Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



бет10/12
Дата20.02.2022
өлшемі49,3 Kb.
#25963
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1 семинар тақырыбы

Педагогиканың объектісі.

Педагогика әунл бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буынна екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамның, ғылыми – білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Ондай өмір, ғылыми елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми әдіснамалық жолдарын қарастырады.

Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңерінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оныың тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында біріңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер редагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді.

Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтен педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамнын өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада тәрбие, білім беру, оқыту жатады.

Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайында да осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.

Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жатаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.

Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығы философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В.И. Ленин. Сондықтан Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.

Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-матерлалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбненің құрамды бөліктері — білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет