Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)


 Баяндаманы және жарыс сөзді талқылау



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
6.3. Баяндаманы және жарыс сөзді талқылау 
Формасына, алдына қойған мақсатына қарай семинардың өткізілу тәртібі өте алуан түрлі 
болып келеді. Әдетте ол мынадай жүйелілікпен өтеді: 
-негізгі мәселе бойынша студенттің баяндамасы. Баяндама бойынша қойылатын сұрақтар. 
- баяндаманың мазмұны, оның теориялық және әдістемелік артықшылықтары мен 
кемшіліктерін талқылау, оған толықтырулар мен ескертулер айту. 
- баяңдамашының қорытынды сөзі. 
- оқытушының қорытыңды жасауы. 
Әрине, бұл туындаған сұраққа байланысты дискуссияға негізделген жалпы схема ғана. 
Студенттің мәліметті барынша еркін айтып шыққаны дұрыс. Студенттің конспектіге 
қадалып, көз алмай оқып шығуы мына төмендегі жағдайлармен түсіндіріледі: 
- мазмұнының құрылымы дұрыс ойластырылмаған, сұрақ өзінің толық мәнінде 
меңгерілмеген, студент айтып келе жатқан ойынан шатасып кетуден қорқады, айтылатын 
мәселелердің жүйелілігінен шатасып, баяндаманы үстірт айтып шыға салады. 
- ауызша сөйлеу мәдениетінің жеткілікті дамымауы, бұлдырлатып айту, әрі иландыра 
сөйлей алмаудан қауіптену. 
- мәліметтің жете мән беріп, меңгерілуге негізделмей, тек көшіру арқылы жазылғандығы. 
- материал тікелей көшірілген немесе өзге бір адамның конспектісі пайдаланылған. 
Осы көрсетілген себептердің барлығы, екіншісін қоспағанда, студенттің семинарға атүсті 
немесе ықтиярсыз, ниеттеніп оқымағандығын көрсетеді. 
Семинарда шығармашылық жағдай белгілі бір деңгейде баяңдаманың формасы мен 
мазмұнына оны қалай баяндап шыққандығына байланысты болады. Баяндама қызықты, 
мазмұнды болса тындаушылардың назарын бірден аудартып олардың тарапынан баяндаманы 
талқылауға қатысуға, өз ойларын білдіруге деген талпынысын тудырады. Бірінші сабақтардан 
бастап-ақ білім алушыларға лекцияны қайта айтып беру немесе оқу құралындағы мәлімегтерді 
жаттанды түрде айтып беру тыңдаушылардың қызығушылығын тудырмайтындығын, сондай-ақ 
сабақ мақсатының орындалмайтындығын айтып түсіндіру қажет. Білім алушыларді сабақ айту 
барысында аудиториямен үнемі байланыста болуға, жылдам, абыржымастан, өзінің айтылған 
сөздерінің қақпайлануына жол бермей, сұрақтарға жауап бере отырып, соңында 
корытындылауды ұмытып кетпеуі қажет екендігін түсіндіду. Әрине мұның бәрі бірден жүзеге 
аса бермейді. Ол үшін өзіңмен өзің үнемі жұмыс жасап, тынбай жаттығуың керек. Мұнда 
баяндамашы окытушыға мес, аудиторияға қарап сөйлейді. Топтағы тыңдаушылармен қатынаста 
болу баяндамашының өз ойын нақты, мөнерлі айтуына және баяндалып тұрған мәселенің күшті 
немесе әлсіз жақтарын анықтауына мүмкіндік береді. 
Баяндамашыға карсы пікірдің айтылмауы, ол білім алушыларінің өзімен өзі, бос 
аудиторияда сабақ айтуымен тең, ол бұл жағдайда жалғыздыкты, ыңғайсыздықты сөзінеді. 
Сондықтан семинарда баяндаманың мазмұнына ғана емес, оның оқылуы, айтылып жеткізілуі 
және сөйлеу ерекшеліктері, аудиториямен катынасы, ойға қонымдылығы, баяндалып тұрған 
мәліметтердің дөйектілігі мен жүйелілігіне де көңіл бөлу қажет. 
Оқытушы мүмкіңдігінше түрлі ескертулермен немесе түсіндірумен баяндамашының сөзін 
бөле беруіне болмайды. Тек кейбір сөздерді, яғни терминдер дұрыс айтылмай калған кездерде 
ғана оны жәймен түзеп жіберіп тұруына болады. Егер баяндамашы қателесіп кеткен жағдайда 
оны оқытушы емес, басқа тындап отырған студенттердің жасаған түзетулері өте орыңды болар 
еді. Тәжірибелі окытушы білім алушы белсенділерінің жүздерінен қарсылық, сын көзқарасты 


