Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
Тұңғыш мемлекеттік ресми идеология болып табылатын «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Аталған тақырыпты оқып-үйренуде Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. (– Астана, 2017), Тәуелсіздік белестері (– Алматы, 2003), Қазақстан жолы (– Астана, 2007), мерзімді басылымдарда жарияланған «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж., Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж., «Қазақстан Республикасы президенті Н.назарбаевтың «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты Хабар агенттігінде берілген сұхбатын талқылау бойынша конференция материалдары. - 1 қазан 2014 жыл. – Алматы, 2014., Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б. авторлықтардағы Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітапдәрістен тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап (– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.) материалдарын оқып, білу керек, көрсетіліп берілген еңбектерге басты назар аударған жөн.
Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен «Мәңгілік ел» идеясының негіздері бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.