Күрделі ауыткулардың негізгі себептері. Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттерінің себебі мен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше ұқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей:
- бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсеріненде болады:
- екі кемістік те бір-біріне ұксамайтын генетикалық түқым куалаушылықтың әсерінен болады;
- әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірак бүл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;
- екі немесе одан да көп кемістіктер бірғана тұқым қуалайтын синдромынын белгілері болады;
- екі немесе одан да көп кемістіктер бір ғана әкзогендік
фактордың әсері болуы да мүмкін.
Көбінесе күрделі кемістігі бар балалардың негізгі себебі құрсақта даму кезеңінде әсер еткен генетикалық залалды факторлар. Осы сияқты хромосомдық ауруларында да күрделі кемістіктер кездеседі. Мысалы, Даун синдромында кездесетін кемістіктердің негізгісі- кемақылдылық, 70% есту әрекеті зақымданған, 40% көру әрекеті зақымданған болса, ал осы балалардың 30% көптеген сезім мүшелерінің зақымдануы кемақылдылыққа қосарланып кездеседі. Қазіргі кезде зерттелген түқым қуалайтын синдромдардың тағы бір клиникалық түрі Ушер синдромы. Осы патологияның негізгі белгілеріне жататын күрделі кемістікгер: есту әрекетінің зақымдануы - туа қалыптасқан, ал кору қабілетінің төмендігі екі үш жастан кейіп ғана білінеді. Оның себебі көру талдағышының торша кабығының дегенерациялық өзгерістері, ал жасөспірім кезінде байқалатын өзгеріс - көру аймағының өте тарылуы.
Кейде байқалатын күрделі кемістіктердің негізгі себептеріне сыртқы іның залалды әсерлері жатады. Мысалы, нәрестеге босану кезеңінде әсер ен әртүрлі зиянды әсерлер оның ана кұрсағында калыптасу кезеңіндегі зиянды әсерлермен қатар (жүқпалы аурулардың: қызылша,қкызамық, губеркулез, токсоплазмоз, цитомегалия қоздырушыларының әсерінен) басталған патологиялық өзгерістерді дамытып, нәрестенің жағдайын нашарлатады.
Соңғы жылдары аныкталғандай, көптеген шала туған балаларда кездесетін көру, есту сезім мүшелдерінің зақымдануы да әртүрлі зиянды себептердің әсері. Бірақ оларды дер кезінде анықтап, дұрыс емдеу арқылы жағдайларын жақсартуға болады. Ал кейбір жағдайда осы топтағы балаларда кездесетін күрделі кемістіктерге қосарлана БЦП және басқа да ауытқулар айкындалады. Бұл балалардың келешектегі жағдайы өте ауыр.
Сонымен, күрделі кемістіктердің белгілерін анықтап, себептерін айкындау балаларда кездесетін ауытқуларды дер кезінде емдеу және түзету әдістерін дүрыс, нәтижелі қолдану үшін өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |