Сан есім заттың санын анықтайтындықтан зат есіммен тіркеседі. Сан есімдердің ерекшелігі басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы жасалмайды. Тілдегі бар 20 сан есім өз ішінен құрамы жағынан дара және күрделі сан есім құраса, мағыналық жағынан 6 түрге жіктеледі. Сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауды қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: Үшінші орнынан турды. Кім тұрды? - үшінші.
5.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен, әдетте, сөйлемде анықтауыш болады.
Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреудің ебі жоқ (жұмбақ) деген сөйлемде екі сан есім (неше?) достың деген сөзді, біреуінің (кімнің?) ебі дегенді анықтап тұр. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш бола береді.
2. Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан — алтау, анадан — төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А). Біз екеу едік (Б. М.) деген сөйлемдерде алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) деген сұраққа, екеу едік деген нешеу едік? деген сұраққа жауап беріп, жіктеліп келіп (алтау, төртеу дегендердің І-жақ жіктік жалғауы елең сөздін ерекшелігіне байланысты түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.
3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) дегенде алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып бастауыш болып тұр.
4. Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп пысықтауыш та болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.) Біз екі-екіден бөліндік деген сөйлемдерде жетпіс үште (қашан кездесіп?), екі-екіден (қалай бөліндік?) пысықтауыш болып тұр.
5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал) деген сөйлемде бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш болып тұр.
6. Сан есім зат есіммен я катыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш турлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды деген сөйлемдерде үш түрлі (қандай кедергі?) 75 центнер (қанша бидай?) күрделі анықтауыш болып тұр.