Семинар сұрақтары: Әкімшіл-әміршіл (тоталитарлық) жүйе және ұлттық мәдениет



бет2/3
Дата10.05.2023
өлшемі44 Kb.
#91600
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Семинар 12. ХХ-WPS Office

3. ХХ ғ. қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка.
Халықтың аспаптық өнері. Музыка жайлы ой қозғасақ ол алдымен күй, күйді орындаушы музыкалық аспап домбыра, қобыз жайлы айтпай кетпеуге болмайды. Домбыра, қобыз – сан ғасырдың сырын бойында сақтаған, ең көне музыкалық аспаптар. Музыкалық аспаптарға арналған туындыларды қарасақ күйлердің әуені мен ырғағында, музыкалық тілінде белгілі бір жүйе бар екенін байқаймыз. Бұл аспаптық музыка мәдениетінің, домбыра күйлерінің ерте кезден бастап дамығанын дәлелдейді. Музыкалық шығармалар ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа есіне сақтап, қолма қол қағып алып қайталап ойнау арқылы жетіп отырған. Мысалы:Құрманғазы мен Дина, Тоқа мен Сүгір т.б. Халықтың ән өнері – Қазақтың халық әндерінің лирикалық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, тарихи әндер, әлеуметтік наразылық, еңбек т.б. түрлері балаларды эстетикалык тәрбиелеудің ең маңызды құралына айналды. Халық ақындары, әнші-жыршылары, сал-серілері музыкалық шығармаларды таратушылар болды. Олар өлең сөздің, музыканың және әннің тудырушылары болды. Халықтың ән өнері ұлан-ғайыр даланың бір шетінен екінші шетіне, ұрпақтан-ұрпаққа музыкалық қарым-қатынас арқылы жетіп отырды. Тұрмыс-салт әндерінде балаларға арналған ән-ойындар, сауықтар, қоғамдық және жанұялық қарым-қатынастар мәселелері ашып көрсетілетін нақыл әндер де кездеседі. Сондай-ақ, әдет-ғұрыпқа арналған той бастар, жар-жар, сыңсу т.б. жырлар сан алуан. Өзінің мазмұны жағынан лирикалық әндер ерекше орын алады. Онда сүйген жардың сұлулығы, қосыла алмаған екі жастың қайғы-мұңы, туған жер табиғаты бейнеленеді. Ал, тарихи әндер, балаларды халық өмірінің тарихи оқиғаларымен таныстырып, жастарды батырлық пен ержүректілікке тәрбиелеп, адалдыққа үндеп отырды. Сонымен, хальқтың ән мен өнері жас ұрпақтың ойы мен сезіміне әсер етіп, музыкалық ләззат берген, танымдық-тәрбиелік маңызға ие болған. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің қалыптасып дамуында қазақтың ауызекі көркем шығармашылығы орасан зор рөл атқарды. Халықтық көркем мәдениеттің бір саласы бола отырып, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер, толғау мен термелер, айтыстар, эпостық жырлар т.б. тарамдарын қамтиды. Қазақтың ауызекі шығармашылығының көп дамыған түрлері – эпостық жырлар, толғаулар мен термелер, айтыстар. Мұнда еңбек сүйгіштік, патриотизм, адамгершілік, батырлық, мейірбандық, туған елге, жерге, табиғат әсемдігіне деген жүрек жарды сезімдері жырланады. Эстетикалық тәрбие беру жөніндегі тиімді құралдардың бірі ертегі. Олардың түрлері сан алуан, балалардың қиялын, есте сақтау, ойлау қабілетін және тілін дамытуға, музакалық-эстетикалық түсінігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сәндік-қолданбалы өнер. Қазақтың сәндік бейнелеу өнері өзінің көшпенділік өмірінде өсімдіктер және жануарлар әлемін бейнелеумен тығыз байланысты. Халықтың тұрмыстық заттары, киім-кешек алуан түрлі өрнектермен безендірілді. Мысалы: кілемдерде, киізде, ыдыс-аяқтар мен киімдерде, құрал-саймандарда т.б. Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі – сәндік-қолданбалы өнер арқылы балалардың қызығушылығын қалыптастыру, сыйлау, эмоционалдық тәжірибесін қарымқатынасын тереңдету, іс-әрекеттерінде эмоционалдық қатынасын бекіту болып отыр. Халықтың би өнері. Би өнерінің шығу тегін біз, ертедегі бақсылардың қобыз тартып билеп жүріп, ауру адамдарды емдеуімен байланыстырамыз. Және оның музыкамен синкретті түрде байланыса дамып отырғанын дәлелдейміз. Би өнерінің музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі орны ерекше. Би өнері балалардың дене тұлғасының сымбатты қалыптасуын, музыкалық ырғақты нақты сезіне білуін жетілдіреді, әсемдікті, эстетикалық талғамдарын арттырады, мәдениетке деген сезімін оятады.
4. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің шынайылық сипаты, халықтығы, танымдық тәрбиелік маңызы, өмірмен байланыстығы басты ерекшеліктері болды. Қазақ әдебиеті тарихының әлемдік әдебиет процесіндегі орны қалыптасып, мазмұндық және керкемдік жетістіктері айшықтала түсті.
ХХ г. екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудін басты принциптері қарастырылды. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардын манызы мен мәні анықталды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет