Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі Мақсаты: Студенттерге педагогика ғылымының мәні, мазмұны, және тарихын меңгерту Педагогика ғылымы, оның маңызы
№1 семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі Мақсаты: Студенттерге педагогика ғылымының мәні, мазмұны, және тарихын меңгерту
Педагогика ғылымы, оның маңызы.
Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар.
Әдістемелік нұсқау:Берілген тақырыптың әдебиеттері бойынша 7-10 библиографиялық карточкалар жазыңыз, таңдалған әдебиеттерге өз аннотоцияларыңызды құрастырыңыз.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбие белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.
Халық педагогикасының ролі қоғам, жанұя өмірінде де ерекше. Ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға, әрекеттенуге, өзін-өзі жетілдіруге, ата-ананың парызын орындауға мүмкіндік береді.
Адамның еңбек іс-әрекетінің кеңеюіне байланысты тәрбие обьективті әлеуметтік қажеттілік ретінде пайда болып, ол халық педагогикасында көріне бастайды.
Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім қажет.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Ш.Уәлиханов. Оның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол: "тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, түрмыс құруға үйретеді," - деді. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - халқына қайткенде де білім беру, оқыту, оны дүние тануға жетелеу сондай-ақ бұл мәселелерді реформа арқылы іске асыру еді.
Аса көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889). Ол бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, тәлімгер -ұстаз дайындауға арнаған. Оның негізгі еңбеіктері "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы". Ы.Алтынсарин қазақ жастарына кәсіптік мамандық алуына зор үлесін қосты.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары, қара сөздері педагогикалық ой-пікірге толы. Абайдың көзқарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол... Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін».
«Караңғы қазақ елінің көгіне шығып күн болуды» көксеген ағартушы -педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой -пікірдің өлмес мұрасын қалдырды. Ол өмірді өзгеріуне, адам мінезін қалыптастыруға күш салып, "Ары тазаның жаны таза" деп түйіндеген.
Ы.Алтынсариннің, Абайдың көптеген ізбасарлары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, С.Қожахметов, К.Бержанов болашаққа бай қазынаның бетін ашып, лайықты мағлұматтар бергені сөзсіз.
Ш.Әлжанов педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология мәселелерін сабақтастыра зерттеп, құнды ғылыми ұсыныс жасаған болатын.
Бұлардың барлығы педагогика ғылымына өз ой-пікірлерін қорыта келіп, қазақ даласына оқу-ағарту, тәлім-тәрбие беру мақсатында көптеген ізденіс-жұмыстарын жүргізген болатын.
Болашақта педагогика ғылымы әрмен қарай дамып, мол қазынаға ие болатыны сөзсіз.
№2 семинар тақырыбы: Мектептегі педагогикалық процесс, оның заңдылықтары