1.4 Сабақ мазмұны мен кестесі. 1-апта. № 1-дəріс. 1 кредит сағат. Тақырып: Кіріспе.Ауыз əдебиеті туралы ғылыми-теориялық түсінік. Дəрістің мазмұны: 1. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік.
2. Халық өнерінің түрлері жəне олардың ішіндегі фольклордың орны.
3. Ауыз əдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызы.
Мақсаты:Халық ауыз əдебиеті жəне этнография туралы типологиялық-
салыстырмалы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Фольклордың тарихи, саяси, қоғамдық орнын
жекелеген пəндер саласы арқылы ретрологиялық талдау жасау арқылы
меңгерту. Əдебиет: 1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. – А., 1974. – 8-14 б.
2. Қазақ əдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. – А., 1960.
3. Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. – 7-21 б.
4. Садырбаев С. Халық əдебиетінің тарихи негіздері. – А. 1992. – 3-47 б.
5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 1988.
6. Қазақ фольклорының тарихилығы. – А., 1993.