Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет32/41
Дата22.09.2023
өлшемі370,86 Kb.
#109786
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
  1. Ерік дегеніміз не?


  2. Еріктің физиологиялық негізін қалай түсінуге болады?


  3. Адамның негізгі ерік сапалары қандай?


  4. Күрделі еріктік әрекеттерге нелер жатады?


  5. Ерік сапаларына нелер жатады?




Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, - 303б.


  2. Богословский В.В. Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, - 350б.


  3. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.


  4. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.


  5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с.,


  6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.


  7. СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии Ростов на-Дону, «Феникс» 1997, - 732с.


  8. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.


  9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., - 345с.


  10. Рувинский Л.И., Хохлов С.И., Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек Алматы, «Мектеп» 1989ж., -150б.




12 апта. Тақырыбы: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
Жоспар:
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым. Қарым-қатынастың қызметтері.
2. Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы.
3. Қарым-қатынастың коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік жақтары.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет
Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық өмірдің қажетті және жалпы көрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Өзінің "Риторика" деген еңбегінде ұлы ойшыл: "...кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сөйлеу, құлақ" - деп көрсетті.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
  1. Ресми қарым-қатынас - қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.


  2. Ресми емес қарым-қатынас - жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады.


  3. Тігінен қарым-қатынас - бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.


  4. Көлденеңінен қарым-қатынас - бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және көлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарама- қарсы қоюға болмайды.


  5. Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.


  6. Жеке қарым-қатынас - орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бір- бірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.


  7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас - адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.


  8. Эмоционалды қарым-қатынас - адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.


Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарым- қатынасты қалыптастыруда маңызды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет