Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет49/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Байланысты:
Семинар әдістемесі 2021

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік реформалау, мемлекеттік бағдарламалар, білім жүйесі, әлеуметтік модернизация.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:

Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі — адамдардың жақсы тұрмысын ic жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

2012 жылдың 10 шілдесінде Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында, Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамы идеясын және республиканың негізгі әлеуметтік жаңғыртылу саясатының негізін айтып өтті. Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамы идеясын жылжыту шеңберінде «Бес институтционалдық реформаларын іске асыру, 2016 жылдың қаңтар айында Экономикалық даму мен ынтымақтастықты ұйымдастыру және Халықаралық еңбек ұйымдастыру  үлгісінде негізделген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі күшіне енді.



Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет