Б. Алтын сандық. А., 1989.