Сабақтың
мақсаты:
Қазақ
мемлекеттігінің
ежелден, яғни сақ заманынан бастап, түркі дəуірі
кезеңіндегі дамуын көрсету. Қазақ хандығы
құрылуының
550
жылдығына
орай
Н.Ə.
Назарбаевтың салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзін
талдау, қазақ хандарының саяси қызметіне баға
беру, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық тəуелсіздік
жолындағы көтерілістерінің тарихи маңызын ашып
көрсету.
Əдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағындағы
ежелгі жəне ерте ортағасырлардағы мемлекеттер
жəне Қазақ хандығы тарихына байланысты
деректер мен зерттеу еңбектеріне ауызша талдау
жасалынады. Сонымен қатар қазақ хандарының
ішкі жəне сыртқы саясаты, қызметіне байланысты
кесте дайындалуы қажет. С.Датұлы, И.Тайманұлы
жəне М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы жəне т.б.
басқарған
көтерілістердің
тарихи
маңызы
талданады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, эссе
дайындап баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |