Негізгі ұғымдар: жоспарлы экономика, нарықтық экономика, экономикалық даму, аграрлық және қаржы-банк секторлары, аграрлық-индустриалдық саясат.
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болады. Экономикалық реформаның түрлі салалары, жолдары осы ЖЭС концепциясымен негізделуге, онымен байланыстыруға тиіс. Қазақстан 1992 жылдан бастап түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын. Экономикалық жүйелерде балансқа экономикалық нысандар мен әдістерді іріктеу, олардың бірін талдау жолымен қол жететіні мәлім. Осыған орай оқиғалардың өрбуіне дұрыс бағыт-бағдар беретін қабілетіне экономикалық тұтқаларды мақсатты түрде келісе және салмақтай отырып іске қосу жөніндегі күш-жігерлердің маңызы ерекше зор.
Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000, Ибраева А. Ғ. Қазақстанның жаңа заман тарихы: оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.
Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.