Негізгі ұғымдар: мемлекеттік бағдарлама, рухани және білім беру жүйесі, ұлттық тарихты зерделеу, тарихи алғышарттар.
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – тәуелсіздігіміздің салтанатты шеруі. «Мәдени мұра» қазақстандық патриотизмді, отаншылдық сезімді қалыптастыруға, барша қазақты, қазақстандықтарды ұлттық идея төңірегіне топтастыруға тамаша мүмкіндік ашқан іргетас қалады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында (11 қараша 2014 ж.) 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» (№ 1448) қаулысы қабылданды. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу – «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.
Аталған тақырыпты оқып-үйренуде мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған материалдар мен зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн. Сонымен бірге қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.