бірден байкайды. Және сол сынды ескерту ретінде айтуға, баяңдамашының сөзін қақпайлай 
сөйлеуге бағыттайды. Осы қақпайласа сөйлеу арқылы баяндамашыны тоқтатып, айтқан ойын 
таддауына болады. Баяндамашы тарапынан айтылған ойға тікелей аудитория, яғни білім 
алушылар тарапынан айтылған сын орынды деп есептелінеді. 
Баяндамашының баяндау процесі барысында аудиториядағы жағдайды семинар жетекшісі 
үнемі өз бақылауында ұстап тұрады. Кейде осындай жағдайларда білім алушылар басқа әдебиетті 
немесе келесі болатын сабақтың кітаптарына көз жүгіртіп отырады, ал кейбіреулері тыныш 
отырғанымен ойлары басқа жақта болады. Бұл кезде, әрине баяндамашыны токтатып, зейін 
салмай отырған білім алушылаға ескерту беріп немесе баяндамашының соңғы сөйлемін қайталап 
немесе ойды талдауын талап етуге болады. Бірақ дәл мұндай жағдай семинар сабағының 
шығармашылық бағытына кедергі келтіретіңдіктен, тек кана ары карай сабақ жүргізуге 
мүмкіншілік болмай қалған жағдайда ғана қолдану қажет. Ең дұрысы сабақтың тәртібін бұзып 
отырған студентке сөз беріп, аудитория алдында жауап бергізіп, ескерту жасау қажет. 
Білім алушылардың баяндамашыға карай әбден назарын аудартып болып, семинар 
жетекшісі, алдын ала оларға баяндамаға мәңді, мазмұнды талдау жасай алған студентке 
баяндамашымен бірдей жоғары бағалайтындығын айтып қоюы қажет. 
Баяндамашыға сұрақты оқытушы емес, білім алушы қойғаны дұрыс. Мерзімінде сұрақты 
қойып үлгеру, қызықты сұрақ қоя білу ж. т. б. студенттерді ынталандыра білу қажет. Білім алушы 
қойған сұрақтың тақырыпқа байланысты болуын, әрі дұрыс, әрі нақты құрастырылуын талап ету 
қажет. 
Егер мәселе білім алушылардың шексіз қызығушылығын тудырып, бірақ дұрыс 
қанағаттанарлықтай етіп меселе шешілмесе, онда сол мәселені келесі семинарға қалдырып, жаңа 
әдебиеттер беріледі. Білім алушылардың ол туралы ойланып келуін талап етеді. Ал ең дұрысы 
бұл мәселені оқытушы өз міндетіне алып, соңына шейін түсіңдіріп бергені абзал. Бұл жерде 
студенттердің оқытушының теориялық жағынан жақсы хабарлылығына көздері жетеді, ең 
бастысы білім алушылардың қатты қызыққан мәселелері оқытушының дұрыс пайымдауы 
арқылы шешіледі. Бұл жағдай қойылған мәселеге де, білім алушыларға де оқытушының 
байыппен қарағандығын байқатып, әрі жауап беруден ешкім бас тартпау керектігіне көз 
жеткізеді. Осы көріністің өзі білім алушылардың көз алдыңда оқытушының өз пәнінің мықты 
маманы екені көрініп, білім алушы осы сұрақты "Мен неге білмеймін?" деп ойлануына 
итермелейді. 
Оқытушы семинар сабақтарында туындаған сұрақтардың барлығын өзіне жүйелі түрде 
белгілеп отыруы қажет. Бұл оқытушыға бүкіл оқу процесі барысында сабақтың жақсы немесе 
әлсіз жағын көрсететін мәлімет ретінде жинақталып, берілген оқу тобының, жастарының түрлі 
мүдделері туралы, ойлау қабілетінің тереңдігі және мәліметтің меңгерілу сапасын байқауға 
мүмкіндік береді. Осының негізінде курстың меңгерілуінің лайықты нәтижелілігін көтеретін 
үйлесімді шараларды белгілеп ойластырған жөн. 
Осыдан кейін, яғни баяндамашыға сұрақ қою мәселесі аяқталғаннан кейін баяндаманың 
теориялық және әдістемелік артыктықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ қойылған 
сұрақтарға берілген жауаптардың өзін талқыға салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет