Семинар тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары. Салт, сабақтылық категориясы. Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар



бет1/2
Дата25.03.2023
өлшемі17,71 Kb.
#76152
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
Морфология семинар #10


Жақсыбек Аружан, ҚТӘ-202


Семинар тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары. Салт, сабақтылық категориясы. Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар.


Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
Тілдің грамматикалық жүйесінде сөз таптарының морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке деген құбылыс. Етістік- қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайтын, түбір тұлға және неше тұрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.
Етістік - ең күрделі сөз табы ретінде субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалық, екінші жағынан, таза грамматикапық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында қарастырылып, әр категориялары бір-бірінен грамматикалық және семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. 
Салт, сабақтылық категориясы.
А.Қалыбаева «Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты» атты моно-гафиясында салт, сабақты етістіктер мәселесіне тоқтала келіп, бұл жөнінде автордың «Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты және салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады» - деп айтқан өз сөзінен оның сабақгы және салт етістіктерді лексика-грамматикалық категория қатарына жатқызғаны көрінеді. Осы еңбекте ғалым сабақты және салт етістіктерді лексика-семантикалық және грамматикалық тұтастықга алып қарауды да ұсынады. «Сабақты, салт етістіктердің обьектіні керек ету, етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан баяндауға мүмкіндік береді», - деп есептейді. Салт етістік пен сабақты етістік ғылыми грамматикаларда «табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталып тұратын етістікті сабақты етістік, ал, керісінше, табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталмай, жадағай істің өзін халді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз» - деген анықтама беріліп, салт, сабақтылық категориясы түбір сөзге қатысты екені және бұлардың етіс жұрнақтары арқылы бір-біріне ауысатыны айтылған.
«Салт, сабақты етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады» деген жалпылама анықтама жеткіліксіз, сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1. Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті зат болады.
2.Салт етістік тек субъектіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасалатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады. Оның бірі - субъекті, екіншісі объекті. Сабақ етістік үшін сөйлемде субъектінің аталуынан гөрі қимылға түсетін, қимыл жасайтын обьектінің аталуы өте маңызды.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет