Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет57/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Негізгі ұғымдар: саяси партиялар, ақпараттық саясат, конфессионалдық  шындық, конфессияаралық келісім.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:

Көппартиялық жүйенiң қалыптасуындағы заңнамалық негiздiң жаңартылуы, жетiлдiрiлуi 1996 жылы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдардан да көрiнiс тапты. Қазақстан азаматтарының еркiн бiрiгу құқы осы заңдармен қамтамасыз етiлдi. Бұл заңдар партия қызметтерін конституциялық заңнама шеңберінде реттеумен және парламенттік типтегі партияларды қалыптастыру мақсатында қабылданды. Ал 1991 жылдан «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жұмыс жасай бастады. Жаңа әлеуметтік-саяси және нарықтық жағдайлар тәуелсіз телерадиокомпанияларды құрылымдық жағынан біріктіруге мәжбүр етті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда полиграфия ісі жолға қойылып, түрлі-түсті журналдар, ақпараттық-жарнамалық басылымдар шығарыла бастады. БАҚ қызметiнiң және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс iстеуiнiң негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркiндiкке кепілдiк берген. Қазақстанда Конституцияға сәйкес Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардан тұратын бірыңғай сот жүйесі жұмыс жасайды. Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады. Көпконфессионалдық тығырықтан шығудың сенімді жолы – дін исламның қазақстандық моделін жасау болып табылады.

Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.

Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет