Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
Педагогиканы зерттеуде ғалымдар үш тұжырымдама тұрғысынан қарайды.
Бірінші тұжырымдама өкілдерінің айтуынша, педегогика- адам жайындағы білімнің пән аралық саласы. Бірақ бұнда педагогика дербес теориялық ғылым ретінде танылмайды.
Келесі ғылымдар педагогиканың қолданбалы ғылым ретіндегі ролін анықтайды. Онда педегогиканың басты функциясы білім беру мен тәрбиелеу салаларында пайда болатын міндеттерді шешуде басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімді сол жағдайларға бейімдеп қолдану болып табылады.
Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларда педагогиканың өз пәнінің болуын, яғни жеке теориялық білімнің болуын жоққа шығарады. Педагогикадан басқа ғылымдар педагогикалық шындықты тұтастай және арнайы зерттеумен айналыспайды.
Үшінші тұжырымдама бойынша педагогика - жеке зерттеу обьектісі мен пәніне ие дербес ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |