Қазақ прозасының жанрлық байлыгы мен стильдік көп қырлылыгы айшықталды. Прозаның гуманистік мазмұнының терендеп, адамның адамгершілік және іскерлік кабілеттерінің суреттелді. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері, тоқырау белгілері, жұмысшы, шаруа образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер прозада ерекше орын алған. Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы кемелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмага дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяга, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Е.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша. Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль аткарган Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезендерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып берілді. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Отызыншы жылдары бастаған «Ана» циклын жетпісінші жылдары «Ұлпан» романымен түйіндеді. XIX ғасырдағы қазақ әйелінің трагедиялы ащы тағдырын Суреттеген бұл романын жазушы 1974 жылы жазып аяқтаған болатын. Романда автор сол қара түнек феодалдық заманда өз ортасынан суырылып шығып жарық 5. Қазақ ұлттық кино өнерінің қалыптасуы мен дамуы (1991–2010 жж.) Мақалада Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы киноөндірісінің даму ерекшеліктеріне талдау жасалған. Сонымен қатар қазақ кинематографиясының даму мəселесі посткеңестік кезеңдегі Орталық Азияның бірқатар мемлекеттерімен салыстырмалы тұрғыда зерттеліп, əлемдік киноөндірістегі орны айқындалған. Авторлар қазақ кино өнерінің даму ерекшеліктерін талдай келе, оның дамуы Ресей, Орталық Азия жəне алыс шетел мемлекеттеріндегі киноөндірісімен байланысты деген қорытындыға келген. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдардағы қазақ киносы бірнеше батыл қадамдар жасады жəне қазіргі таңда дамудың позитивтік жолында деген баға берілген. Соңғы жиырма жыл көлемінде қазақ киносы танымастай өзгерді. Сондықтан да қазақ кинематографиясының тарихын, қалыптасуын, дамуын зерттеу қазіргі заман талабына сай жəне оларды тыңғылықты зерттеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі деп көрсетеді. «Жаңа толқын киносы» кезеңін авторлар шебер талдау арқылы оқырманға жеткізеді. Кеңес үкіметі дəуірінің кезеңі өтіп, жаңа қоғам орнаған тұста кино өнері саласында да жаңа нарықпен қосарлана келген көп жаңалықтың бірі — жеке шығармашылық кинобірлестіктердің құрыла бастауы. Бұл — ұлттық киноөндірісіміздің сапасы мен сандық деңгейіне тікелей əсер етті. 1990 жж. тұсын ұлттық киномыздың əлемдік деңгейге көтерілген аса бір нəтижелі кезеңі ретінде жоғары бағалауға болады. Бұл жылдары «Жаңа толқын» режиссерларының фильмдерінің көпшілігі əлемдік деңгейдегі дəрежелі халықаралық кинофорумдар мен фестивальдарға қатыса бастады. Токио, Сан-Франциско, Турин, Стамбул, Париж, Бонн, София, Пекин, Вена, Брюссель, Будапешт, Карловы Вары, Москва жəне тағы басқа да бірқатар қалаларда қазақ киносының күндері өтті. Əлем біздің киномызды таныды. Көріп қана коймады, аса жоғары бағалап, қазақ киносының өзіндік ерекшеліктерін мойындай бастады. Бельгия, Франция, Австрия, Ұлыбритания сияқты зор қуатты киноиндустриясы бар мемлекеттер ендігі жерде жаңа инвестиция тұрғысынан қазақ киносына бет бұрды. 2001 ж. Нант қаласында (Франция) ұйымдастырылған «Үш континент фестивалінде» қазақ киносының фильмдері бойынша арнайы бағдарлама өтті. Қазақ киносының даму тарихында өндірістік нəтиже (сандық көрсеткіш тұрғысында) жəне киношығармалардың мазмұндык тереңдігі (сапалық көрсеткіші) жағынан да алып қарар болсақ, өрлеу жылдары мен тоқырау кезеңдері үнемі алмасып отырғаны белгілі. Бұл сипат қазақ киносының аталып отырған казіргі жағдайына да тəн құбылыс болып отыр. 1990 жж. тұсында жеке киностудиялардың саны шамамен 30-ға жетті. Бұл киностудиялар мен кинобірлестіктердің экономикалық мүмкіндіктері əзірге тек шағын бюджеттік авторлық фильмдер өндірісі төңірегінде ғана еді, сол себептен де осы жылдары экранға көптеп шығып жатқан фильмдердің біразы аз да болса мемлекет тарапынан да қосымша каржыландырылып отырды. Мемлекеттік қаражат жəне жеке киностудиялар бірлестігі нəтижесінде 1990 ж. 14 көркем туынды экранға шықты (12 фильм жеке киностудиялар үлесінде, ал 2 фильм мемлекет тарапынан қаржыландырылды). 1991 ж. көлемінде экранға 18 көркемсуретті фильм шыққан болса, оның тең жартысы жеке киностудиялардың үлесінде. Бұдан былайғы жылдарда да жеке киностудиялар өндірісі мемлекеттік қаржыландырулармен тепе-теңдікте болды, тіпті кей тұстарда басымырақ болды деуге дəлел бар: 1992 ж. 12 толықметражды көркемсуретті фильмдердің ішінде 10 фильм, ал 1993 ж. экранға шыққан 15 көркемсуретті фильмнің ішінде 13 фильм жеке киностудиялардың үлесінде. Қоғамдағы экономикалық қатынастардың өзгеруі Қазақстан киноөндірісіне тоқырау кезеңін əкелді. 1991–1997 жж. тəуелсіздіктің алғашқы жылдары отандық кинематография үшін маңызды жылдар болды. Бұл ең алдымен посткеңестік комплекстер мен посттоталитарлық синдромдарды құрту кезеңі болды. Бұл кезеңнің картиналарында кеңестік биліктің орнауы туралы шындық айтылған. Көп жылдар бойы ресми кеңестік идеология айтылмаған, ұжымдастыру кезеңіндегі, Ұлы Отан соғысы, сталиндік репрессия жылдарындағы барлық фактілер осы кезеңнің ең жақсы деген тақырыптарында көрініс тапқан. «Суржекей — ангел смерти», «Жизнеописание юного аккордеониста», «Людоед» фильмдерінде Орталық Азия аймағы халықтарының кеңестік замандағы қайғылы жағдайлары бірінші рет көрсетілген. Тарихи əділеттілікті де қайта қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінді. Кеңестік кинематографиялық тарихнаманың жетпіс жылдығынан кейін Қазақстанның кинематографистеріне өздерінің елдері мен аймақтарының тарихындағы маңызды деген тарихи тұлғалары туралы айтуға мүмкіндік туды, сонымен қатар тарихтың өзгерісті кезеңдері туралы айтуға үлкен мүмкіндік туындады. Мұндай міндетті «Гибель Отрара», «Батыр Баян», «Юные годы Абая», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу», «Юность Жамбыла» жəне т.б. фильмдерін құрастырушылар алға қойған еді.