14- тапсырма. Осы шығармаға сүйене отырып, публицистикалық стильдің очерк жанры туралы ойларыңызды топтастырыңыз. Қазақ әдебиеті сынының негізін салушылардың бірі, сыншы-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы Мұхамеджан Қаратаев: «Егер сын шын пайдалы, жанды, әсерлі сын болса, ол қашанда көркем әдебиеттің белгілі бір кезеңінің нәтижесі бола тұра, сол әдебиеттің басындағы барлық құбылыстарын толық зерттеп, терең түсіну арқылы оның алдын болжайды, жөн сілтейді, әдебиет қозғалысына дем береді, көтермелейді, жетектейді. Сөйтіп әдебиеттің болған, бар жағдайының туындысы болумен бірге өзі сол әдебиеттің жаңа жағдайда өсуіне әрекет жасайды, құрал болады» («Қазақ әдебиеті сынының міндеттері», Қазақ Совет жазушыларының 1-пленумында жасаған баяндамасы) – десе, ал «періште болып туылып», өмірден әділдіктің туын көтеріп, өнерде «әулие болып өткен адам, – Б.Сарыбалаұлы» Зейнолла Серікқалиұлы: «Шын мағанасында, нағыз сын, менің ұғымымда, бастапқы жазушы қалам тартқан… Сүйікті тақырып байлығын ары қарай жандандырушы, қаламгерлермен жарыса толғанып, автор ойын ұштаушы, қажетті жерінде тіпті жетілдіруші, дамытушы. Барлық кезде бірдей ол жазушыны, шығарманы тек түсіндіруші болып қалмауға тиіс», – дейді. Бұл екі сыншының әдебиет сынына деген көзқарасы, арман-тілегі мен мақсат-мұраты бір екенін байқау қиын емес. Бірақ солардың жолын қуып, шығармасының кемшілігін дәл тауып авторлаға жанашырлықпен қолдау көрсетіп, достық пікір айтатын білімді, білікті, парасатты сыншыларды өз басым әлі көре алмай жүрмін!