Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Билік субъектілері туралы білім қалыптастыру. Басқарушы элита ұғымы және тұжырымдарын талқылау. Саяси көшбасшылықты биліктің әлеуметтік субъектісі ретінде дәлелдеу. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және сайлау жүйесі туралы білу.
Сабақтың мазмұны: Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Тапсырма-1: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарына кейс-стади – талдау.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:
Қазақстанда қандай саяси партиялар бар?
Олардың бағдарламаларындағы негізгі идеялар қандай?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қай партияның жұмысы тұрақты жүзеге асуда?
Саяси партияларды сайлау туралы қандай ақпараттар білесіз?
Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет.
Бақылау сұрақтары: Элитаның түрлері. Саяси элита теориялары.